«ЛАЙЫҚТЫ ҚАРТТЫҚ» ЖОБАСЫ
Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қолдауымен, «IZET» қоғамдық қоры "Қызылорда облысында анағұрлым осал топтарды қоса алғанда, жергілікті халыққа экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметтер көрсетуге инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы игілік пен өмір сүру сапасын көтеру" -тақырыбына арналған гранттық жоба аясында «Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесінде «Лайықты қарттық» (Достойная старость) жобасы жүзеге асырылды.
Жоба аясында аталған мекемеге физиотерапиялық кабинетті жабдықтауға жабдықтар алынды.
Жабдықтарды қолданысқа енгізу мақсатында физиотерапиялық кабинетті салтанатты түрде ашылу рәсіміне Қызылорда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтынгүл Итенқызы және Біріккен ұлттар ұйымы Даму бағдарламасының Қызылорда облыстық филиалының менеджері Баян Жақсыбекқызы қатысты.
Физиотерапиялық кабинеттің тиімділігін, пайдасын көрген ардагерлер алғыстарын айтып, батасын берді, ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, жоба аясында «Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында «Методика паспортизации доступности зданий социальной инфраструктуры для людей с инвалидностью» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинар-тренингке Қызылорда облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметкерлері және Мәдениет, Білім, Кәсіпкерлік, Құрылыс басқармаларының қызметкерлері, Үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Семинар-тренингтің мақсаты – Әлеуметтік маңызы бар мекемелердегі пандустың мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықтап, стандартқа сай жасалуын үйрету және осы сала бойынша мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру болып табылды. Ардагерлерді ардақтау, құрметтеу - жастардың парызы. Елімізд е қарттар бақытты өмір сүруге лайық деп есептеймін.