ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПАРАСАТТЫ БОЛУЫ ТИІС
Полиция қоғам сенімін арттыратындай жұмыс істеуі керек. Бұл Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылдың 11 наурызында өткен «Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдына қойған нақты тапсырмасы. Осындай жауапты міндетті абыройлы атқаруда сапалы кадрлық саясатты жүргізіп, білікті әрі кәсіби мамандарды іріктеп, қалыптастырудың маңызы зор.
Өзіндік қауіпсіздік басқармасы жүйелі түрде жүргізіп отырған алдын-алу шараларына қарамастан жеке құрам арасында қызмет уақытында, қызметтен тыс уақыттарда заңсыздықтарға жол беру, азаматтардың конституциялық құқықтарына нұсқан келтіру деректері әлі де тіркелуде.
Жалпы, жыл басынан бері ОІІД тәртіптік кеңестерінде заңдылықты, әскери-қызметтік тәртіпті бұзған полиция қызметкерлерінің жауапкершіліктері туралы мәселелер 11 мәрте қаралып, нәтижесінде 9 қызметкер тәртіптік жазаға тартылып, оның ішінде 1 қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылды. Тағы бір қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 айында полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық іс-әрекеттер мен құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу бағытында Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері барлығы – 13 рейдтік іс-шаралар жүргізіп, нәтижесінде 10 құқық бұзушылық анықталды. Соған сәйкес, 9 қызметкер түрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы атаулы заңсыздықтармен күресіп, полиция қызметкерінің оң бейнесін қалыптастыру бағытында тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тапсырмалар мен нұсқаулар берілді. Қалалық және барлық аудандық ішкі істер бөлімдеріне қызметкерлердің жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы, автокөлік басқаруға барлық құжаттарының толық болуы жөнінде шолулар жолданып, департаменттің әскери-қызметтік дайындық сабақтарында сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы және республика аумағында полиция қызметкерлерінің қатысуымен орын алып жатқан оқыс оқиғалар жайлы дәрістер оқылды. Департамент жанынан құрылған Консультативтік-кеңесші орган, Әйелдер кеңесі және Тәртіптік кеңес отырыстарында қызметкерлердің тәртібі қаралып, офицерлік шенге дақ түсірмеу мақсатын басшылыққа ала отырып, тағылымды, тәлімді мәселелер қозғалды.
Сонымен қатар, «біреудің қателігі – біреуге сабақ болсын» деген оймен қылмыс жасап айыпталған полиция қызметкерлерінің әріптестерін қатыстыра отырып ашық сот отырыстарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл бастамамыздың басты мақсаты – жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу болып табылады.
Жеке құрам арасында қызметтік тәртіп пен заңдылықты одан әрі нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында, әрбір қызмет салаларының тікелей басшыларын, қарамағындағы қызметкерлердің қылмысқа жол берген жағдайда атқарып отырған қызметінен босатуға дейінгі қатаң тәртіптік шараларға таратылатындығын ескерте отырып бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Сөзімнің соңында айтарым, полиция қызметкері – халықтың құқығын да, бостандығын да, амандығын да қорғайтын жан. Сондықтан олар әрқашан халыққа жақын әрі ашық болу қажет. Осы орайда, ҚР ІІМ-ге қарасты Қызылорда ОІІД-нің кіші веб-порталындағы департамент бастығының жеке блогы және сұрақ-жауап бөлімі, сенім парағы, Вконтакте, Facebook, Twitter, Mail.ru әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшасы азаматтармен тиімді байланыс орнатып, халықты толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде сұрақ қою, өз ұсыныс-пікірін білдіру, ішкі істер қызметіне қатысты мәселеде көмек сұрау немесе арыз-шағымын білдіруіне мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, 27-28-74, 26-28-90 нөмірлері бойынша департаменттің сенім телефондары мен бірыңғай веб-порталында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу» бөлімі жұмыс жасайды.
С. Арынов,
Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті
Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы,
полиция майоры.