ҮҺ, «КЕЛІН» КЕТЕТІН БОЛДЫ!
Біз кәдімгі «Келінді» – бес жылдан бері «Қазақстан» ұлттық арнасы арқылы беріліп келген үнді телесериалын айтып отырмыз. Бес жылда балаларымыз Ананди, Ича, Мадхубалаларға еліктеп бітіп еді. Оларға «Тәйт!» деп тыйым салуға тиісті үлкендеріміздің өзі еліктеу, солықтау жағынан оқ бойы озық шықты. Тойға барсақ үндінің «Агайа, агайасын» тыңдап қайтатын болдық. Тележәшіктен жастардың үндіше киім киіп, өрнектерін салғызып, бет ауздарын әшекейлегендігін тамашалайсың. «Самарқанда бір апам бардың..» кері шығар, «девичниктерді» үнді стилінде өткізу сәнге айналды. Халық алдына шығып жүрген әншіміз Кәмшат Жолдыбаева «Пиа, пиа» деп ән салып, бейнеклип түсірді. Әрине, өнерде шекара жоқтығы бедгілі ғой. Бірақ, еліктеудің де шегі болғаны жөн.
Мысалы, көрші Өзбекстан мемлекеті үнді сериалдарын көрсетуге тыйым салыпты. Олардың жастарға арналған «Ешлар» арнасынан бес ай бойы «Тек сен ғана менің сүйіктім» деп аталатын фильм көрсетіп келген көрінеді. Бірінші маусым аяқталған кезде, билік басындағылар сериалдың әрі қарай жалғасуына қарсы болған. «Сериал қауіп тудырады. Себебі, фильмнің негізгі идеясы Өзбек мемлекетінің менталитетіне қарама қайшы» деп байлам жасаған.
Сериал жүріп жатқан уақытта өзбек жастары үнді ғашықтары Ишани мен Ранвердің әндерін ұялы телефондарына тоғыз мың рет жүктепті. Сериалдың қатты әсер еткені соншалық, қыздар қынамен денелеріне үнді белгілерін салып, тойларда фильмнің әндері шырқалатын болған. Тіпті жаңа туған нәрестеге киноның басты кейіпкері Ишанидің есімін беру сәнге айнала бастапты. Осыдан кейін билік сериалға тыйым салуға мәжбүр болған.
Идеология деген осы емес пе?! Ал біз нені, кімді күтіп отырмыз. «Қазақстан» ұлттық арнасында «Келін» сериалы көрсетіліп келе жатқалы неше қаракөзге Ананди есімі қойылды екен?...
Осы фильмге көзіқарақты деген қаншама қандасымыз қарсы болды кезінде. Тіпті әлеуметтік желілерде «Әйтеке, Төле би мен Қазыбек би бар, Оларды көрсетпейді теледидар. Өйткені қазақ шалды жолатпайтын,
Ол жақта үнді кемпір Каляни бар...» деген әзіл өлең де тарады.
Маңдайға басқан жалғыз ұлттық арнамыздың өзі өзгенің дәстүрін насихаттаса, өзгеге не жорық? Бір жақсысы, осы жылғы 24 ақпанда «Келіннің» ең соңғы сериясы көрсетілетін болды. Қысқасы «Келін» кететін болды.
Ары қарай не болады? Біздің телеарналар тағы қандай тосынсый дайындап отыр екен?
Назерке Шарападдин,
Халықаралық ақпараттық технологиялар
университетінің студенті.