МЕДИАЦИЯ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Құқықтық саясаттың маңызды мәселесі - азаматтардың Конституция кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқығын жүзеге асыруы болып табылады. Бұл үшін сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңтайлату, оны басын артық бюрократиялық рәсімдерден арылту керек. Сонымен бір мезгілде соттардың жұмысын жеңілдету мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастырған жөн. Болмашы мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей жолдарды қарастыру қажет» деп көрсетілген.
Елімізде дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы жария етілді.
Аталған Заң жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және де сотқа дейінгі дауларды шешуге, сонымен қатар атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар бойынша қолданылады. Әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделеріне қатысты, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын дауларға, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы істер бойынша қолданылмайды. Сондай-ақ медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін анықтайды.
«Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда «делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға» деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот жүйесіндегі әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болмақ, яғни тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілген келіссөз рәсімі. Медиация деген сөздің мағынасын екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндіруге болады.
Медиатор – кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға.
Тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады.
Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін.
Мыналар:
1) қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар;
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес сотта татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде судьялар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады.
Ал, жоғары білімі бар, жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекітілетін, медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін растайтын құжаты (сертификаты) бар және кәсіпқой медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар; отставкадағы судьялар медиатор қызметін кәсіби негізде жүзеге асыра алады.
Медиатордың қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
Медиатор қызметін жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген өзге қызметті де жүзеге асыруға құқылы.
Мыналар:
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген;
2) заңда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
3) оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын;
4) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам медиатор бола алмайды.
Медиатор:
1) медиация барысында бір мезгілде барлық тараптармен де, тараптардың жеке-жеке әрқайсысымен де кездесулер өткізуге және оларға дауды (дау-шарды) шешу жөнінде ауызша әрі жазбаша ұсынымдар беруге;
2) құпиялылық қағидатын сақтай отырып, өз қызметін жүзеге асыруы туралы жұртшылықты хабардар етуге құқылы.
Сондай-ақ, ол
1)медиацияны жүргізген кезде медиация тараптарының келісімімен ғана әрекет етуге;
2)медиация басталғанға дейін медиация тараптарына оның мақсаттарын, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге міндетті.
Медиаторлардың кәсіптік этикасы кодексін сақтауға, сондай-ақ медиаторлар ұйымы белгілеген талаптар бойынша атқарылған жұмыс туралы ай сайын есеп беруге міндетті.
Медиация институты қазақ қоғамына жат емес. Ұлтымыздың тарихында билер институты болған. Азаматтар арасында туындаған дау-дамайларды билер, шешендер немесе беделі бар жергілікті ақсақалдар әділ шешіп отырған. Билердің негізгі шешетін мәселесі келген шығынды қалпына келтіріп дауласушыларды бітімге жеткізу болып табылған.
Медиацияның мақсаттары мыналар болып табылады:
1) дауды (дау-шарды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу;
2) тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.
«Медиация туралы» Заңының күшіне енгеніне бес жылдан артық уақыт өтседе ол кең көлемде қолданылмай отыр.
«Медиация» Заңы жұмыс істеу үшін басты қолға алатын мәселе – бұл ақпараттандыру. Іс қарауда соттармен тараптарға медиация тәртібінің пайдалану құқығы түсіндіріледі, алайда бұл жеткіліксіз. Егер адамдарға медиаторлар кім, олар немен айналысады, медиация деген не және оның өмірде қажеттілігі туралы көбірек ақпарат берілсе, азаматтар шешілмеген дауларын медиатор келісімі арқылы шешуге жүгінер еді.
Роза ХИЗАТОВА,
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының
баспасөз хатшысы,
«Заңгерлер Одағының» мүшесі