АЛАЯҚТЫҚ: кінәні банктерге артамыз ба?
Соңғы уақытта елімізде белең алған алаяқтық қылмысы мен оның алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралар жөніндегі сұрақтарға «Кызылорда ньюс» интернет газетінің интернет-конференциясында Қызылорда қалалық ІІБ-ның бастығы, полиция полковнигі Ғани Сүлейменов, облыстық ІІД-нің криминалды полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция полковнигі Азамат Палманов жауап берді.
Сұрақ: Ғани Аманбекұлы, еліміздегі алаяқтық мәселесінің ақиқатын айтып берсеңіз. Бұл, әсіресе, қатардағы қарапайым азаматтардың үрейін туғызып отыр...
Жауап: Иә, шынымен де. Биыл алты айдың ішінде аймағымызда 580 алаяқтық дерегі тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 64-ке, яғни 12,4 пайызға көбейген. Дүние-мүлікті жымқырудың алдында тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық нарығы әлі де осалдық танытып тұр. Осылайша заңды және жеке тұлғалар моральдық және материалдық шығынға батуда.
Сұрақ: Ғани Аманбекұлы, құқықтық тұрғыда алаяқтық дегеніміз не, осы жағын ашып айтсаңыз.
Жауап: Қылмыстық кодекстің 177-бабына сүйенсек, алаяқтық – сенімге кіру арқылы бөтен мүлікті алдап алып, иемдену. Алаяқтың орташа ауырлықтағы санкциясы – бес жылға дейінгі мерзімге, ауыр санаттағы санкциясы бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге дейін бас бостандығынан айыру боп белгіленген.
Сұрақ: Ғани Аманбекұлы, облыс орталығында тіркеліп жатқан қылмыстардың жасалу жолдары, алаяқтардың қылмыстық әрекеттері жөнінде бірер ауыз...
Жауап: Алаяқтар көбіне сенімге кіру тәсілін пайдаланады. Халыққа табысын растамай-ақ несие алып беруді ұсынады. Мұндай хабарландырулар газеттерде, өзге ақпарат құралдарында жарияланады. Олар құжаттарыңызды алып, сосын сізден жалпы соманың 5-10 пайызын сұрайды. Адамдар бұған сеніп, сұраған ақшасын қолдарына ұстата салады. Ақша мен құжаттардың көшірмесін алғаннан кейін олар көзден ғайып болады. Байланыс нөмірлерін ауыстырады, тұрғылықты орындарынан көшеді. Құрбандары бұл туралы ұмытқаннан кейін бір жылдан соң құжаттарды қайтадан іске қосады. Олар несие алып, ақшаны иемденеді. Біршама уақыттан кейін клиентке банктен ескерту хат келіп, несие төлеп тұрғаннан басқа амалы қалмайды.
Сұрақ: Ендеше, кінәні банктерден іздеу керек шығар. Олар жөн-жосықсыз несиені қалай береді?
Жауап: Мұның бәріне, ең алдымен, оңай жолмен несие алғысы келетін азаматтардың өздері кінәлі. Себебі табысты растамастан, несие беретін мекеменің арғы жағында не жасырынып жатқаны белгілі ғой. Құжаттарын өзі жақсы танымайтын адамдардың қолдарына ұстата салады. Өйтпес бұрын оның қандай фирма немесе жеке тұлға екенін жіті тексеріп алуы тиіс.

Сұрақ: Азамат Құлақметұлы, әлгінде қылмыстардың ауыр және орташа болатыны айтылды. Бұл қалай сонда?
Жауап: Екі жылға дейінгі бұлтартпау шарасы қолданылса, бұл онша ауыр емес қылмыстар болғаны. Үш жылға дейін – орташа ауырлықтағы, бес жылдан бастап ауыр санаттағы қылмыстар қатарына жатады. Әрине, қай жаза да жәбірленушіге келтірілген шығынға және соммаға байланысты қолданылады.
Сұрақ: Азамат Құлақметұлы, әккі адамдардың торына түсіп қалуға бейім жандарға қандай кеңес бересіз?
Жауап: Қарапайым тіршілікте «арзан бағамен мемлекеттік бағдарлама арқылы көпқабатты жаңа үйлердің бірінен пәтер алып беремін», «жақыныңды қалаған оқу орнына немесе жұмысқа тұрғызамын», «қысқа мерзімде үй-жай тұрғызып беремін», сондай-ақ «арзан бағамен пәтер, көлік сатамын» деп, қарапайым халықтың қыруар ақшасын жымқырып, тақырға отрығызатын алаяқтар көп кездеседі. Бұл тұста тек алаяқтар туралы ғана емес, кей азаматтардың жеңіл пайда табуға, мәселені шешудің оңай жолын іздеуге бейімділігін, құқықтық сауаты төмендігін де айтуымыз керек. Ондай кісілерді алдап түсіру оңай. Сондықтан Қызылорда облысының ішкі істер департаменті облыс тұрғындарына ұқыпты болу, жоғары кепілдік кірісі туралы кездейсоқ уәдеге сенбеу, ақша және басқа да бағалы заттар мен мүлікті күмәнді адамдарға немесе компанияларға тапсырмау керектігін ескертеді. Ал алаяқтық фактілері тіркелген жағдайда тез арада полицияға хабарласу қажет.