ҚЫЛМЫСТЫҢ СОҢЫ ЖАЗА
Соңғы кездері елімізде алаяқтық сатысындағы қылмыстар азаймай отыр. Сараптау жұмыстары көрсеткендей, алаяқтық қылмыстарды жасаушылардың көпшілігі әйел адамдар екен. Әккілердің құрығына түсетіндердің қатарын да нәзік жандылар құрайды. Олардың көбісі әлеуметтік жағдайларды түзеп беруге, атап айтқанда, жұмысқа орналастыруға, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындауға, жеңілдетілген пайызбен несие алып беруге, жер немесе пәтер алу жұмыстарына көмектесуге уәде етеді.
Алаяқтар пайдакүнемдікті ойлап, бөтеннің мүлкі есебінен заңсыз «олжа» табу мақсатын көздейді. Олардың негізгі ұстанатын қағидасы –адамдарды алдай отырып, өзіне ақша, мүлік, басқадай құнды заттарды ерікті түрде иелену болып табылады. Олар өз іс-әрекетін алдын ала тізбектелген жоспар арқылы жүзеге асырады. Кейде олар, топ болып әрекет етуі мүмкін.
Өткен жылдың 11 айында Қызылорда қаласында 885 алаяқтық қылмысы тіркелсе, биыл 2014 жылы 806 қылмыс тіркеліп, 8,9 пайызға төмендегенін көрсетіп отыр. Алайда, осы санаттағы қылмыстар әлі де толастар емес.
Мәселен, Қызылорда облысында 1989 жылы туылған азаматша А.А. өзін облыстық Оқу орталығында әдіскер қызметін атқаратындығы туралы жалған айтып, қала тұрғыны азаматша Ж.Г-мен танысып, онымен жақсы араласып кетеді.
Әңгіме барысында барлық жерде таныстары бар екенін, кез келген оқу орнына және кез келген жұмысқа орналастыра алатындығы туралы жалған айтып сеніміне кіреді. Осыдан кейін жәбірленушіні қаладағы бір университетке бастауыш мамандығы бойынша сырттай оқу орнына түсіріп беремін деп 420 мың теңге ақшасын қолма-қол алып, өз пайдасына жаратқаны анықталды.
Аталған дерек бойынша тергеу барысында сезікті азаматша А.А. осындай тәсілмен тағы да 3 азаматшаны алдап, олардан ірі мөлшерде ақша алғандығы анықталды.
Қылмыстың соңы жаза дегендей сезікті азаматша А.А құрықталып, оның үстінен ҚР ҚК 177-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Осындай "бойы бұлғаң, сөзі-жылмаң” адамдардан сақ болып, тек заң шеңберінде тірлік жасаған азаматтар мұндай келеңсіз оқиғаға тап болмасы анық.
Қызылорда ҚІІБ баспасөз қызметі