ОРТАҚ ОЙ- БІР МҮДДЕ
Қызылорда «Жол дистанциясы» бастауыш партия ұйымында жиын өтіп, онда конституциялық реформа мен Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы талқыланды.
Еңбек ұжымы мүшелерімен болған жиында ойларын ортаға салған ақпараттық насихаттық топ өкілдері Жолдаудағы 5 басымдық қоғамдағы түйткілді де өзекті мәселелердің шешімін табуға негіз бола алатындығына тоқталды. Онда көтерілген әрбір мәселе кезең-кезеңмен жүзеге асырылса, мемлекеттің одан әрі дамуына, бәсекеге қабілетті болуына ықпал ететінін жеткізді.
Бастауыш ұйымның төрағасы Дүйсенбай Әбдиев «Саяси-экономикалық және әлеуметтік тұрғыда аса терең мәні мен мазмұны бар тарихы құжаттарда Елбасы алдымызға бағындырар биіктер мен алынар асулар айшықтады. Ендігі жердегі баршамыздың міндетіміз-осынау асқақ мұрат –мақсаттарды жүзеге асыру үшін аянбай еңбек ету » деді
Ортақ ой мен бір мүддені көздеген теміржолшылар жиынды «Үндеу мен Жолдау–кемел келешегіміздің кепілі» деп түйіндеді.