ХАЛЫҚ ҚОЛДАУЫНА ИЕ БОЛДЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық телеарналар арқылы Қазақстан халқына жолдаған Үндеуінде Конституциялық реформалар мен тиісті Заңдарды өзгерту арқылы Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беретінін және Қазақстанда Үкіметті жасақтауда парламенттің рөлі күшейтілетінін мәлімдеді. Оның басты мақсаты– еліміздегі мемлекеттік басқару жүйесін өзгерту арқылы Үкімет пен Парламенттің халықтың алдындағы жауапкершілігін арттыру, саяси партиялардың сайлау үрдісіне белсене қатысу жүйесін құру, Үкімет пен Парламент депутаттарының мәртебесін көтеру, сот-құқықтық жүйесі мен мемлекеттік қызметті одан әрі дамытуды реформалау. Аталған өзгерістер Қазақстандағы мемлекеттік биліктің негіздерін нығайту ісіне қызмет ететіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі демократиялық реформаларды жалғастыру арқылы Парламенттің өкілеттіктерін күшейту керектігі айтылған болатын.
Міне, бүгінде осы мақсаттар жүзеге асқалы отыр. Бұл реформалар еліміздің саяси-демократиялық дамуына оң ықпал етеді. Осының барлығы өз тәуелсіз елімізді басқарып келе жатқан Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының нақтылы іске асқанын білдіреді. Елбасы жастық шағында: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүние жүзіне танытып, терезесін тең етер едім», — деп арман етіпті. Елбасының сол арманы бүгіндері жүзеге асты. Ендеше, Елбасының осы бастамасын барлық қазақстандықтар қолдайды деп сенемін.
М.ЕСПАНОВ,
Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы