МЕРЕКЕЛІК ДАСТАРХАНҒА АРНАЛҒАН СЫЙЛЫҚТАР
Ауылдардағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік пакеттерді тапсыру үшін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ өкілдері Тереңөзек, Жалағаш және Жосалы қыстақтарына барып қайтты. Осылайша облыстық орталықта басталған дәстүрлі қайырымдылық акциясы жалғасын тапты.
Біздің оқырмандардың есіне салып өтейік, осыдан бұрын азық-түлік пакеттері Қызылорда қаласында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға және компанияның ардагерлеріне таратып берілген. Салтанатты тапсыру рәсімі «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ спорт кешенінде өтті. Азық-түлік пакетіне әр отбасына аса маңызды азық-түліктер кірді. Олар: 25 килограммнан ұн, күріш, қант, 2 килограмм үнді шайы, 5 литр өсімдік майы, 10 килограмм түтік кеспелер. Компаниядан азық-түлік пакеттерін алған аудан тұрғындары үшін күріштің орнына шай мен түтік кеспелер қосып берілді.
Қайырымдылық акциясы 10 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Осы жолы азық-түлік пакеттері облыстың 400 тұрғынына арналды. Олар әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдері арқылы аз қамтамасыз етілген отбасыларына, мүгедектерге, ҮЕҰ-ға таратып беріледі. Акция жылына екі рет – Наурыз және Жаңа жыл мерекелеріне орай өткізіліп тұрады.
Маршрут бойынша бірінші болған Сырдария ауданының Тереңөзек қыстағы. Аудандық маслихаттың алдына аудандық жұмыспен қамту бөлімі ұсынған тізімге сәйкес мекенжайлық алушылар жиналды. Және де осы көмек арналған адамдар сол үшін өте риза болды. Себебі олар үшін бұл елеулі көмек.
- Осындай көмектің біздер үшін қаншалықты орынды болғанын білсеңіз ғой, - дейді азық-түлік пакеттін алушылардың бірі – қыстақтың тұрғыны Елена Голобородько. – Менің жеті балам бар. Үлкенім 16 жаста, кіші балам үш жаста. Күйеуім болса мүгедек. Өзім тубдиспансерде жарты ставкамен санитар болып жұмыс істеймін. Әрине, ақшамыз да көп емес. Ал мұнда қаншама қажетті азық-түліктер. Компанияның басшылығына біздікіндей сияқты отбасыларына қамқорлығы үшін үлкен рақметімді айтамын. Мереке қарсаңында компанияның қызметкерлеріне денсаулық пен бақыт, ал компанияға өркендуін тілегім келеді.
Жалағаш қыстағы келесі межелі жеткізу пункті болып табылды, мұнда компанияның өкілдерін көңілді әрі мерекелі түрде қарсы алды. Аудандық қосымша білім беру орталығының акт залында компаниядан азық-түлік сыйлықтары арналған адамдар жиналған еді. Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Қаншагүл Мустафаева «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының Жалағаш ауданындағы қайырымдылық қызметі туралы, осындай мерекелік сыйлықтардың дәстүрлі болғаны және олар үшін адамдардың риза болатындығы туралы қысқаша айтып берді.
Содан кейін «ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлім басшысы Хусаин Газизович Сәрсембаев сөз сөйледі.
- Біздің компания бірнеше жылдан бері аз қамтамасыз етілген отбасылар санатына жататын отбасыларына, балаларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге мекенжайлық көмек көрсетіп келе жатыр, - деді ол өз сөзінде. - Компания, әлеуметтік-жауапты бола тұра, Қызылорда облысының әлеуметтік саласын дамытуға, сондай-ақ қайырымдылық және демеушілік акцияларына белсенді қатысып отырады.
Сонымен қатар ол барлық жиналғандарды келе жатқан мерекелермен құттықтады. Қосымша білім беру орталығына баратын оқушылар алғыс ретінде шағын концерт дайындаған екен.
Содан соң сыйлықтарды тапсыру кезегі келіп қалды. Осындай қамқорлықпен және ықылыспен көңілі босаған бір қарт әйел көз жасына ерік берді.
Қуаныштан көз жасын ұстай алса да, Жалағаш тұрғыны Әсел Рахметованың компанияның басшылығына деген алғысы шексіз болды.
- Мен осындай азық-түлік пакетін екінші рет алып тұрмын, - деп баяндады ол. – Сол үшін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясына ризашылығымды білдіремін. Жолдасым екеуіміз төрт баланы тәрбиелеудеміз. Жолдасым мерзімге қарай табыс табады, ал қыста тұрақты табысымыз жоқ. Мен өзім жұмыс істемеймін, себебі жақында туберкулезбен ауырып шықтым. Білімім жоғары, Алматыда оқығанмын. Мамандық бойынша экономистпін, бірақ жұмыс табу қиын, дегенмен үмітімді үзбеймін. Ал әзірше демеушілік көмек пен әлеуметтік жәрдемақының арқасында күнімізді көріп отырмыз. Компанияның басшылығына үлкен рақметімді айтамын.
Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Құттымбетова ауданда 80 отбасы аз қамтамасыз етілген отбасы болып есептелетінін айтып берді.
- Жыл сайын демеушілік көмек өсіп келетінін атап өткім келеді, - деп хабарлады ол. – Бүгін 30 азық-түлік пакеттерін біздің бұрынғы демеушілеріміз - «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының өкілдері тапсырды, ал тағы 30-ын біздің ауданның 23 мекемесі жинап берді. Адамдардың осыншама мейірімді әрі қайырымды болуы тамаша емес пе, осыған оларды шабыттандырған «ПҚҚР» компаниясының үлгісі болғаны әбден мүмкін. «Кең болсаң, кем болмайсын» деген ұлы сөз бар!
Қайырымдылық маршрутының ақырғы пункті Қармақшы ауданының Жосалы қыстағы болды. Мұнда азық-түлік пакеттерін тапсыру рәсімі Мәдениет үйінің фойесінде өтті. Адамдар сыйлықтарды алғыс сөздерімен және мұнайшыларға деген ізгі тілектермен қабылдады. Азық-түлік пакеттерін түсіруге қатысқан сыйлықтар арналған жандар ғана емес. Адамдар салмақты сыйлықтарды үйіне дейін жеткізуге бір-біріне көршілікпен көмектесті. Сол күні осында досымен келген бір әйел айтқандай: «Біз барлығымыз мұнда не көршіміз не туысқанбыз. Әрине сыйлық барлығына жетпейді, бірақ біз көршілерше бөлісеміз және барлығы үшін мереке болады. Мейірімді жандарға рахмет!»