КӨРІСУ КҮНІ ОРТАҚ МЕРЕКЕ
Еліміздің басынан талай қилы замандар өтті. Егеменді ел болып, буынымыз қайта қатайып, етек-жеңімізді жиғандай болдық. Кез келген халықтың негізгі құндылығы - тілі, діні, салт-дәстүрі. Осы үш тағанды ұмытпау, қайта ұлықтау бізге парыз.
Тек қазақ халқы үшін ғана емес, күллі түркі елдерінің жаңа жыл бастауы Наурыз. Осы бір тарихы терең мерекені мерейін шығарып тойлап жүрміз бе?! Қастерлеген жаңа жылдың қадірі қалды ма өзі? Қазіргі уақытта ұлттық мерекелер тек мекемелерде «галочка» ретінде ғана тойланатыны белгілі. Жасыратыны жоқ, ұлттық киімдер 22-ші наурызда да ғана киіледі. Бара-бара алтыбақан теуіп, асық ойнайтын жастар қалса, игі еді.
Жақында Маңғыстау облысында болып қайттым. Табанымыз қасиетті жерге тигеннен-ақ, қазақы салт-дәстүрдің исі бұрқ ете қалды. Халықтың қонақжайлығы, салт-дәстүрлерге деген құрметтері ерекше. Жастарының бойындағы елге, жерге деген сүйіспеншілікті айтып жеткізу мүмкін емес. Шыны керек, қазақта «Көрісу» деген дәстүрдің барын сол жастардан білдім. Көрісу-жүздесу. Яғни, Маңғыстау халқы 14 наурыз күні өз әулетінің, ағайын-туыс, жекжат-жұрағаттарға жол-жоралғысымен көрісіп шығады. Сұрай отырып, бұл дәстүрдің де негізіг білгендей болдық.
Кезінде мал баққан халыққа жыл маусымының ауысуы, төрт түліктің жайылымы өте маңызды болған. Сол себепті, мал-жанын аман сақтап қалу үшін, бір жерде тұрақтамаған. Наурыз айы келгенде қыстан әрең шыққан халық бір-бірімен жолығып, кіші үлкенге сәлем берген. Сондықтан, дидарласып көрісу салтқа айналған көрінеді.
Ұлттық салт-дәстүр-өткеннің емес, болашақтың да алтын бесігі. Ұлттық мәдениетінің жаңаша дамуы, біздің қолымызда. Маңғыстаулықтарға бір риза болғаным, өз өңірлерінен шыққан әрбір азаматты, қазаққа тән жөн-жоралғыны биікке көтеріп дәріптейді. Наурыз мерекесін 14-нен бастап тойлап, насихаттайды. «Көрісу» күні «Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында өтеді. Қазақтың қарашаңырағы саналатын, ұран оты лаулайтын мекенге барлығы жиналады.
Менің ойымша, түбі бір, тамыры терең қазақпыз! Яғни, салт-дәстүр де ортақ. Сол себепті, елді мекенге, руға бөлінбей, басымызға бұйырған салт-дәстүрді атап өткенміз жөн сияқты...
Назерке ШАРАПАДДИН