МАҢЫЗДЫ БЕТБҰРЫС
Елбасының билік тармақтарын бөлісу жөніндегі үндеуі қоғамда қызу талқылануда.
Күшті Президенттік вертикаль бізге жас мемлекетті қалыптастырудағы орасан зор қиындықтарды еңсеру үшін қажет болды. Бұл уақытында өзін-өзі ақтады. Біздің барлық қол жеткізген жетістіктеріміз дәл осы жүйе кезінде жүзеге асырылды. Аталған реформа мемлекетті басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға негіз болды.
Елде жаңа мемлекет, жаңа экономика, жаңа қоғам құрылды. Алайда әлем бүгінде көз алдымызда өзгеріп жатыр. Қоғамдық үдерістердің жылдамдылығы мен күрделілігі Қазақстанда да сезілуде. Ұсынылып отырған саяси құжаттың мақсаты мен мазмұны-билік өкілеттіктерін сарабдалдықпен қайта бөлуде, саяси жүйені тұтастай демократияландыруда екені көрінеді. Бір жағынан алғанда, құзырет шегіндегі өкілеттіктерді мемлекет басшысының өз еркімен биліктің басқа тармақтарына беруі-әлемде сирек кездесетін құбылыс. Аталған реформа мемлекеттің демократиялық жаңару үдерісіндегі тарихи саяси шешім, маңызды бетбұрыс болып табылады.
Бұл реформа екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеудегі бірқатар міндеттерін Үкімет пен басқа да атқарушы органдарға беру көзделген. Яғни, аталған салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толық жауап беретін болады.
Екіншіден, билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету көзделген. Бұл реформаның арқасында Үкіметті жасақтауда Парламенттің ролі артады. Парламент сайлауында жеңіске жеткен партия Үкімет құрамын анықтауға ықпал ететін болады. Бұл жағдай Министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады, сонымен қатар, биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтеді.
Үндеуде көрсетілген екі бағыттың қай-қайсысы да жауапкершілік пен кәсібилікті арттыру арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін одан әрі жетілдіре түсетіні анық. Елдің мүддесі мен уақыт талабын, ұрпақ болашағын ойлай отырып, мемлекетті басқару тиімділігін жетілдіру жөнінде жариялаған Президенттің бұл ұсынысын ел азаматы ретінде толық мақұлдаймын.
Нағашыбай Халықұлов,
Арал аудандық ауруханасының дәрігері,
КСРО және ҚР Денсаулық сақтау үздігі.