77 ШЕТЕЛ АЗАМАТЫ РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫНАН ШЫҒАРЫЛДЫ
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы құрылымдарының қызметкерлері шетелдіктердің құқықтарын сақтай отырып, олар тарапынан орын алған заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шара көру мақсатында біршама нәтижелі жұмыстар атқаруда.
2014 жылдың 11 ай көлемінде көші-қон полициясы құрылымдарының қызметкерлерімен облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 3073 алыс шетел азаматтары уақытша тіркеуге алынды. Алайда олардың 48-і Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал ТМД мемлекеттерінен 20875 азамат уақытша тіркеуден өтіп, олардың ішінен Қазақстан Республикасына келу-кету, болу тәртібін бұзған 2779 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылып, оның 77 әкімшілік жолмен республика аумағынан шығарылды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР №153-V Заңына сәйкес, еңбекші көшіп келушісіне рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтару қағидасы бойынша, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап барлығы 1214 рұқсат рәсімделді.
Сондай-ақ, қаңтар айынан бастап барлығы 3 836 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды оның 1 903-іне айыппұл салынған. 4 шетелдік азаматқа ӘҚБтК-нің 394-1-бабы, яғни шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның ҚР-да болу қағидаларын бұзу дерегі бойынша 736 азаматқа, ал ӘҚБтК-нің 377-бабы бойынша ҚР-да тіркеусіз және жеке басты куәландыратын құжаттарынсыз тұрғаны үшін әкімшілік шара көрілген. ҚР ӘҚБтК-нің 395-бабы бойынша шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарға тұрғын үй-жай беріп, оларды белгіленген тәртіппен уақтылы тіркеуден өткізуді қамтамасыз етпегені үшін облыс бойынша ҚР-ның 157 азаматқа, ҚР ӘҚБтК-нің 396-бабы бойынша республика төңірегінде шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзуғаны үшін 119 азаматқа әкімшілік шара көрілген.
Мәселен, Қызылорда қаласында заңсыз құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан Өзбекстан Республикасының 11 азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 394-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданып, сот қаулысымен кінәлі деп танылды. Ал, жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдіктердің еңбегін пайдаланып, Қазақстан Республикасының шетелдіктің жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны үшін үйдің егесіне ҚР ӘҚБтК-нің 396-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, 55560 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілген.
Аталған жұмыстар әрі қарай өз жалғасын тауып, осы бағыттағы жұмыстар нәтижелі атқарылатын болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі