ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
«жаңа қабылданған қылмыстық кодекстің кәмелетке толмағандардың қылмыстық істеріне қатысты ерекшеліктері»
Қазақстан Республикасы 1994 жылы БҰҰ-ның «Бала құқығы туралы» Конвенциясын ратификациялады. Осы уақытан бастап Қазақстан Республикасы балаларды қорғауға арналған халықаралық құқықтың негізгі ережелерін қолданыстағы заңнамаға енгізу жөнінде шын мәнінде үлкен істерді жүзеге асырды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясатының Тұжырымдамасында» айтылғандай: «…ювеналдық соттар елде құрылып жатқан ювеналдық юстиция жүйесінің орталық буынына айналуы тиіс».
Еліміз заңнамасының құрамына тиісті халықаралық құжаттардың едәуір бөлігі енгізілген. Қазіргі заманғы кәмелетке толмағандардың қылмыстары жөніндегі қылмыстық ісін жүргізу тұтастай алғанда БҰҰ-ның 1989 ж. 20 қарашадағы бала құқығы туралы Конвенциясында, 1985 ж. 29 қарашадағы кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігін жүзеге асыруға қатысты БҰҰ-ның Минималдық стандарттарында (Пекин ережелері) тұжырымдалған халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларына сәйкестелген. Пекин ережелеріне сәйкес: «ықпал ету шаралары әрдайым құқық бұзушылықтың мән-жайлары мен ауырлығына ғана есептеліп қоймай, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың жағдайы мен мұқтаждықтарына және де қоғам қажеттіліктеріне сай келуі тиіс».
Дәл осы ереже құқықтық нормаларды қолдану кезіндегі даулы мәселелер туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысына түсініктеме береді. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 ж. 11 сәуірде қабылдаған «Кәмелетке толмағандар қылмыстары және оларды қылмыстық немесе өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерге тарту туралы істер жөніндегі сот практикасы жөніндегі» №6 нормативтік қаулысында қарастырылған. «…Соттар кәмелетке толмағандар істері бойынша сот жүргізу ісінің заңмен белгіленген тәртібін қатаң ұстануы, көрсетілген категориядағы істерді өз уақытында және сапалы түрде қарау қажеттілігіне баса назар аударады».
«Қазіргі уақытта Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі іс-әрекеттерге деген көзқарас түбегейлі өзгерді, балалар құқығын қорғау, олардың қараусыздығы мен құқықбұзушылықтарының алдын алу жүйесі жұмыс істейді. Алайда, осыған қарамастан, балалар мен жасөспірімдер қылмыстылығы ахуалына жасалған талдау алдын алу саласында да, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде де бірқатар қосымша шаралар қолдану қажеттілігін дәлелдейді. Балаларға қатысты әлеуметтік саясаттың ең өзекті және қажет бағыттарының бірі Қазақстанда ювеналдық юстиция жүйесін қалыптастыру және дамыту болып табылады».
Кәмелетке толмағандармен жұмыс істей отырып, мемлекеттік органдар қызметкерлері келешек ұрпақтың алдында өздерінің жауапкершілік арқалайтынын үнемі есте ұстауға міндетті, өйткені олар біздің қоғамымыздың ең нәзік буыны болып табылады және олар түрлі әлеуметтік тетіктердің көмегі арқылы қорғауға мұқтаж.
Жаңа Қылмыстық кодекі Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралармен көзделген. Қылмыстық кодексте Жалпы және Ерекше бөліктерге бөлулер сақталған.
Қылмыстық Кодекс міндеттері оның Тұжырымдамасына сәйкес қалыптасқан қоғамдық қатынастарды трансформациялау қырынан қылмыстық-құқықтық қорғаудың пәрменді тетіктерін жаңғырту қажеттілігімен және жеке басты, қоғамды және мемлекетті балама қорғауды қамтамасыз ету үшін айқындалды.
