ДАМУЫМЫЗДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Тәуелсіздік жылдары ел бірлігі нығайып, халқымыздың бейбітшілік аясындағы тұрмысы жақсарып, әлемдегі озық отыз ел қатарына қосылуға ұмтылудамыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін баршамыз шын ықыласпен тыңдадық. Президент Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу арқылы мемлекеттің басқару жүйесін жаңғыртатын кез келгенін айтты. Президенттің әлеуметтік-экономкалық процестер ді реттеудегі біршама өкілеттіктері Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беріледі. Бұл Үкімет, министрлер мен әкімдердің жауапкершіліктерін арттыруға алып келеді. Сонымен бірге, Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлі күшейеді. Елбасы Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететінін жеткізді. Бұл министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілікті арттырады.
Парламент палаталары жекелеген министрлерге, олардың қызметін бағалай келе, сенімсіздік білдіре алады. Бұл орайда, жергілікті атқарушы билікке қатысты да Парламенттің құзыреті артады. Осыған байланысты конституциялық реформаларды жүзеге асыру барысында Үкімет пен Парламенттің құзыреттері күшейтіліп, кәсіби деңгейлері артады. Бұл реформалар еліміздің демократиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді. Осы орайда, Елбасының мұндай бастамалары өңірлерге де тың серпін беретіні анық. Сондықтан, Ұлт жоспарында ауылшаруашылық саласын дамытуға да ерекше мән берілген. Аграрлық саланы тұрақты түрде мемлекет тарапынан қаржылай қолдаудың арқасында еліміз әлемнің астықты державаларының қатарына қосылды. Осындай жетістіктерге жету үшін ауыл шаруашылық саласына қатысты заңнаманы заман талабына сай үнемі жетілдіру қажет. Ауыл шаруашылығын кооперациялау заңы майда шаруа қожалықтары мен жеке сектордағы өндірілген дақылдарды жинақтап, өңдеп, өткізуге көмегін тигізіп отыр. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығының өнім өндірісін арттырса, екіншіден ауыл тұрғындарының күнкөріс көзіне айналуда. Еліміздің жұртшылығы ұлтты ұйыстырып отырған Елбасының саясатын қолдайды. Әсіресе, Парламент сайлауында жеңіске жеткен партияның Үкімет мүшелерін жасақтайтыны көңілге қонымды. Бұл жаңашылдық еліміздегі мемлекеттік басқару ісін жетілдіре түсетіні сөзсіз. Ендеше, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың елімізді жаңа белестерге көтеретін жасампаз бастамаларын жүзеге асыруға бір адамдай болып атсалысуға шақырамын.
Абзал ЕРАЛИЕВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты,
«Нұр Отан» фракциясының
мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері
Абзал ЕРАЛИЕВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты,
«Нұр Отан» фракциясының
мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері