МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КҮШЕЙТЕДІ
Елбасы Н.Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі үндеуінде еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселе ұсынылып отырғанын байқаймыз. Үндеудің басты мақсаты еліміздің демократиялық бағытта дамуын одан әрі тереңдетуде жатыр. Осыған дейін қабылданған 5 институционалдық реформаның бесіншісінде көрсетілгендей, ашық Үкімет идеясы іске асатын болады. Бұл жаңару мемлекетіміздің өркениетті саяси дамуға бет бұрғанын білдіреді.
Мемлекеттік билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлуге қадам басуымыз – мемлекеттің, экономиканың және қоғамның қол жеткізген даму деңгейін сезінудің нақты нәти¬жесі, елдің одан әрі ырғақты дамуы¬на бағытталатын ауқымды шара .Сондай-ақ, Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын жасақтауға түпкілікті ықпал жасайтын болады.
Аталған реформа қоғамдық талқылауға салынып, келіп түскен ұсыныстар негізінде қорытынды жасалады. Бұл жаңару үдерістері мемлекетті басқарудың тиімділігін күшейтетіні сөзсіз.
Гульчин Гейдарова
«Қызылорда облыстық түрік этномәдени орталығы»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы