ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ АЙҚЫН КЕПІЛІ
Отанымыздың қуатты да табысты мемлекетке айналғанына президентіміздің жолдауларының қосқан үлесі орасан.
Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты тарихи Жолдауында еліміздің жақын келешектегі даму бағытын айқындап берді.
Осыдан бұрын жолдаған Жолдаулары¬нда да Нұрсұлтан Әбішұлы уақыттың сипатын дәл анықтауымен және болашақты алдын ала көре білуімен ерекшеленген еді. Біз Жолдауларда көрсетілген жолмен жүріп келеміз.
Бұл жолғы Жолдауда санамызды сілкіп, алдағы уақытқа талпындырды, болашаққа деген сенімді нығайтты. Елбасы Жолдауы әрқашан еліміз үшін маңызды мәселелерді қамтып келеді.
Ұлт көшбасшысының Жолдауларын жарқын болашақты айқындайтын бағыт деп айтуға әбден болады. Мәселен, 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауда Парламентке 4 жаңа кодексті, атап айтқанда қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық, қылмыстық-орындаушылық және әкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодекстерді әзірлеп, енгізу керектігі баса айтылған болатын. Сондай-ақ, Елбасы «қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізу заңнамаларын реформалауды бастау керек. Ілгері ізгілендіруге, оның ішінде, экономикалық құқық бұзушылықты қылмыссыздандыруға маңыз беру керек, онсыз жемқорлықты түбірімен жою жөніндегі міндеттерді шеше алмаймыз» деген сөздері өз шешімін тапты деуге толық негіз бар.
Жолдаудың нәтижесі деген осы, биыл міне, осы аталмыш заң жобаларына қол қойылып, алдағы жылдың басынан бастап қолданысқа енгізіледі деп күтілуде. Уақыт талабына сай өзгертілген жаңа кодекстердің сот саласына қосар үлесі зор.
Өйткені заң елдегі құқықтық түйткілдерді шешуге пәрменді болуы керек. Осы тұрғыда алғанда жаңа кодекстер өзіне жүктелген міндетті мінсіз орындайтынына шүбә жоқ.
Елбасының «бұл өзекті заң актілерінің қабылдануы қылмыстық сот ісін жүргізуді және қылмысқа қарсы мемлекеттің күрес саясатын тұжырымдық тұрғыдан жаңғыртады, біздің құқықтарымызды қазіргі сын-қатерлерге өз дәрежесінде әрекет жасайтындай деңгейге көтереді» деген сөздерінің сот саласы үшін маңызды зор.
Сондай-ақ, 2014 жылдың 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс» - деген болатын.
Ал, күні кешегі Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы әлемдік экономикалық ахуалдан туған азаматтарымыздың көкейлеріндегі сұрақтарға нақты жауап болды. Президент алдағы жылдарды жан-жақты экономикалық сараптай отырып, негізгі бағыттарды айқындап, Жаңа Экономикалық Саясатты жариялады. Сонымен қатар, экономиканы дамытуды жаңа сыртқы тәуекелдерді есепке ала отырып, іскерлік, белсенділік пен жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін жаңа бастамалар қажеттігін атап өтті. Аталмыш жолдаудағы көтерілген көліктік – логисталық инфрақұрылымдар, индустриялық инфрақұрылымдар, энергетикалық инфрақұрылымдар, ТКШ, су және жылу мен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарды жаңғарту, тұрғын үй инфрақұрылымдарын, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау бүгінгі күн талабынан туындаған өзекті мәселелер. Жолдаудағы баса айтылған нәрсе - Ұлттық қор қаражатының жұмсалуы. Президенттің жыл басында, алдын ала хабарланып жасайтын дәстүрлі Жолдауы биыл ерте жарияланған себебі де осы дағдарыстың алдын алу. Ұлттық қордан бөлінетін қаржының негізінен жұмыс орындарының ашылуына, тұрғын-үй, балабақша, жол салу және тағы да басқа әлеуметтік мақсаттарға жұмсалуына баса назар аударуды тапсырды.
Осы жылғы Жолдауда экономикалық мәселелер басты маңызға ие болғаныменен, Президентіміз еліміздің рухани-мәдени мәселелерін де атап айтты. «Мәңгілік ел» идеясының қазақстандықтар үшін маңыздылығын толығымен түсіндіріп, талдап, тарқатып өтті. 2015 жылы Қазақ хандығының 550-жылдығы өтетіндігі, сондай-ақ, Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70-жылдығы барша қазақстандықтар үшін аса маңызды іс-шара болып табылатындығын жеткізді.
«Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған Тоныкөк абыздың сөзін бағдар еткен Елбасы Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің басты кілті - бірлік, берекесі екенін айтып өтті. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етіп, ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болуға, баршамызды «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруға шақырды.
Жолдаудан кейінгі түйінді ойды Елбасы сөзімен айтқанда Жалпыұлттық идея – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырып, қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгу керек. Бұл біздің міндет және жауапкершілік.
Президенттің 2014 жылдың 11 қарашадағы Жолдауы қаншалықты қарқынды және күтпеген жерден болса, атқарылатын жұмыстардың соншалықты маңыздылығын, жылдам, нәтижелі орындалуы керектігін көрсетіп отыр.
Е.ҚАРАБАЕВ,
Қызылорда облыстық сотының
апелляциялық сот алқасының төрағасы