СУДЬЯЛАР ӘДЕБІ КОДЕКСІ – ҚОҒАМ ҮШІН МАҢЫЗДЫ
Бүгінгі Судьялардың жаңа әдеп кодексі тек судьялар корпусы үшін ғана емес, тұтастай қоғам үшін де маңызды. Қоғамда барлық кәсіп иелерінің, соның ішінде, судьяның, прокурордың, адвокаттың, мұғалімнің, дәрігердің, полиция қызметкерлерінің әдебіне қойылатын талап жоғары. Себебі, олар халықпен жұмыс істейді, ал халық-мемлекеттік биіліктің бірден-бір бастауы.
Біздің егеменді еліміздегі қолданыстағы Судья әдебі кодексі 2009 жылы судьлардың V сьезінде қабылданған болатын. Бүгінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы тапсырмалар аясында аталған құжаттың жаңа нұсқасы дайындалды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан–2050» стратегиясында: «Осынау аса маңызды құжат нақты тапсырмаларды қамтуы және биіліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтары басшыларының дербес жауапкершілігін көздеуі тиіс» екендігін айтып, Судьялар әдебі кодексін келесі өткізілетін судьялар съезіне дейін мінсіз құжатқа айналдыруды нақты тапсырған еді.
Осыған сәйкес 21 қараша 2016 жылы Қазақстан Республикасы VII съезінде жаңа Судья әдебінің кодексі қабылданды.
Жаңа кодексте бекітілген қағидалар мен қағидаттар алдымен еліміздің Ата Заңына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңға негізделген. Алғашқы кодекс 9 баптан ғана тұрған болса, жаңа кодекс 15 бапты қамтиды.
Судьялар әдебі кодексінде судьяның мінез-құлық принциптеріне басты назар аударылып, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңды және ар-ожданды басшылыққа алып, шешім қабылдау қажеттілігі көрсетілген. Кодексте судья сот биілігінің беделін түсіретін, абырой-беделіне нұқсан келтіретін және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде оның объективтілігі мен бейтараптылығына күмән тудыратын жағдайлардың бәрінен бойын аулақ ұстауы тиіс екендігіне кеңінен мән берілген. Тіпті, жұмыстан тыс, өзге уақыттарда да судьяның мінез-құлқы мен сыртқы келбеті оның атқарып отырған лауазымына сәйкес болып, қызметін өзінің жеке басының қамын күйттеуге немесе отбасы мүшелерінің мүдделері үшін пайдаланбауға тиіс екендігі Кодексте егжей-тегжейлі жазылған.
Таяу болашақта әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуды мұрат тұтқан еліміздің халықаралық қауымдастықтан лайықты орын алуы үшін заңдарымыздың ізгі, сот биілігінің дүниежүзілік стандарттарға сай болуының барша мүмкіндіктері қарастырылып отыр. Жаңа дәуір соттарының шынайы мәртебесін – судьялардың біліктілігі мен білімдарлығы, ар-ождан тазалығы мен абырой–беделі, іскерлігі мен адамгершілік бет-бейнесі айқындайды.
Судья сот төрелігін жүзеге асыру барысында ұдайы шиеленістер мен қайшылықтар алаңында тұрады. Бұл олардан мейлінше ұстамды, сабырлы, салиқалы, іскер де тапқыр, тез шешім қабылдай алатын, жоғары парасат иесі болуды талап етеді.
Әділ сот биілігін атқаруға құзыреттілік берілген кешегі өткен билер де, қазіргі судьялар да халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілегі мен шағым-өтініштерін тыңдап, шындықты жақтап, өзі өмір сүрген қоғамның әділдік ұстанымдарына қызмет етіп келеді. Олардан кәсіби ерекшеліктеріне қарай заңдарды, елдің салт-дәстүрі, жөн-жоралғыларын жақсы ғана біліп қоймай, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, қабілетімен ғана емес, жеке бастарының қадір қасиетімен де үлгі-өнеге көрсете білуі талап етіледі.
Гүлмира ИСКАКОВА,
Қызылорда қаласының мамандандырылған
әкімшілік сотының судьясы.