ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ – ӘРКІМНІҢ БОРЫШЫ
Бүгінгі күнде қоғамдағы аса маңызды проблемалардың бірі ол-парақорлық. Жемқорлықпен күрес елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шыңдық. Елдің ертеңі үшін келер ұрпақ алдында еңсемізді тік көтеріп жүру үшін, бұл індетті түп-тамырымен жоюымыз қажет. Сондықтан жемқорлықпен күресу-әр азаматтың борышы.
Парақорлық, жемқорлық – бұл өз мүддесін ғана ойлап, заңды айналып өтіп, материалдық және заңдылық артықшылықтарын иелену. Жемқорлық қоғамның барлық саласына: экономикаға, әлеуметтік сала мен саясатқа іріткі салуда. Ал, оның зардабы алға басқан қоғамның дамуына бөгет болады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай қайсысын да қатты алаңдататыны мәлім.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады.
Осы аталған саладағы қабылданған Заңнамалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен қатар, демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталғаны жөнінде атап өту қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқа да шаралар қолданылуда.
Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Бүгінгі таңда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 18 қарашада қабылданған жаңа Заңы қолдануда.
Әрине, бұл қылмыстармен күресте қылмыстық-құқықтық шаралардың маңызы ерекше. Сөйтсе де, оларды болдырмауда, ал орын алған жағдайда, жасаған адамдарды жазалауда тәртіптік, әкімшілік және азаматтық жауаптылық шараларында кеңінен қолданған жөн.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болатындығын да атап өткен жөн.
Мемлекетіміздің қазіргі дамуы жағдайында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында кылмыстылықпен және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтудің қосымша шаралары және құқық қорғаушылық қызметті одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығының кабылдануының маңызы үлкен. Елбасының бұл Жарлығында құқык қорғау органдары қызметінің басым бағыттары ретінде кез-келген құқық бұзушылыққа мемлекеттің бұлтартпас реакциясын қамтамасыз етіп, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тартумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және азаматтардың конституциялық құқықтарына қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып белгіленген. Елбасының жоғарыда аталған Жарлығы басшылардың өздері басқарып отырған мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жүргізетін кадрлық және антикоррупциялық саясатына жауаптылықтарын күшейтуге мүмкіндік берді. Әр басшы кадрларды іріктеу мен орналастыру мәселелеріне, негізгі жұмыстарын жүзеге асыру ғана емес, қызметкерлерінің қызметтен тыс уақыттарын калай өткізетіндеріне неғұрлым мұқият көңіл бөлулері тиіс. Тәртіпті к қылық жасап, өз әрекеттерімен сыбайластық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасау мүмкіндігіне жол берген адамдарды жазалау мәселелерінде принциптілік танытулары керек. Елбасының Жарлығымен қазір бағыныштыларының сыбайластық әрекет жасағандары үшін басшының жауаптылығы туралы мәселе койылып отыр. Ал биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауда елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытына тоқталған Елбасы жегіқұрттың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігін атап көрсетті. Мүның өзі, сөз жоқ, сыбайластықпен күресте қолданылып жүрген мемлекеттік механизміндегі маңызды да басты элементтерінің бірі болып табылады.
Сүлеймен Сағатбек,
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының төрағасы,
«Заңгерлер Одағының мүшесі»