АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ
Жыл басы ел дамуындағы маңызды жаңалықтармен басталды, ол Елбасының халыққа арналған Үндеуі мен Жолдауы. Үндеудің негізгі мазмұны, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу міндетін баяндайды. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы конституция мен басқа да заңдарға өзгерістер енгізу арқылы қазіргі президенттің өкілеттілігін бөлу мәселесін алға тартты. Екі негізгі бағыттан тұратын бұл реформа қоғамдық талқылауға салынды. Сол арқылы арнайы құрылған жұмысшы тобы келіп түскен ұсыныстар арқылы негізгі қорытындысын жасайды.
Алайда, конституцияға енгізуге ұсынылған өзгерістер жөніндегі заң жобасын талқылау кезінде халық арасында түрлі түсініспеушіліктер орын алуда. Қызу талқыланып жатқан мәселе, ол заң жобасындағы 26 – баптағы «әркім» деген түсінік пен жеке меншік құқығына байланысты мәселелер. Әрине, бастапқыда оқыған адам «әркім» деген сөзді дөрекі қабылдауы мүмкін және жеке меншік құқығы деген түсінікте жер мәселесі қозғалуда деген ой туындауы ықтимал.
Бірақ, бұл заң тұрғысында жасалып жатқан өзгеріс болғандықтан, соған сәйкесінше оның өз терминологиясы болады. Заңды, әсіресе Ата заңға өзгеріс енгізу процесінде тек арнайы жасақталған, біріңғай түсініктер қолданылады. Қазақшасында «әркім» болса, орысшасында «каждый». Байқап қарасаңыз, әр тілдегі түсініктерді қабылдау реакциясы әртүрлі.
Сонымен бірге, аталмыш мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Консти-туция¬лық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов өз пікірінде: «Конституциялық Кеңестің 2003 жылғы 1 желтоқсандағы №12 нормативтік қаулы¬сында, Конституция «Қазақ-стан Респуб¬ликасының азама¬ты», «әрбiр», «бәрi», «шетел¬дiктер» және «аза-маттығы жоқ адамдар» деген ұғым¬дарды пайдалана отырып, адамның құқықтық мәрте¬бесiн саралайды. Бұл орайда, Конституцияның мәтiнiн¬де «әрбiрi» және «бәрi» туралы айтылған кезде, республика азаматы да, республика азамат¬тығына ие емес адамдар да назарда ұсталады деп түсiнген жөн»- деп түсіндірме берді.
Ал, 26 - баптағы жеке меншік құқығын қорғау мәселесі, ол қазіргі таңдағы нарық¬тық экономи¬каның, кәсіп¬керлік белсенділіктің негізі болып табылатын жекемен¬шік құқығына кепіл¬діктерді айтар¬лықтай нығайта түседі. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Консти¬туция¬лық Кеңесі, шетелдік¬тер мен азамат¬тығы жоқ адам¬дар¬дың меншік құқығына кепіл¬діктерді, олар¬дың теңдігін, әділеттілікті қам¬тамасыз ету және инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында «Қазақстан Рес¬пуб¬ликасының азаматтары» деген сөздерді «әркім» деген сөзбен ауыстыруды ұсынуда.
Жер мәселесіне келер болсақ, онда Конституция бойынша жерге жеке меншік иелік ету аталмыш заңмен реттелмейді, Ата заң ол жөнінде «Жер кодексіне» сүйенеді. Ал, баршамызға белгілі Қазақстан Президенті 2016 жылы 6 мамырда «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Демек, «жерді шетелдіктер алып қояды» деп алаңдау артық.
Бастысы біз демократиялану жолында әрдайым елдегі болып жатқан жағымды өзгерістерге жақсы көзқараспен қарап, өзіміздің ой түйінімізді ойланып ортаға салатындай қоғам орнатқанымыз дұрыс.
Сәулет САХИЕВ,
«Сыр медиа» ЖШС ақпараттық-талдау
орталығының жетекшісі.