ҚАҺАРМАН ҚОЛБАСШЫ
Әбдісаттар Оспанов,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
Жанқожа Нұрмұхаммедұлы – ХҮІІІ-ХІХ ғасырда Сыр бойы мен Арал теңізі аймағында мекендеген халықтың ұлт-азаттығы жолындағы күрес қаһарманы. Ол оңтүстікте Қоқан мен Хиуа хандығының шапқыншылығына, батыста Ресей патшалығының отарлау саясатына қарсы қозғалыстарды ұйымдастырған даңқты қолбасшы. Кенесары ханның тұсында Созақ қамалын қоқандықтардан тартып алу жолындағы жойқын соғысқа қатысқаны тарихи шындық.
2014 жыл батырдың туған жерінде – Қазалы ауданында «Жанқожа Нұрмұхаммедұлы жылы» деп жарияланды. Халық батырының 240 жылдығына орай өткізілетін мерейтойды жан-жақты ұйымдастыру мақсатында аудандық және облыстық комиссия құрылған. Қазан айының 10-12-сі күндеріне белгіленген іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылорда қаласында еңселі ескерткіш тұрғызылып, ғылыми-танымдық конференция, батыр туралы кітаптардың тұсаукесері өтеді.
Ал Қазалы ауданында жүзден астам киіз үй тігіліп, республикалық деңгейдегі айтыс пен ат бәйгесі, аймақтық ақындар мүшәйрасы, қазақша күрес, тағы басқа ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылады, жазушы Рүстем Жанайдың «Жанқожа батыр» пьесасының қойылымы көрсетіледі. Ұлы қолбасшыны ұлықтау шараларына біздің облысымыздан да ақындар мен шабандоздар және балуандар шақырылған.
Бүгін біз оқырман назарына жазушы Әбдісаттар Оспановтың «Ұлт-азаттық күрестің қаһарман қолбасшысы» атты тарихи-танымдық мақаласын ұсынып отырмыз.
Сыр бойы мен Арал өңірін мекендеген қазақтар 18-19-ғасырда әсіресе, Кіші жүз ханы Әбілқайырды Барақ сұлтан өлтіргеннен кейін, оңтүстіктегі Қоқан, Хиуа хандарының шапқыншылығынан көз ашпады.
Олардың қанды шеңгелі және өз ішіндегі руаралық қырқысулар мен барымта шабуылдары бұқара халықты әбден титықтатты. Қажыған, азап шеккен, ар-намысы тапталған халықтың қайғы-қасіретін жеңілдетуді, елінің егемендігін, туған жерінің тәуелсіздігін сақтап қалуды ойлаған дала батырлары өз маңайындағы рулардың басын біріктіріп, жан-жақтан анталаған жауға қарсы тұрды. Сондай елім деп еңіреген, бар саналы ғұмырының жетпіс жылын жаулармен жағаласып өткізген хас батырлардың бірі – көзінің тірісінде-ақ аты аңызға айналған Жанқожа Нұрмұхаммедұлы.

Жанқожа 1774 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Арықбалық ауылдық округінің жерінде дүниеге келген. Ол әкеден бесеу, анадан төртеу. Өз анасы, қарақалпақтың айтулы батыры Нұртайдың қарындасы Қызайдан: Ақмырза, Жанқожа, Жауқашар, Бек; екінші анасынан – Шөже. Жанқожаның атасы Киікбай Кіші Жүздің Тама руынан шыққан Есет тарханның қарындасы Тәжіге үйленген. Батырлар әулетінен туылған Нұрмұхаммед те батыр болған. Киікбай–Әбілқайыр ханның арқа сүйер батырларының бірі, әрі би екен.
Жанқожа онбес жасында халық көзіне түседі. 1789 жылдың күзінде әкесінің немере туысы, батыр, хан атанған Қылышбай сырт жаулардан мазасы кеткен соң сарбаз жинап, барымталанған мал-мүлікті қайтарып алу үшін жорыққа аттанады. Жылқы бағып жүрген Жанқожа бала осыны естігеннен астыртын дайындалып, сарбаздардың соңын ала атқа қонады. Мұны ұзап шыққан соң білген Қылышбай, бір өзін қайтармай, ала кетеді. Алайда, ұрысқа қоспайды.
