ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЗАҢНАМАНЫ ІЗГІЛЕНДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН
Мемлекет басшысы әкімшілік-деликттік заңнаманы жаңарту мен жаңғыртуға, азаматтардың қорғалуын және мемлекет мүддесінің құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғалуын арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қол қойғаны белгілі. Кодекс әкімшілік заңнаманы елеулі түрде реформалауға бағытталған. Бұл ретте әкімшілік заңнаманы ізгілендіру, соттарға жүктемені азайту шаралары қамтылып, осыған байланысты соттардың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттілік берілген органдардың құзыреті қайта қаралған. Кодекске сәйкес, әкімшілік айыппұлдардың абсолюттік белгілі бір мөлшері көзделген. Бұл әкімшілік жаза шығару кезінде сыбайлас жемқорлық фактілерін жоюға мүмкіндік бермек.
Кодекс 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 281-баптың бесінші бөлігінің 8) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Кодекс негізгі ережелер мен Жалпы, Ерекше және Рәсімдік бөлімдер деп бөлінген құрылымдарға жіктелген 920 баптан тұрады.
Жаңа редакциядағы Кодекс мынадай негізгі бағыттарды іске асыру арқылы әкімшілік заңнаманы реформалауға бағытталған.
Осы Кодексте сол үшін әкімшілік жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады. Бірінші, шағын бизнеске қолдау көрсетуді көздейтін ізгілендіру. Атап айтқанда, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұлдар мөлшерлері орта есеппен екі есе азайтылды.
Сондай-ақ әкімшілік жазаның түрі ретінде ескертуді қолдану аясы кеңейтілді.
Екінші, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдардың құзыреті қайта қаралды.
Атап айтқанда, Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласы бойынша әкімшілік істерді қарау және әкімшілік жаза қолдану құқығы облыстық әділет органының басшысы мен оның орынбасарларына берілді.
Үшінші, әкімшілік жауаптылыққа тарту рәсімін жаңғырту. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу егер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде хаттамамен бірге алған түбіртек бойынша айыппұл төлеу жүргізген жағдайларда қысқартылған іс жүргізу енгізіледі. Яғни адам жасалған құқық бұзушылық фактісімен келіседі, өз кінәсін мойындайды және өз еркімен айыппұл төлеуге дайын және ешқандай наразылығы жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа бейім факторларды жою мақсатында, сондай-ақ қысқартылған іс жүргізуді қамтамасыз ету үшін айыппұлдың нақты айқындалған мөлшері көзделген. Өндіріп алудың қалған барлық түрлері қатыстық-айқындалған (екі жақты) ретінде сақталған.
Судьяға, органға (лауазымды адамға) жеңілдететін мән-жайларды белгілеу кезінде жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын жалпы соманың 30 пайызына дейін қысқартуға мүмкіндік беретін норманы енгізу аса елеулі жаңашылдықтардың бірі болып табылады.
Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзғаны үшін бұрын 354-3 бабымен жауаптылық көзделсе, жаңа Кодексте 460-бабымен әкімшілік жауаптылық көзделген, яғни Әділет органдары Кодекстің 460-бабымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарамақ.
Ал, азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша әкімшілік жаза қатаңдатылып отыр. Некеге отыруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасыру немесе жалған мәліметтер беру бұрынғы Кодекс бойынша ескерту немесе 2-ден 5-ке дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге әкеп соқса, жаңа Кодекс талабына сәйкес мұндай бұзушылық үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.
Тастыбай ЛЕСЕРОВ,
Қызылорда облысы Әділет департаменті
басшысының орынбасары