АҚЫЛ-ОЙДЫ ТӘРТІПКЕ КЕЛТІРЕТІН – МАТЕМАТИКА
Қазақтың атақты ғалым әрі ағартушысы Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген екен. Еліміздің өз тәуелсіздігін алып, аяғына нық тұрып келе жатқаны бізді қатты қуантады. Өнеркәсіп пен өндіріс орындарының қарқын алып дамып келе жатқанына да біз куәгеріміз. Отандық технологияны өркендету туралы да қазір көп айтылып жүр. Айталық, мұнай саласында қазір мұнайды жер астына ыстық су, болмаса бу немесе іліспе газ жіберіп өндіру технологиясы әбден жетілген. Өзге тәсілдерге қарағанда, жер астына ілеспе газ жіберу өте тиімді, себебі бұл тәсілмен мұнайды өндіру өнімділігі бірнеше есе артады екен. Оны алғаш өндіріске енгізген – канадалықтар болса, олар өзінің пайдалатын технологияларының сипаттамасын құпияда ұстағысы келеді. Ол елдердің ғалымдары ғылыми жұмыстардың нәтижесін бірнеше жылға дейін ашық басылымдарда баспаймын деген қолхат беріп қояды. Жалпы ғылымда құпиялар өте көп болады. Сондықтан бізге экономиканың дамуын бәсеңдетпей, қайта оның қарқынын арттыра түсетін, жаңа зерттеулермен батыл түрде айналысатын өз елімізден шыққан ғалымдар қажет. Қазір біз экономиканың бір саласында жаңалық енгіземіз, технологиямызды жаңартамыз десек, сол өндірістің ерекшеліктерін зерттеп, сараптап, ақпараттық құрылымын жасауымыз керек. Ал бұл мәселелер, әрине математикалық негіздеуді талап етеді.
Жалпы математика ғылымында проблемалар тізімі деген бар. Осыдан бірнеше жыл бүрын дүниежүзілік математикалық қоғам мыңдаған проблеманың ішінен 15 күрделі проблеманы бөліп шығарған. АҚШ-тағы Клэй математика институты 2000-шы жылы осы 15-тің ішінен аса күрделі деген 7 проблеманы бөліп көрсетті. Бұл проблемалар шешілсе, қоғамдағы барлық салаға көп пайда келтірері дәлелденген. Аталған жетеудің біреуі – «Пуанкаре гипотезасы» деп аталатын есептің шешімін атақты математик Григорий Перельман тапқанын ақпараттардан білетін боларсыздар.
Келесі бірі – өткен ғасырда Навье және Стокс деген ғалымдар жазған теңдеуді шешу. Ғалымдардың айтуынша, бұл есептің шешімін компьютерлік бағдарлама арқылы жасап шығарса, цунами, зілзала, торнадо сияқты табиғи апаттарды алдын-ала болжап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болады екен. Бұл проблеманы еліміздің атақты ғалымы Мұхтарбай Өтелбаев шешіп, қазір оны бүкіл әлем ғалымдарына дәлелдеуде екенінен хабардарсыздар. Академик ағамыздың әлем ғалымдарын мойындатар күні де алыс емес деп ойлаймыз.
Түрлі халықаралық форумдарда біздің математиктеріміздің жасаған баяндамаларының өзі шет елдік ғалымдар тарапынан қызығушылық танытуда. Осындай бүкіл әлем таныған біздің ғұлама ғалымдарымыз қаншама десеңізші!
Мысалы, ғалым-академик Т.Ш.Қәлменов, академик-ғалым С.Н.Харин, ҚР ҰҒА мүшесі М.А.Садыбеков, профессор Уалбай Өмірбаев, академик Мұқтарбай Өтелбаев, академик Асқар Жұмаділдаев және т.б. ғалымдар өз зерттеулері арқылы жоғары дәрежеге ие болған кісілер.
