11 АДАМҒА РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ
Өткен жылдың желтоқсан айының 13 күні iзгiлiк қағидаты басшылыққа алынып, Елбасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына қол қойып, аталған заң желтоқсанның 14 күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
Бұл Заңда көрсетілген органдар Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде оның орындалуын толық қамтамасыз етуге міндетті.
Бүгінгі күні дейін Қызылорда қалалық № 2 сотымен осы Заң аясында 18 адамға қатысты 17 қылмыстық іс бойынша рақымшылық жасау қолданылып, 8 адамға қатысты сот үкімі мен 10 адамға қатысты сот қаулысы шықты.
Сотталушылардың жасаған қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттерін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің талабына сәйкес санаттарға бөлетін болсақ, 5 адам қылмыстық теріс қылық, 3-адам онша ауыр емес және 6 адам ауырлығы орташа, 4 адам ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған.
Олардың ішінде 7 ер, 3 әйел және 1 кәмелетке толмаған сотталушы рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылса, 4 сотталғанға қатысты жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің төрттен бірі қысқартылды.
Айталық, өткен жылдың тамыз айының 14-күні азаматша Ж.Ибраева Қызылорда қаласы, Төле би көшесі бойында орналасқан «Автобаня» атты автокөлік жуу бекетіне өзінің меншігіндегі «FORD FOCUS» маркалы автокөлігін жуып тазалау мақсатында кіргізіп, автокөлік кілтін жуып тазалап болған соң сыртқа шығарып қою үшін сол жерде жұмыс жасайтын Утеулиев Адильге тапсырып, жеке жұмыстарымен сол жерден кетіп қалған кезінде, А.Утеулиев бұл бөтеннің автокөлігіне өзімен бірге жұмыс жасайтын танысы АЕрмалайды заңсыз отырғызып, оны тұрғылықты үйіне жеткізіп салып, жұмысын қарай қайтып келе жатқанында, қаланың Есенов көшесімен Желтоқсан көшелерінің қиылысында «LADA GRANTA» маркалы автокөлікпен соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасап, Ж. Ибраеваның автокөлігіне елеулі түрде яғни, 600 мың теңге көлемінде зақым келтірген.
Осыған орай, Утеулиев Адильге қарсы ҚР ҚК-нің 200-бабының 1–бөлігімен автомобильді жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп, айдап кеткені үшін қылмыстық іс қозғалып, іс сотта желтоқсан айының 26 күні қаралған болатын. Жәбірленуші Ж.Ибраеваның пайдасына мүліктік зиян 600 мың теңге өндірілді. Сотталушы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 6-бабының 1) тармақшасына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.
Себебі, аталған Заңның 6-бабының 1-тармағында, «қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойынша барлық қылмыстық істер және соттар қарамаған істер бойынша іс жүргізу тоқтатылсын» деп көрсетілген.
Сотталушы А.Утеулиев онша ауыр емес қылмысты жасаған, бұрын сотты болмаған, жасаған қылмысын шын жүректен өкініп, кінәсін толығымен мойындап, рақымшылық жасау туралы Заңын қолдануды сұрағандықтан, оған қатысты рақымшылық жасау қолданылды.
Сонымен қатар, осы Заңның 5-бабында рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдар қатары да ашып көрсетілген.
Атап айтқанда, кәмелетке толмағанның он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған жағдайын қоспағанда, кәмелетке толмағандарға осындай қылмыстар жасаған адамдарға; террористік қылмыстар жасаған адамдарға; экстремистік қылмыстар жасаған адамдарға; азаптаулар жасаған адамдарға; қылмыстардың қайталануы немесе қауiптi қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға; өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалған адамдарға; бұрын рақымшылық жасау немесе кешiрiм жасау қолданылған, қайтадан қасақана қылмыстар жасаған адамдарға; қылмыстық топтар құрамында қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарға; егер қылмыстардың бiріне осы Заңның күші қолданылмайтын болса, қылмыстар жиынтығы болған жағдайда да сотталған адамдарға қолданылмайды.
Мысалға, сотталушы Маликова Жанна 12.01.2015 жылы жәбірленуші С.Өсербаеваға телефон шалып, әңгіме арасында Қызылорда қаласы, Тоқмағанбетов көшесі бойында орналасқан «Форте банкіне» оператор қызметіне жұмысқа тұрғызып бере алатындығын айтып, ұсыныс білдірген. Оның назарын өзіне аударып, өз сөзінде «сыйақысы ретінде 230 мың теңге берсе, қалғанын өзі реттестіретіндігіне» сендірген. «Форте банкінің» алдында 13 қаңтар 2015 жылы кездесіп одан 100 мың теңгесін, 15 қаңтар 2015 жылы қайта кездесіп, «жұмысының барлығы реттестіріліп қойылғандығын» айтып, одан 130 мың теңгесін алдап алып, өз бас пайдасына жаратқан. Жәбірленуші С.Өсербаеваға барлығы 230 мың теңге көлемінде мүліктік шығын келтірген.
Нәтижесінде, Маликова Жаннаға қарсы бөтен мүлікті сенімді теріс пайдалану жолымен жымқырып, алаяқтық қылмысты жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, 23 желтоқсан 2016 жылғы сот үкімімен ол аталған бап бойынша кінәлі деп танып, мүлкі тәркіленіп, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, 1 жылға пробациялық бақылау белгіленді. Сондай-ақ, ақы талапкер С.Өсербаеваның пайдасына 230 мың теңге мүліктік зиян өндірілді.
Қазақстан Республикасының 13 желтоқсан 2016 жылғы № 27-ҮІ рақымшылық жасау туралы» Заңының 2-бабының 1-бөлігінде «қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылады» деп белгіленген.
Алайда, сотталушы Ж.Маликова бұрын бірнеше рет алаяқтық қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны анықталып, Қызылорда қалалық сотының 20.07.2011 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 177-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылды. 2 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданылып, 2 жыл сынақ мерзімі тағайындалып, 13.02.2012 жылы оған рақымшылық жасау туралы Заңы қолданылып, жазадан босатылғаны белгілі болды.
Ал, Қазақстан Республикасының 13 желтоқсан 2016 жылғы № 27-ҮІ «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 5-бабының 7) тармағында «бұрын рақымшылық жасау немесе кешірім жасау қолданылған, қайтадан қасақана қылмыстар жасаған адамдарға осы Заңның күші қолданылмайды» деп белгіленген.
Осыған орай, сотталушы Ж.Маликоваға бұрын рақымшылық жасау қолданылғандықтан, оған қатысты осы онша ауыр емес санатындағы жасаған қылмысы үшін рақымшылық жасау туралы Заң нормаларын қайтадан қолдануға жатпайды.
Бүгінгі күні қалалық соттармен жоғарыда аталған рақымшылық жасау туралы Заң нормаларын қолдану тәсілі кеңінен жүргізілуде.
Мемлекеттік айыптаушы
Қызылорда қаласы прокуратурасының
бөлім прокуроры, әділет кеңесшісі