Қылмыстық Кодекс барлығы 467-баптан тұрады. Қылмыстардан ғана емес, соның ішінде қылмыстық теріс қылықтардан, соның ішінде қоғамдық қауіптілік дәрежесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың «тіркесіндегі» теріс қылықтардан тұратын қылмыстық жазаланатын әрекеттердің екі буынды жүйесі көзделген.
Бұл ретте, қылмыстық теріс қылықтар үшін жазалардың жеткілікті кең спектрі көзделген. Бұл қылмыстармен және оларға тектес теріс қылықтардың алдын-алуды күшейтеді, олардың қоғамдық қауіптілігінің деңгейін, тиісінше жазалардың ара-жігін неғұрлым анық ажырататын болады.
Барлығы 171 қылмыстық теріс қылық көзделген, олардың 58-і ӘҚБК құрамынан, 9-ы жаңа, 104-і онша ауыр емес қылмыстардың қолданыстағы құрамынан қарастырылған. Теріс қылықтар үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделмеген. Ең бастысы ірі ақшалай айыппұлдар салу, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі бас бостандығынан айыруға балама шараларды неғұрлым кең қолдануға аса назар аударылған.
Қылмыстар жасағаны үшін санкциялардағы жазалау тізбесіне негізінен мөлшері артылған айыппұлдар белгіленген, ал оны қолдану саласы адам өліміне әкелуге байланысы жоқ ауыр емес және ауырлығы орташа барлық қылмыстарға кеңейтілген.
Қылмыстық кодексте қамауда ұстау және түзеу жұмыстарын орындау тәртібі өзгертілген, олар айыппұлға жақын балама ретінде белгіленген және бюджетке төленуге жататын соманың нақты мөлшерімен есептеледі.
Бостандығын шектеу сияқты жазалаудың осындай түрін қолдану саласы онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстардың барлығына, сондай-ақ ауыр қылмыстардың бөліктеріне қолданылады.Осылайша жазалау сотталғанның пробациялық бақылауда болуын, сондай-ақ оны қоғамдық пайдалы жұмыстарға тартуды қарастырады, ол қылмыстан кейінгі тәртіптің түзелуін күшейтуге ықпал етеді. Егер кінәлі адам өз әрекетімен келтірген залалды толық өтейтін болса, экономикалық қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға тыйым салынады.
Кейбір экономикалық қылмыстар (қасақана жалған жарнама жасау, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесін құрайтын құжаттар мен мәліметтерді жоғалту құрамы) қылмыстан арылтылды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылық күшейтілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталған адамдарға белгілі бір қызметтерді атқаруға өмір бақи тыйым салу көзделді, парақорлық үшін санкция күшейтілді.
Медициналық қылмыстар туралы, сондай-ақ қолдан жасалған дәрілік заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауаптылық туралы арнаулы тарау енгізілді.
Біздің мемлекетіміз халықаралық міндеттемелерін орындай отырып, киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың тиісті деңгейін қамтамасыз етуі үшін компьютерлік қылмыстар туралы жеке тарау енгізілді.
Экстремизм және терроризм көріністері, радикалдық идеологияларды таратқаны, соның ішінде жаңа технологияларды пайдалана отырып таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық күшейтілді.
Есірткі құралдары мен оларға ұқсас заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауаптылық туралы нормалардың құрылымы өзгертілді. Атап айтқанда, осы саладағы әкімшілік құқық бұзушылықтар ҚК-тің жобасына қылмыстық теріс қылық ретінде ауыстырылды, ал қолданыстағы ҚК-гі есірткінің айналымы туралы нормалар сату немесе сатпау мақсатына қарамастан осы қылмыстық әрекеттер үшін жауапкершілік қарастыратын жекелеген құрамға құқық қолдануға ыңғайлы болу үшін бөліп алынды.
