АЛИМЕНТ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ КҮШЕЙЕДІ
Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу үшін қаражат төлеу бөлек тұратын ата-ананың негізгі міндетті болып табылады.
Бірақта, сотқа түскен шағымдарды және жеке айыптау тәртібімен қаралған қылмыстық істерді саралай отырып әкелердің өздерінің балаларын асырауға немқұрайлы қарайтыны байқалады. Әрбір әке баланың өзінен-өзі өспейтінін, оған ішетін тамақ, киетін киім керек екені, ауырған кезде дәрі керек екені, ал олардың барлығына ақша қаражаты керек екені оларды алаңдатпайды.Мен жұмыс істемеймін,жұмыссызбын деген оңай сылтаумен құтыла салғысы келеді.Баланы қалай асыраймын деп анасы шырылдап жүреді. ҚР ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігімен көзделген қылмыс әрекет, яғни, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегіз жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Осы жерде мына мәселені айтып өту керек, бұл бапқа және осы диспозицияға 2014 жылдың басында ғана өзгерістер енгізілген.Бұрын, яғни, 2014 жылдың 29 қаңтарына дейін бұл баптың диспозиция былай жазылған: ата-ананың сот шешiмi бойынша кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы.
Байқап отырсаңыздар бұрын алимент төлемей жүрген азаматты қылмыстық жауапқа тарту үшін оның алиментті төлеуден 3 айдан астам әдейі жалтаруын дәлелдеу керек болса, казіргі уақытта алимент төлеу жөніндегі міндеттерін 3 айдан астам орындамағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады.Яғни, заң шығарушы алимент төлеуші азаматтардың жағдайын ауырлатып, оларды алимент төлеуге мәжбүрлеп отыр, оның ішінде қылмыстық жауапқа тартылу қауіпімен мәжбүрлеуге барып отыр. Неге деген сұрақ туындайды?Себебі, алимент ең бастысы баланы асырап-бағу үшін, оның өсіп-жетілуіне қолайлы материалдық жағдай жасау үшін көзделген.Алимент кәмелетке толмаған бала үшін керек және алимент уақытылы төленбесе ең бірінші болып сол кәмелетке толмаған баланың құқығы бұзылады.Заң шығарушы осы мәселелерді негізге алып, қылмыстық жауаптылық қолдану аясын кенейткен.ҚР ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігі бойынша жәбірленуші ретінде кәмелетке толмаған бала танылады, ал алимент алуға тиісті ата-ана жәбірленушінің заңды өкілі ретінде іске қатысады.
Жаңа Қылмыстық Кодекс бойынша казіргі кодекспен салыстырғанда қылмыстық әрекеттің сипаттамасы өзгермеген.Яғни, келесі жылы қолданысқа енетін Қылмыстық Кодекс бойынша ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы қылмыстық жауапқа әкеп соғады.Бірақтан осы қылмыстық әрекетке қолданылатын жаза өзгерген, ал дәлірек айтқанда ауырлатылған.
Нақтырақ айтқанда, казіргі таңда ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігімен бір жүз жиырма сағаттан бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатын болса, жаңа Қылмыстық Кодекс бойынша келесі жылы ӨК-нің 139 бабымен екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Яғни, келесі жылдан бастап алимент төлемеген азаматтарға қоғамдық жұмысқа тарту жазасы қолданылмайды, тек ғана бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Барлығымызға белгілі Жаңа Қылмыстық Кодекс бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар екі бөлінеді, ол қылмыстар мен қылмыстық теріс қылықтарға. Қылмыстық Кодекс бойынша айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады, ал қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады.
Байқап отырғандай алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамаған азаматтардың әрекеті, яғни, ҚК-нің 139 бабы қылмыс болып танылады және 11 бапқа сәйкес онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады. Бұл жерде көріп отырғанымыздай заң шығарушы бұл әрекетті қылмыстық теріс қылыққа емес қылмыстар санатына жатқызған.
Казіргі қолданыстағы Қылмыстық Кодекс бойынша 136 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмыстық әрекет бойынша қылмыстық қудалау жеке айыптау тәртібімен жүзеге асырылып келе жатыр.Яғни, қылмыстық іс тек ғана жеке айыптаушының арызы бойынша қозғалады және сотта жүзеге асады.Жеке айыптаушы барлық дәлелдемелерді өзі жинайды және сотқа ұсынады. Осы бап бойынша жеке айыптаушының арызы ішкі істер органдарына түскен жағдайда соттылығы бойынша сотқа жолданып отырады.
Келесі жылы қолданысқа енгізілетін Қылмыстық-Процессуалдық Кодексі бойынша алимент төлеу міндеттерін орындамаған азаматтардың қылмыстық әрекеті бойынша қылмыстық қудалау жеке-жариялы айыптау тәртібі бойынша жүзеге асырылады.Яғни, қылмыстық іс жәбірленушінің арызы бойынша қозғалып, ішкі істер органдары анықтау жүргізеді.
Бұл жағдай заң шығарушымен бұл істерге үлкен мән беріп отырғанын байқатады.
Осы заң талаптарын түсіндіре отырып, әрбір алимент төлеуші әкелерімізге өздерінің балаларының тағдырына, олардың жағдайына алаңдап, ата-аналық міндеттеріне немқұрайлы қарамай, өз балалары не істеп жатыр, қандай тамақ ішіп жатыр, қандай киім киіп жүр деп ойланса екен дейміз.
Бержанов Қайратбек Маханбетұлы
Қызылорда облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының судьясы

Комментарии 1