ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ МЕРЕКЕ
Еліміз егемен ел ретінде алғаш рет 1-ші желтоқсан - 1991 жылы жалпыхалықтық сайлау өткеннен кейін, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланып, қазақ халқы өз тағдырын сенімді басшыға тапсырды.
Мінекей, ғасырға бергісіз жиырма үш жылдың ішінде қазақ ұлтын, Қазақстан мемлекетін БҰҰ құрамындағы барлық мемлекет түгел мойындады, тәуелсіздігін таныды. Әлемнің 150-ден астам елдерімен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазақтың шекарасы айқындалды. Егемендік, Тәуелсіздік, Ана тілі ұлтты біріктіруші күшке, ұлттық идео¬ло¬гияның рухани тірегіне айналды. Қазақстанның сыртқы саясатында да бұрыңғы Кеңестер Одағының құрамынан шыққан бауырлас елдердің басы қайта қосылды.
Бұл жолда тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының әрбір кезеңі Елбасының атымен тікелей байланысты. Содан берігі 23 жылда елдің іргесі сөгілген жоқ. Ұлтаралық та¬тулыққа селкеу түспеді. Еуразиялық кеңістікте тұрақтылық пен серіктестік, сенім саясаты не¬гіздері қалыптасты.
2000 жылдың 20 шiлдесінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi» туралы N 83 Конституциялық заңы қабылданды. Аталмыш заңда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының мәртебесi мен өкiлеттiгi баяндалған.
Елімізде 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» шын мәніндегі бүкілхалықтық тарихы маңызы орасан зор мерекеге айналды.
Тыңнан түрен салған Қазақстан халқы, оның Көшбасшысы тәуелсіз мемлекеттің басым бағыттарын нығайтты. Ең алдымен шынайы егемендікті жария етіп, сыртқы әлемге танылуға қол жеткізілді. Әлем Қазақстанды Елбасының арқасында таныды, мойындады. Елбасы «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген еді.
Бүгінде Қазақстанды әлем мойындайды. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді басқарған Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Ендеше Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей!
Досбол ҚАМЗАЕВ,
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік
сотының бас маманы