Республикалық математиктердің І съезінде сөйлеген сөзінде облысымыздың мақтанышы, академик-ғалым Асқар Жұмаділдаев «Съездің мақсаты – осы реформаның ішіндегі математика рөлі. Дүниежүзінде оқылатын жалғыз ғана ортақ білім болса, ол – математика. Оның үстіне дүниежүзінде ұлттың негізін анықтайтын екі критерий бар. Оның бірі – математика. Бүгінгі таңда жастар өте білімді, логикасы жоғары. Біздің оқушыларымыз математикалық білімі жағынан 200 елдің ішінде бесінші орында тұр. Ендігі мақсат осы қарқынды жоғалтып алмау» – деп қуанышпен мақтана атап өткен еді.
Анықтап айтсақ, 2010 жылы елімізде математикадан мектеп оқушыларының дүниежүзілік халықаралық олимпиадасы өтті. Ол Қазақстан ғылымының, математикасының дүниежүзіне танымал болғандығын білдіретін үлкен көрсеткіш. Кез-келген елде ондай олимпиада өтпейді. Тек нәтижесі бар, көрсеткіші жоғары елдерде ғана өтеді. Біздің оқушылар Астанада өткен халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша дүниежүзінде 5-орын алды.
Осындай жетістіктердің ізін ала, біздің облысымызда да «Асқар Жұмаділдаев атындағы математиктер қауымдастығы» құрылған болатын. Оған аймағымыздың шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген бірқатар алдыңғы қатарлы математик-ұстаздары мүше болып енді. Сонымен қатар облыс орталығынан тұңғыш математика мектебі де ашылып жұмыс жасауда. Мектеп тереңдетілген бағдарлама бойынша жұмыс жүргізеді. Мектеп басшысы Жұмабай Жәнібеков мырза мектептің аяғынан тік тұрып кетуіне бар күшін салып, білікті мамандармен қамтамасыз етуге және қажетті материалдық базаны нығайтуға қатты көңіл бөліп отыр. Бұл мектептің 1-ші ерекшелігі балалар саны бір сыныпта 5-10 оқушыдан аспайды. 2-ші ерекшелігі мектеп бағдарламасындағы есептер қайталанбайды, себебі мұнда тереңдетілген есептер базасы жасақталған және сол бойынша жұмыс жүреді. 3-ші ерекшелігі мектепте шахмат сабағы ұйымдастырылған. 4-ші ерекшелігі оқу 15-ші тамыздан 15-ші маусым аралығында, 10 айға есептелген және жыл соңында сертификат беріледі.
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек» деп, атақты ғалым М.В.Ломоносов айтқандай, математиканың біздің өмірімізде алар орны ерекше екендігін тағы бір айта келе, болашақта Әл-Фарабидей атақты, Асқар Жұмаділдаевтай талантты дарындардың біздің жерімізден көптеп шығатынына сеніміміз мол. Әлемнің шешімін таппаған жеті есебінің жауабын табатын дана да біздің арамызда жүрген қөп баланың бірі екендігіне мен сенемін.
Осы орайда, мектебімізде қатарының алды болып, ойының жүйріктігімен, пайымдауының кеңдігімен көзге түсіп жүрген оқушыларды мақтанышпен атап айтқым келеді. Мысалы, 6-сынып оқушылары Перузхан Аятолла, Әбен Нұрсаид, Қамырбаев Рамазан және 7-сынып оқушысы Мұханбетия Нұрдәулет секілді балалардан біз үлкен үміт күтеміз.
«...Әрбір жастың зердесінде арман жатыр адамзатты қуандырмай өтпейтін» дегендей, ендігі жерде бүкіл адамзат баласына шапағатын тигізер жаңалық ашу біздің балалардың еншісінде жатқаны анық. Ал біздің міндетіміз – ата-ана болып, ұстаз болып оларға жол ашу, мүмкіндік жасау, сенім білдіру және қолдау көрсету. Ендеше, алар асуымыз әрқашан биік болғай деп тілейік!
Қ. МАХАНБЕТОВА,
«Ұлағат-Консалтинг» математика мектебінің мұғалімі