РЕКОРДТЫҚ ДӨҢМАҢДАЙЛАР
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының басшылығы тек өндірістік қуаттарға ғана емес, сонымен бірге, ең алдымен, сол сияқты өз қызметкерлеріне лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау мен демалып тынығуын ұйымдастыру жағына да жіті көңіл бөліп келеді.
Құмкөл және Арысқұм кеніштерінде, сондай-ақ ПетроҚазақстан спорт кешенінің базасында компания қызметкерлері үшін шағын футболдан, волейболдан, баскетболдан, үлкен теннистен, үстел теннисінен, шахматтан, бадминтоннан және спорттың өзге де түрлерінен әр алуан іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Компания қызметкерлерінің балалары да назардан тыс қалмайды, олар үшін конкурстар мен көрмелер, таэквондодан, үлкен теннистен, биден турнирлер өткізіледі. Дегенмен бұл тұрғыда, мұнайшылар үшін ең танымал әрі сүйікті шұғылданатын іс балық аулау бойынша өтетін жарыстар болып қала береді. Оның үстіне бұл жарыстар тек қана жазда емес, қыста да өткізіліп тұрады.
Спорттық сипаттағы балық аулауды өткізу идеясы «ПҚҚР» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жүргізу бөліміне тиесілі деп айтсақ абзал болғандай.
- Мұнай компанияларының арасында мұндай балық аулау демалысы тек біздің компанияда ғана қолға алынған, - дейді өз әңгімесінде «ПҚҚР» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жүргізу бөлімінің менеджері Хұсайын Сәрсембаев. – Компания басшылығы кім жақсы еңбек етсе, сол пайдасын көріп, ләззатқа бөленіп тынығуға тиіс деп санайды. Жыл өткен сайын балық аулау шарасы мұнайшылар үшін бұрынғыдан да танымал бола түсуде – қатысушылардың саны, соның ішінде – қыздардан құралған командалардың саны да артып келеді.
Жарыстардың қағидасы өте қарапайым. Құрамы үш қатысушы-балықшыдан құралған әр команда арнайы белгіленген уақыт ішінде балықты көбірек аулауға тиіс. Қорытынды нәтижесі жалпы салмақ бойынша бағаланады. Сонымен бірге балықшылардың әрқайсысына саны екіден аспайтын қармақтарды (спиннингтерді) пайдалануға рұқсат етілген.
Үстіміздегі жылы жазғы балық аулау Әйтек гидроторабының жанындағы су айдынында болып өтті. Оған қатысуға 20-ға жуық команда өтінім тапсырды. Бастауға белгі берілді, және желбезектілерді аулаушылар балық үйездейтін орындарды іздестіру қамымен су айдынын жағалай жан-жаққа бытырап кетті. Біреулері қамыс қопасының арасындағы орынды, екіншілері – ашық алаңқайларды, үшіншілері – аулау орны ретінде Сырдарияны қолайлады.
Балықшы-мұнайшылардың жарыстарға тыңғылықты дайындалғаны байқалып-ақ тұрды. Балық аулау үшін олар үйден алып келген дайындамаларын - алдын ала әзірленген әйтеуір қармаққа ілуге жарайтын жемнің барлық түрін – жауын құраттарын, жүгеріні, хош иістендірілген нанның жұмсағын, белсендірілген қоспаларды, кесілген ет тілімдерін, және, тіпті сиырдың бауырын да пайдаланды.
Белгіленген сағаттар зымырап өте шықты, және ұйымдастыру комитеті жұртты бір орынға жиналуға шақырды - қорытындыларды шығару сәті де басталып кетті. Ауланған олжаларды салмақтау барысында жүлдегер командалар анықталып жатты. Үшінші орын үшін берілетін жүлдені «БигФишТим» командасының балықшылары иеленді. Олардың олжасы 3 килограммды және 5 граммды құрады. Бар болғаны 150 граммға артық балықтарды «Солтүстік Нұралы» командасынан қатысқан компания қызметкерлері аулаған екен, олар жеңістің екінші тұғырына көтерілді. Ал жарыстардың жеңімпазы әрі бас жүлделердің иесі болып «Клевая команда» деп аталатын команда танылды. Олардың аулаған олжасының салмағы 6 кг 670 гр. тартты. Сөзсіз жеңіс!
Марапаттау рәсімін «ПҚҚР» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Цинь Хунвэй жүргізіп, жарыста дара шыққандарға лайықты жүлделерді табыс етті. Жеңімпаздардың еншісіне - DVD-күйтабақ ойнатқыштары, күміс жүлдегерлерге сандық фотоаппараттар бұйырса, ал үшінші орын алған балықшыларға шаңсорғыштар тапсырылды.
«Ең үлкен балық үшін» аталымына ұйымдастыру комитеті «ПҚҚР» АҚ-ның қызметкері салмағы 4 кг.-ға жуық дөңмаңдай ұстаған Еркін Тобашевты лайықты деп тапты. Оған сэндвичница тағам пісіретін ыдыс құралы табыс етілді. Аңғара білген адамға қармақпен мұндай ірі дөңмаңдайды ұстау ерекше сирек кездесетін әрі үлкен олжа болып есептеледі.
Ал «Ең кішкентай балық» үшін берілетін марапат – шай жабдықтарының жиынтығы - «ҚазГерМұнай» компаниясынан келген Лю Сиелиге тапсырылды.
- Сыйлық үшін рахмет! Үлкен балық ұстаймын деп ойлаған едім, бірақ ең кішкентайы үшін берілетін жүлдемен аталып өтілдім, - деп рахметін айтты Лю Сиели. – Табиғат аясында өткен өзіндік мейрамды ұйымдастырушыларға алғысымды білдіріп, компанияға өсіп-өркендеу жолын, ал бүкіл әріптес-мұнайшыларға табыстар мен бар жақсыны тілеймін.
– Биыл бізде жаңалық болып жатыр – жарыстардың өткізілу тарихында алғаш рет компания «Русалки с «Вахта-ЦОРК» әйелдер командасының мүшелерін марапаттады, - деген болатын ПҚҚР» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жүргізу бөлімінің бас маманы Ақтолқын Сұлтангереева. - Балық аулаушы қыздарға қазіргі заманғы әйелге қажетті ерекше дүниелер – шашқа арналған фен бұйымдары табыс етілді. Сондай-ақ компания басшылығы аталған шараны ұйымдастыруда көрсеткен көмектері үшін «Қазсушар» РМК Қызылорда облыстық филиалының директоры Болат Арыстанбаевқа және мұнайшыларға жеке су айдынын ілтипатпен ұсынған қызылордалық Сәуле Басалхаеваға алғыс айтты.
Өзіңіз айтыңызшы, қандай балық аулау тіл үйірер балық сорпасынсыз өтпек? Марапаттау рәсімінен кейін белсенді тынығу шарасының барлық қатысушылары дастарқанға шақырылды, олар ас үстінде алыстан иісі аңқыған балықтың жас сорпасының дәмін татты.
Осындай жарыстарда жеңілуші жақ деген ұғым болмақ емес. Дастарқан басында әлгінде бір-біріне қарсылас ретінде сайысқан достар балық аулаудың жай-жапсарын жарыса айтып, қызықтары әзір бітіп болмайтын балық жөніндегі тақырыптарды қызу талқылап жатты. Ал бұл талқылаудың басты арқауы салмағы бойынша рекорд саналатын дөңмаңдай балық еді. Олжа деп осыны айт!!!
Кейбір қатысушылар алда болатын қысқы мезгілдегі – соңғы балық аулау маусымында «есе қайтаруға» ойша дайындалып та қойды. Мүмкін келесіде сәтін салып қалар, кім білсін?
Айдос ӘБСАТ.
Фото Андрей ТАЙГУНОВТІКІ.