Жауынан есесін алып, елге қайтып келе жатқанда, Қылышбайдың інісі Күйеубай Қаракесек руының Есенбек атты жетім жігітінің барымтаға кеткен малының орнына олжалап келе жатқан түйесін, сұлу қызды, арғымақ пен басқа да дүниелерін тартып алады. Есенбектің шағымын хан жауапсыз қалдырады. Жігіт налып, қалың қолдың соңында жылап келе жатады.
Үлкен шоғырға қосылмай, шеттеп қалған Жанқожа болған жағдайды Есенбектен біліп алады да, әскердің алдында келе жатқан хан тобына қарай шаба жөнеледі. Туысының әділетсіздігіне зығырданы қайнаған бала, ағызған бойы, бейқам келе жатқан Қылышбайдың шеке тұсынан айбалтасын сілтеп өтеді. Хан аттан құлайды. Ес-түссіз оны сарбаздар елге жеткізеді. Бұл сұмдықты естіген Нұрмұхаммед баласының қол-аяғын қыл шылбырмен байлап, өлгелі жатқан Қылышбайдың алдына әкеліп, жолына құрбандыққа шалмақ болады. Арада көп күн өтіп, есін жинаған хан, тілге келіп: «Білместік өзімнен болды. Өліп кетсем, балаға тимеңдер. Оның бетіне де келмеңдер. Бүгін маған ұрған балтасы ертең жауға қарсы сілтенер! Енді әділдік туын көтеретін де, елге қорған болатын да Жанқожажан» дейді.
Арада үш жыл өткенде, қарақалпақ Тықы батыр Әлімнің ардақты биі Жылқайдарды өлтіріп, ауылын тонап, көп мал олжалайды. Оның соңынан қуып барған әскерде Жанқожа да бар екен. Ол жекпе-жекте Тықыны өлтіреді. Тағы төрт жылдан соң, Арқа жақтан келіп, ауылының жігіттерін өлтіріп, көп жылқы қуып кеткендердің соңынан барып, жекпе-жекте Хангелді деген бас батырларын бақиға аттандырады. Қара халықтың арашашысы бола білген Жанқожа, өз елінің шонжарларымен де сан рет қырқысады. Керемет күш иесі болумен қатар, ол көріпкелдігімен, қолбасшылық шеберлігімен де әйгіленеді.
Жанқожа әділдік іздеген жарлы-жақыбайлардың жоғын жоқтап билікке араласады. Ол ретті жерінде төрелікті бұзып, жәбірленушінің теңдігін алып беріп отырады. Алар парасынан айрылған және абыройдан жұрдай болған билер Жанқожадан құтылудың амалын ойлайды. Мұны естіген Жанқожа ағайын-туысына өкпелеп, Жайық бойына көшеді. Онда Қыр Шектілерінің Есет, Ерназар, Бекет сынды батырларымен бірге жүреді. Бірақ, өкпелеп кетсе де, ел жайына құлақ түріп, күзде жақын келіп, Қарақұмды қыстап жүреді...
1840 жыл шамасында, Түркістан маңын көптен қоныстанып жүрген Тама руының басшысы Құрбан бидің жалғыз баласын қоқан бектері дарға асады. Олар атақты Сарман биді де өлтіреді. Қартайғанда жалғызы мен туысынан айрылған Құрбан би үш жүздің батырларына хабар жібереді. Мұндай хабар Сырдағы Жанқожа батырға да жетеді. Сол күндері батырға Ұлытауда хан жарияланған Кенесарыдан да хабар келеді. Ол 1841 жылы қыркүйектің басында Тоғанай, Қыстаубай, Сатыбалды, Көпжасар, Бердібай, Қызылбас палуан сынды батырлар бастаған алты жүз сарбазымен шығып, жолда дария бойына қоқандықтар салған жиырмадан астам шағын бекіністі талқандап, Созаққа барады. Кенесары хан үш жүздің әскеріне үш күннен уақыт белгілейді. Ешқайсысы ала алмаса, қалған әскерлермен өзі шабуылдамақ ниетін айтады.
