ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢАША ЖАҢҒЫРУЫ
Мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына жолдауы жылдағыдан мүлдем ерекше болды. Бұл жолы Елбасымыз жиын өткізіп, теледидар арқылы емес, елдің даму жоспарын тұңғыш рет жазбаша түрде жариялады. Негізінен жолдаудың формасында емес, мағынасы мен мазмұнында. Президент жолдауы Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдердің қосылу қатарындағы тағы бір батыл қадамы.
Қазақ елі өзінің 25 жылдық даму кезеңін абыроймен өтті. Еліміздің табыстары мен жетістіктері туралы 25 жылдық мерейтойында аталып өтті. Ол туралы бүкіл әлем біліп, жоғары бағалап отыр. Осы ширек ғасырда еліміз екі жаңғыруды жүзеге асырды. Яғни, біріншісі - нарықтық экономика бойынша жаңа мемлекет құру болса, екіншісі – 2030 стратегиясын жүзеге асырып, Астананы қалыптастыру. Осы екі жаңғырудың арқасында Қазақстан жедел қарқынмен дамып, табысты 50 елдің қатарына қосылды.
Бүгінгі күнге дейін ел дамуына қатысты жасалған бағдарламалар оң нәтижесін беріп отыр. Ал «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталған үндеу жолдауда еліміз экономикалық дамудың инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік қабілеттілікті арттыра түсіп, еліміздің сандық технологияларға негізделген болашағы зор мемлекет болуына ықпалы болып табылады. Елбасы жаңаша жаңғыртулар енгізуге, 1995 жылы қабылданған еліміздің Ата заңымызға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге тапсырма берді. Бұл халық үшін көптен күткен өзгерістер болмақ.
Жолдауға сәйкес, алдағы уақытта Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктері Үкімет пен басқа да атқарушы органдарға берілмек. Бұл өз кезегінде аталмыш құзырлы органдардың өз қызметіне деген жауаптылығын арттырып, халық алдында есеп беруін міндеттемек.
Жолдауда Елбасы сот жүйесіне деген сенімді жоғарылату және судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою кезек күттірмейтіндігін айрықша атап өтті. Бұл Қазақстан Республикасы судьяларының VІІ съезінде мемлекет басшысы қойған басты міндеттердің бірі болып табылады.
Президент өз жолдауында терроризмнің белең алуымен күресу жөнінде, соның ішінде, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу тапсырмаларын қойды.
Сондай-ақ, Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша да тоқталып өтті. Онда жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігін атап көрсетті.
Президент жолдауы еліміздің болашағын дамыту үшін жасалып отыр. Жолдауда көрсетілген мақсаттарға қоғам болып атсалысқан жағдайда ғана алға қойған мақсаттарға қол жеткізетін боламыз.
А.А.Сабыров
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы,
«Заңгерлер Одағының» мүшесі