ҚАЗАҚТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК
Бірер күндерден соң жерінің асты сарқылмас байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 23 жылдығын зор салтанатпен атап өткелі отыр. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан елімізді қазірде бүкіл әлем мойындайды. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті.
Алаштың айбынын асырып, ата-баба армандаған күнге жетіп, жасампаздықтың даңғыл жолына түскенімізге аз ғана мерзім болса да, мемлекеттілікті қалыптастырудың үлкен үлгісі артта қалып, жаңа Қазақстан тарихының айқын беттері ашылды. Осыдан 23 жыл бұрын Қазақстан халқының тәуелсіздігі арқасында әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекет - Қазақстан Республикасы пайда болды. Содан бастап тамыры тереңге тартқан баба тарихына бай, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін мәдени мұрасы мол, жаңашылдыққа ұмтылатын экономикалық және рухани әлеуеті зор Қазақ елі әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болып, өркениеттік дамуға өз үлесін қосып келеді. Ал, Қазақстанның бүгінгі жетістігі – тұтастай қазақ халқының жетістігі.
Сондықтан да, өткен ғасырдың 1991 жылғы 16 желтоқсанында Президент Н.Ә.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық Заңынан бастау алған тәуелсіздігіміздің әрбір жылындағы жалынды істер туралы кешегі жүрген тарихымызға тағы бір үңіліп шығу, Тәуелсіздікке тәу етумен бірдей.
Қазақстанның негізін қалаушы, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту арқылы бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болды. Мемлекет басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиын¬дықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу және өркендеу даңғылына шықты.
Тұңғыш Президент сайлауы арқылы қазақ халқы өз басшысының бұрынғыдай орталықтан әкелініп тағайындалмайтынын сезінді. Мемлекеттің тізгіні өз қолымызға көше бастағанын айқын аңғардық. Ал жаһандық деңгейдегі бастаманы алатын болсақ, тұңғыш рет Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Бұл нағыз батыл түрде жүзеге асқан тарихи бастамалар болатын. Бұдан басқа да ел ішіндегі, халықаралық деңгейдегі беделді бастамалар жеткілікті. Мысалы, Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті. Астана өз жеңісі арқылы ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізу мүмкіндігіне ие болды. Бұл да ТМД елдері мен Орталық Азия аймағында өтетін тұңғыш халықаралық шара болмақ.
1995 жылғы Конституцияның қабылдануы еліміздің құқықтық іргетасын қалауда да, мемлекеттіктің одан әрі дамып қалыптасуында да зор маңызға ие болды. Жаңа Конституция президенттік билікті бекітіп, оны биліктің басқа тармақтарынан ажыратты. Сот билігі халықтың Конституциямыздағы, заңнамалар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, заңды тұлғалар мен басқа да ұйымдардың жұмыстарында заң үстемдігін қамтамасыз етуде елеулі рөл атқарып келеді.
25 желтоқсан 2000 жылы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңның қабылдануы ұлттық сот жүйесіндегі тарихи елеулі оқиға болды. Егемен еліміздің тәуелсіз сот жүйесін жетілдіруде аталмыш заң, ғасыр жүгін арқалады десек, асыра айтқандық емес. Осы уақыт аралығында мамандандырылған соттар құрылды, үш сатылы сот жүйесі жұмыс істей бастады. Бұдан өзге де сот саласында атқарылған шаралардың барлығы еліміздің тәуелсіздігін нығайту мен ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталып отыр.
Біздің экономикалық жетістігіміз де көптеген елді тәнті етіп жатыр. Даму қарқыны жағынан әлемнің үштігіне ендік. ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында Елбасы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру туралы межені белгілеп еді. Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингіне сәйкес, біз бәсекелі елуліктің табалдырығына шығып, бұл межені де өзіміз болжаған мерзімінен бұрын еңсеріп келеміз. Дәл осындай даму адуынына ТМД кеңістігіндегі елдердің ешқайсысы қол жеткізген емес. Дегенмен осынау жетістіктердің баршасы уақытша болмауы шарт. Тәуелсіздікті жариялап, орнықты ету оңай емес, ал оны мәңгілік баянды етіп ұстап тұру одан да қиын шаруа екенін Елбасы ұдайы еске салып та жүр.
Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күнінде еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Ең бастысы рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялап, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтап, әлемдік сахналарға көтеріле берейік!
Ерден БОРАНБАЕВ,
Қызылорда облыстық сотының
кеңсе басшысының орынбасары