Оның неге бұлай істегенін түсінген Жанқожа сарбаздарын алып бір түнде кетіп қалады. Ол мұның мәнісін сарбаздарына былай түсіндіреді: «Кене хан біздің аздығымызды пайдаланып, «бұлардың күші жетпейді, сондықтан соғысқа кірмей-ақ кетіп қалады» деп отыр. Сондықтан, біз Созаққа Қоқаннан көмекке келе жатқан әскердің алдын тосып, тұтқиылдан шабуылдаймыз» дейді. Бұлар екі күндік жердегі Қаратаудың қыспақ жолының ұрымтал тұсына тосқауыл құрып, Қоқаннан келе жатқан екі жарым мыңдай әскердің быт-шытын шығарып, бас батыры Тағанды он екі сарбазымен тірідей байлап алып, Созаққа келеді. Кезегі келгенде әскери айланы шебер қолданып, қаланы алады. Жанқожаның бұл жорығы жөнінде хан ақыны Доғалақпен айтысқанда, Төремұрат жырау:
...Ер Жәкең мұнан барып Созақты алды,
Бір емес, жиырма бірдей қаланы алды.
Қоймады оныменен батыр Жәкең,
«Қой бақ!» деп сарт бегіне азап салды... – дейді
...Қоқандықтардың Түркістаннан Қосқорғанға (қазіргі Жосалы кентінің маңы) дейінгі аралықты басып алғанын білген Хиуа ханы да қарап жатпай, сол бекіністен әрі Арал теңізіне дейінгі аралықтағы қазақтарға үнемі шабуыл жасап, мал барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқындап кетіп отырады.
Шапқыншылық пен тонау, қанау күшейе береді. Хиуа ханына қызмет етіп, өз халқының мүддесін сатқан Сауқым Бөкеев, Ермұханбет (Елекей) Қасымов, Жанғазы Шерғазиев, Қайыпқали Есімов сияқты сұлтандар халықты сүліктей сорып, байлыққа белшесінен батады. Сыр бойынан жәбір көргендер Жанқожаны паналайды. Қуаң бойына бекініс салған Уәйіс-Нияз бек зекет бермегендерді аяусыз жазалайды. Жанқожа бастаған Кішкене Шектілердің шексіз зұлымдыққа қарсы шықпай қоймайтынын білген хиуалықтар, Сыр бойына 1839 жылы тағы бір бекініс салады. «Бесқала немесе өзінің бастығы Бабажанның атымен аталған бұл бекіністің салыну мақсаты – Сырдың екі жағында көшіп жүрген, Хиуа хандығына зекет төлеуден бастартқан Кішкене Шектілерді бағындыру еді» деп жазды Макшеев. Шынында, солай еді. Бабажан Жанқожаның ағасы, Төртқара руының биі Ақмырза батырды зекет төлемегені үшін қол-аяғын байлап, 1839 жылы дарияға тастап өлтіреді.
Бірақ 1845 жылы күзде, алым-салықтан әбден қажыған халықтың ашу-ызасы шегіне жетеді. Жанқожаға хабар жіберген сол жердегі халық қорғанды қоршап тұрады. Арал теңізі жағынан келген Қаракесек Ақтан батыр олардың көмегімен Бабажан қамалын талқандап, өзін өлтіріп, баласы Майқараны, Жанғазы ханды, сатқын Раманқұлды ұстап, Жанқожаға тапсырады. Енді Жанқожа батыр Сыр бойын Хиуа хандарының езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне шабуыл жасап, бірінен соң бірін талқандайды. Қуаңдағы бекіністі қиратып, мал-мүліктерді қайтарады. 1845 ж. бекіністі қалпына келтіруге келген екі мыңдай хиуалықтың быт-шытын шығарады.
«Хиуалықтар жерімізге бекіністер салды. Біз оларды қираттық. Қақтығыс кезінде көптеген хиуалықтарды өлтіріп, қалғандарын Хиуаға қуып салдық» дейді Жанқожа батыр, Орынбор бекінісінің бастығына жазған бір хатында.