Көліктік қылмыстар үшін, әсіресе оларды мас күйде жасағаны үшін жауаптылық күшейтілді, ал көлік құралын жүргізу құқығынан айыру мерзімі 10 жылға дейін ұзартылды. Атап айтқанда, жүргізушінің автокөлік құралдарын мас күйінде жүргізуі, ал бұл ретте денсаулыққа түрлі ауырлық дәрежесіндегі зиян келтіру – оны саралайтын құрамдармен ҚК жобасындағы жеке-дара бап ретінде бөліп алынды.
Жаңа ҚК-те қылмыстың қайталануына деген көзқарас елеулі түрде өзгертілді. Енді өтелмеген жазалары, ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін алып тасталмаған соттылығы ғана қылмыстың қайталануы ретінде есептелетін болады, қолданыстағы ҚК көзделгендей ауырлығы аз қылмыстары үшін соттылығы ескерілмейтн болады.
Адамның өмірі мен денсаулығы үшін ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сәулет, қала салу және құрылыс қызметінің барлық кезеңдерінде абайсызда адам өліміне не өзге де ауыр салдарларға әкеп соққан осы саладағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.
Қазақстан бекіткен халықаралық құқық нормаларын имплементациялау үшін жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерьлер) құрғаны, қарулы қақтығыстар уақытында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қылмыстық бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.
Қолданыстағы ҚК-пен салыстырғанда адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босату негіздемесі кеңейтілді (іс жүргізу келісімі, кепілгерлік кезінде).
«Түрме адамдарын» қысқарту мақсатында жаңа ҚК-та шартты түрде мерзімінен бұрын босату институтын толықтай қайта пысықталды.
Халықтың осал топтарына (жүкті, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ерлер, зейнеткерлер) шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін неғұрлым жұмсақ, «мардымсыз» жағдайлар қарастырылған.
Жаңа қылмыстық кодексте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін тиімді қорғауға бағытталған, уақытпен және тәжірибемен ақталған негізгі қылмыстық-құқықтық институттар сақталды.
Жаңа қылмыстық кодекста көптеген новеллалар орын алған. Мысалы, 03.07.2014 жылғы ҚК-нің 10 бабында қылмыс деген түсініктен бөлік, айыпты жасалған іс-әрекет деген түсінік енгізілді. Сонымен қатар, кейбір Әкімшілік құқық бұзу әрекеттер Қылмыстық кодекске енгізілген.
Жаңа қылмыстық кодексте, кәзіргі қолданудағы қылмыстық кодекстегіндей, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы 6 бөлім көзделген. ҚК-нің 82 бабына сәйкес, кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезiнде, осы Кодекстiң 52-бабында көзделген мән-жайлардан басқа, оның өмiрi мен тәрбиесiнiң жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы жағынан үлкен адамдардың ықпалы ескерiледi, деп көрсетілген.
Аталған, заңның талабын сақтау үшін өмiрi мен тәрбиесiнiң жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы жағынан үлкен адамдардың ықпалы ескеру үшін, ювеналдық соттарда әлеуметті қызметкер немесе психолгтың штаты көзделу керек деп ұсынамын.
Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың санкциялары да күшейтілді, жасөспірімдерге қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін сотталғандарды балалармен жұмыс жасауға байланысты қызметпен өмір бойы айналысуға тыйым салынды.
Жаңа ҚК-нің 90-бабы бойынша 18 бен 21 жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған іс-әрекетiнiң сипатын және жеке басын ескере отырып, сот айрықша жағдайларда, оларды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыруды қоспағанда, осы бөлiмнiң ережелерiн қолдана алады. Аталған бапта айрықша ескертпе арқылы айрықша жағдайларды ашып көрсеткені жөн деп санаймын.
Қорытындылай келе, 2014 жылдың 3 шілдесінде қабылданған Қылмыстық кодекс тәуелсіз Қазақстанның 17 жыл бері екінші Қылмыстық Кодексі болып табылады. Жаңа қылмыстық кодекстің қабылдауының басты себебі Қазақстандағы қоғамдық экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қарым қатынастардың дамуы деп есептеймін.
Әбу Айбек Кеңесұлы
Қызылорда облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының төрағасы