ДЕНІҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ — ШЫНЫҚҚАЙСЫҢ!
Осындай үндеумен қазалылық «Шапағат» мүгедек балаларға арналған оңалту орталығында дәстүрлі күзгі спартакиада болып өтті. Спорт мерекесінің белсенді қатысушылары да мекеменің тәрбиеленушілері еді. Әр жыл сайын аталған спорттық-бұқаралық іс-шара «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның демеушілік көмек-қолдауы арқасында өткізіліп келеді.
Үстіміздегі жылы «Шапағатта» медициналық-психологиялық және педагогикалық көмекті мүмкіндігі шектеулі, орталық жүйке жүйесі күйзеліске ұшыраған, көру, сөйлеу және есіту қызметтері бұзылған 40 бала алып отыр. Орталық жұмыс істеп келе жатқан 17 жылдан бері мұнда аудандағы екі жүзден астам мүгедек балаға мамандандырылған жәрдем берілді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру ісінде, әлбетте, айрықша еңбек орталық қызметкерлерінің еншісіне тиесілі, олар әрдайым өз жұмысын бар жанын салып істейді. Медицина қызметкерлерінің, мамандар мен педагогтардың осындай қажырлы еңбегінің нәтижесінде «Шапағаттың» қырықтан аса бүлдіршіні әдеттегі мектеп парталарына отырып, білім алу мүмкіндігін иеленді.

Спартакиаданың ұйымдастырушылары бағдарламаға осы балалар үшін неғұрлым қолжетімді саналатын спорт түрлерін қосты.
— Біздің тәрбиеленушілеріміз, дегенмен, барлық қарапайым балалар секілді қозғалмалы ойындарды қатты ұнатады. Алайда шапағаттықтардың мүмкіндігі шектеулі, сол себепті біздер олар үшін қолжетімді жарыстардың түрлерін арнайы іріктеп алдық, — дейді «Шапағаттың» президенті Шынар Жеңсікбаева. – Мекемеде медициналық, психологиялық және әлеуметтік салалармен қатар, айрықша маңыз дене шынықтырудың арнайы әдістемелеріне де беріліп отыр. Бойдағы дертіне қарамастан балалар жеңіске деген өз құлшыныстарын паш етуде. Бұл да болса, оңалту жолындағы маңызды қадамдардың бірінен саналады. Бүгін мен мұқтаж сырқат балаларға қайырымдылық көрсеткені үшін қамқоршыларға – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясына алғыс айтқым келеді. Оларсыз «Шапағатта» бірде-бір іс-шара өткен емес.
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мұнай компаниясынан тағайындалған жүлделерді үш команда – «Қайсар», «Жасұлан» және «Барыс» өзара сарапқа салды. Жеңімпаз команда кешенді эстафеталардың төрт түріндегі баллдардың жиыны бойынша анықталды. Қызықты жарыстардың нәтижесінде бірінші орынды «Барыс» командасы жеңіп алды.
Жарыс аяқталған соң балақайларға тәрбиешілермен бірлесе отырып жергілікті аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшілігімен жаттығу түріндегі жеңіл гимнастикалық сабақтар өткізілді.
Марапаттаудың салтанатты рәсімінде «ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс жүргізу бөлімінің менеджері Хұсайын Сәрсембаев мұнайшылар атынан барлық қатысушыларға түп-түгел спорттық үлгідегі киім-кешектер жиынтығын – жылы телпектерді, шарқаттар мен костюмдерді табыс етті. Командалар дипломдар мен кубоктарға ие болды. Бұған қоса - «Шапағаттың» барлық тәрбиеленушілеріне балақайлардың тәтті тағамдары – кәмпиттер қораптары ұсынылды.
- Қымбатты балалар, сендерді жеңістеріңмен құттықтаймын! – деді Хұсайын Сәрсембаев, қатысушыларына сөзін арнап. - Бүгін бәрің де жарадыңдар және жеңіске деген ұмтылыстарың үшін рахмет айтпақпын. Дене шынықтыру – бұл, ең алдымен, денсаулық. Ештеңеге де қарамастан, сендер ерік пен күш-жігерлеріңді таныта білдіңдер. Жеңіс тек қана күштілерді мойындайды! Күшті болыңдар!

«Қайсар» командасының капитаны Құрмаш Таңатар бұл сәтте қатты толқып тұрды, сонда да болса өзінің алғыс лебізін көпшілікке жеткізе алды:
— Жарыс өте қиын болды, бірақ біз ақырына дейін сайыстық, – деді ол. – Біздер бар күшімізді аямадық және екінші орынға шықтық. Сыйлықтары үшін «ПетроҚазақстанға» рахмет айтамыз, олар бізді ешуақытта да ұмытпайды.
- Орталықтағы тәрбиеленуші балалардың барша ата-аналарының атынан «ПҚҚР» АҚ мұнайшыларына шын жүректен ризашылығымды арнаймын, – деді өз сөзінде «Шапағатта» тәрбиеленіп жатқан бір балақайдың ата-анасы Алтынкүл Киікбаева. – Мұндай жанашырларсыз балаларға арналған іс-шаралар есте қаларлықтай болып өтпес еді. Мүгедек балалардың тағдырына атсалысып қамқорлық жасағандықтары үшін оларға мың да бір алғыс.
Балдырғандарға қолдау білдіру үшін балалардың спорт мерекесіне сондай-ақ басшысы Әлібек Қуаныштың бастауымен «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері де келіп жетті. Жасордалықтар өз мойнына бірқатар ұйымдастыру мәселелерін, соның ішінде безендіру мен қамтамасыз ету шараларын алды.
Осы орайда жекелей алғыс лебіздерін Қазалыдағы №170 мектеп пен оның директоры Нұрлан Имашевқа арнаған абзал. Бұрнағы жылдары шапағаттықтар оңалту орталығының шағын залында және басқа да спорт ғимараттарында жарысқа түсіп келген еді. Ал бұл жолы мүгедек балалар тұңғыш рет күзгі спартакиаданы Әйтеке би кентінде таяуда ғана ашылған қазақ мектебінің іші жаңа әрі кең спорт залында өткізді.
Спорт мейрамы көптің көңілінен шықты. Балдырғандар қуаныштары қойнына сыймай, қамқорлыққа алушыларға айналаны жаңғырықтырып «Рах-мет!» сөзін бір кісідей айтып жатты. Іс-шараның шымылдығы жабылар сәтте олар өздерінің ұстаздарымен қосыла оңалту орталығының әнұранына айналып кеткен «Шапағат» әнін шырқап жатты.
Әлібек БАЙШҮЛЕНОВ.
Фотосуретті түсірген Андрей ТАЙГУНОВ.