БІРАЗ МӘСЕЛЕНІҢ ТҮЙІНІ ТАРҚАДЫ
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Мемлекет басшысы алда жүзеге асырылар қоғамдық-саяси өзгерістерге кеңінен тоқталды. Соның ішінде білім саласындағы реформалар жайлы Елбасы пайымы біраз мәселенің түйінін тарқатты.
«Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін. Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды»,– деді Елбасы.
Елбасы 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытуға көшетінімізді де айтты. Бұл ретте ауыл мен қала мектептерінің деңгейін, маман жетіспеушілігін есте ұстауды ескертті.
Елбасының бұл пікірі білім саласының жаңа сапаға көтерілетінін айғақтап тұр.
Абылайхан САБАНБАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы жанындағы
«Жас Отан» Жастар қанатының» төрағасы