1847 жылы 30-маусымда Орынбор әскери бекінісінің генерал-губернаторы В.В.Обручевтың басқаруындағы орыс отряды, Арал теңізінен 60 шақырым жердегі Сырдың оң жағасындағы биік түбекте Райым фортын сала бастайды. Сол жылдан бастап Хиуа шапқыншылығы күшейе түседі. 5-6 наурызда Уәйіс-Нияз бек Сырдың екі жағын, Атанбас, Ақирек, Қарабұғаз, Қамыстыбас көлдерінің маңын қыстаған 1400-ге жуық үйді ойрандап, төрт жүздей адамды өлтіріп, әйелдер мен қыздарды күңдікке алып кетеді. Хайуандықтың шегіне шыққан олар өлгендердің бастарын, тірілердің құлақтарын кесіп алып кетіп, хандарынан әр бас пен әр екі құлағы үшін сыйлық алады.
Сол жылдың 18-21 тамызы күндері Хиуаның бегі Қожа-Нияз жіберген Елекей Қасымұлы, қайтадан хан болғанЖанғазы Шерғазыұлы сұлтандар 1500 сарбазымен Сырдың оң жағындағы мыңдай үйдің шаңырағын ортасына түсіреді. Жүз адамды өлтіріп, 21 отбасын тұтқынға алады. Төрт адамның басын кесіп алып, денелерін суға лақтырады. Бұл ауылдарды ойрандаған соң, олар Төртқара, Жақайым рулары ауылдарын шабуылдап, адамдарды өлтіріп, көп мал олжалап, біраз адамды тұтқындайды.
Ырғыз жақта жүрген Жанқожа осы қырғын жайлы естіп, тез қол жинап келеді. Райымда бекініс салып жатқан подп. Ерофеев пен капитан Бутаковқа соғып, олардан көмек сұрайды. Бірақ, тұшымды жауап ала алмаған соң кетіп қалады да, ойрандалған ауылдардың үстімен «Қаралаң» өткеліне қарай бет алады. Жолда болған сұмдықтың салдарын көзімен көріп, қатты тебіренеді. Сол бетінде дариядан аттарын жүздіріп өткен Жанқожа, арғы жағалауға орналасқан хиуа бекінісі «Жанқалаға» шабуыл жасап, өрт қояды. Батырдың ренжіп кеткенін сезген орыс офицерлері көп ұзамай екі шхунамен келіп, бекініске кеме үстіндегі жеңбіректерден оқ жаудырады. Мұны көрген батыр бекініске шабуылдауды соларға қалдырып, мал мен адамдарды алып кеткен хиуалық әскердің соңына түседі. Оларды Қуаңға жақындағанда қуып жеткен Жанқожа тұтқындар мен мүліктерді, 3000 түйе, 500 жылқы, 2000 мүйізді ірі қара, 50000 қойды қайтарып, иелеріне табыс етеді. Әрқайсысы 40 адам, 250 пұт жүк көтеретін бес қайықты олжалайды. Мал иелерінен 100 қой сұрап алып, көмектескендері үшін, орыстарға дастархан жаяды.
Хиуалықтардың шапқыншылығы мен езгісінен әбден қайыршыланған Сыр қазақтары енді амалсыздан патша үкіметін іс жүзінде танып, хиуалық бектерге қарсы күресте олардан жәрдем күтіп, бекініс маңына шоғырланады. Жанқала соғысынан кейін, патша үкіметі Жанқожаға «есаул» атағын беріп, 1848 жылдың 1-майынан бастап жылына 200 сом күміс ақша төлеп, Сырдың оң жағалауынан Қарақұм, Борсық құмдарына дейінгі аралықтағы қазақтардың басқарушысы етіп тағайындауға жарлық береді.
1845 жылы Бабажан қамалын талқандап, өзін өлтіргеннен кейін, Орынбор шекаралық комиссиясы төрағасы генерал Ладыженский Орал бекінісіндегі Беглов деген шенеунікке Жанқожаны шақыртып, «патша үкіметі алдында сіңірген еңбегі үшін», пазументті кафтандық шұға мен екі жүз сом тарту етуді тапсырады. Беглов хат жазып, екі қазақты жібереді. Бірақ, батыр шен-шекпен мен ақшаны алуға бармайды. Ол хаттағы: «патша үкіметі алдында сіңірген еңбегі үшін» деген сөздерді төрт қайтара оқытып, жауап хатында: «Сіз жіберген адамдармен кездестім және ұлы мәртебелі губернатор, комиссия генералы Ладыженский маған сыйлыққа екі жүз сом ақша мен пазументті кафтандық шұға бергенін толық есіттім. Бірақ, мұндай сыйлыққа лайықты емеспін. Ресей үкіметіне қызмет жасаған жоқпын. Сондықтан, бұл сыйлықтарды ала алмаймын. Бекініс бастығы, майор, комиссия шенеунігі Салих мырза, бұл заттарды алмағаным үшін, мені кеудемнен итермеңіз. Орыстар жайлы жағымсыз ойларым жоқ» дейді.
Алайда, Хиуа хандығының Сыр бойына жасаған шапқыншылығынан қауіптенген патша үкіметінің әскери басшылары бекініс бастықтарына батыр ант қабылдамаса да оны «мазалай бермей», қажет кезінде пайдалана білу керектігін қатаң тапсырады.
Бірақ, қазақтардың үміті ақталмады. Теңгерме салық кедей шаруаларды титықтатып, оны жинаушы билер, тілмаштар байлыққа белшелерінен батты. Жылына бір салынатын салық 4–5 рет жиналды. Қазақтар бекініс жұмысына еріксіз алынды. Бұрын мұндай жұмыс істемеген халық үшін, бұл каторгадан да ауыр тиді. Істеген жұмыстарына тиесілі, патша жарлығымен белгіленген еңбекақыларын есебін тауып форт қызметкерлері пайдаланып кетіп отырды.
Ол жайлы губернатор В.А.Перовскийге: «...Қазақтардың №1 фортта істеген жұмыстары үшін белгіленген мөлшердегі ақының жартысы ғана төленген, ал қалғанын Ахмеров өзінің жеке пайдасы үшін алып қалып, қазақтар форт басшысына шағым етпек болғанда, оларды жазалап, қорқытып отырған» деп хабарлады, Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы В.В.Григорьев.
Патша үкіметінің қазақтарға «тартқан сыйы» мұнымен де шектелмеді. Сыр бойындағы ең құнарлы суармалы жерлер қоныс аударушы казактар мен әскери шенділерге тартып алынып берілді. Мүлде жерсіз қалған қазақтардың тағдырымен олардың шаруасы болмады. «Жабайы» қазақтарды ұрып-соғу, атып тастау форт әкімдері мен солдаттарға түкке де тұрмады. «Бірде кірпіш күйдіру кезінде, солдаттар үш қазақты ұстап алып, «қызық үшін» пештің оттығына қамап қойса, бірнеше минуттан кейін олар түгі қалмай өртеніп кетіпті» деп есеп берген Қазалы фортының басшылары, өздерінен жоғарыдағыларға.
Осындай шектен шыққан зұлымдықтар бұқара халық пен Жанқожаның ашу-ызасын қанасынан асырды. Қартайса да, өзін ел қамқоршысымын деп ойлайтын ол, сексен үш жасында тағы айбалтасын білегіне іліп, атқа қонды. Мұздай қаруланған әскері бар Сырдария бекінісіне дайындықсыз, аз күшпен шабуыл жасау мүмкін емес болатын. Сондықтан, батыр 1856 ж. жазда форт басшыларынан жәбір көрген егінші, малшыларды, еріктілерді дарияның сол жағына өткізіп, Үшөткелдің маңындағы Қызылқұмға шоғырландырды.
Батыр 1856 ж. желтоқсанының ортасында 1500 сарбазымен бұрынғы Жанқала бекінісі маңынакелді. Көтерілісшілерден құрылған әр екіжүздік жасақты Жиеней руынан Сырлыбай Шабақұлы, Төртқара руынан Үмбет Әлімұлы, Керейтқожа руынан Аманқожа Әуменов, т.б. басқарды. Көтеріліске Сыр бойындағы барлық рулар қатынасты. Олар балта, шоқпар, найза, садақ, аз ғана білтелі мылтықпен қаруланған аттылы-жаяулы, өгіз мінгендер еді.
Желтоқсанның аяғында көтерілісшілер бірнеше топқа бөлініп, Қазалы фортының тұс-тұсынан шабуыл жасап, форт қызметкерлерінің және қоныс аударушылардың 130 күдеден астам шөбін өртеп жіберді. Бірнеше жүз бас мал қолға түсірді. Көтеріліс болғалы жатқанын тыңшылардан естіген форт бастығы майор Булатов қорғанысты толық қамтамасыз етті. 250 атты казак бірнеше батареяның күшімен көтерілісшілер шабуылын тойтарып отырды.
Жанқожа онбес жасында халық көзіне түседі. 1789 жылдың күзінде әкесінің немере туысы, батыр, хан атанған Қылышбай сырт жаулардан мазасы кеткен соң сарбаз жинап, барымталанған мал-мүлікті қайтарып алу үшін жорыққа аттанады. Жылқы бағып жүрген Жанқожа бала осыны естігеннен астыртын дайындалып, сарбаздардың соңын ала атқа қонады. Мұны ұзап шыққан соң білген Қылышбай, бір өзін қайтармай, ала кетеді. Алайда, ұрысқа қоспайды.
Жауынан есесін алып, елге қайтып келе жатқанда, Қылышбайдың інісі Күйеубай Қаракесек руының Есенбек атты жетім жігітінің барымтаға кеткен малының орнына олжалап келе жатқан түйесін, сұлу қызды, арғымақ пен басқа да дүниелерін тартып алады. Есенбектің шағымын хан жауапсыз қалдырады. Жігіт налып, қалың қолдың соңында жылап келе жатады.
Үлкен шоғырға қосылмай, шеттеп қалған Жанқожа болған жағдайды Есенбектен біліп алады да, әскердің алдында келе жатқан хан тобына қарай шаба жөнеледі. Туысының әділетсіздігіне зығырданы қайнаған бала, ағызған бойы, бейқам келе жатқан Қылышбайдың шеке тұсынан айбалтасын сілтеп өтеді. Хан аттан құлайды. Ес-түссіз оны сарбаздар елге жеткізеді. Бұл сұмдықты естіген Нұрмұхаммед баласының қол-аяғын қыл шылбырмен байлап, өлгелі жатқан Қылышбайдың алдына әкеліп, жолына құрбандыққа шалмақ болады. Арада көп күн өтіп, есін жинаған хан, тілге келіп: «Білместік өзімнен болды. Өліп кетсем, балаға тимеңдер. Оның бетіне де келмеңдер. Бүгін маған ұрған балтасы ертең жауға қарсы сілтенер! Енді әділдік туын көтеретін де, елге қорған болатын да Жанқожажан» дейді.
Арада үш жыл өткенде, қарақалпақ Тықы батыр Әлімнің ардақты биі Жылқайдарды өлтіріп, ауылын тонап, көп мал олжалайды. Оның соңынан қуып барған әскерде Жанқожа да бар екен. Ол жекпе-жекте Тықыны өлтіреді. Тағы төрт жылдан соң, Арқа жақтан келіп, ауылының жігіттерін өлтіріп, көп жылқы қуып кеткендердің соңынан барып, жекпе-жекте Хангелді деген бас батырларын бақиға аттандырады. Қара халықтың арашашысы бола білген Жанқожа, өз елінің шонжарларымен де сан рет қырқысады. Керемет күш иесі болумен қатар, ол көріпкелдігімен, қолбасшылық шеберлігімен де әйгіленеді.
Жанқожа әділдік іздеген жарлы-жақыбайлардың жоғын жоқтап билікке араласады. Ол ретті жерінде төрелікті бұзып, жәбірленушінің теңдігін алып беріп отырады. Алар парасынан айрылған және абыройдан жұрдай болған билер Жанқожадан құтылудың амалын ойлайды. Мұны естіген Жанқожа ағайын-туысына өкпелеп, Жайық бойына көшеді. Онда Қыр Шектілерінің Есет, Ерназар, Бекет сынды батырларымен бірге жүреді. Бірақ, өкпелеп кетсе де, ел жайына құлақ түріп, күзде жақын келіп, Қарақұмды қыстап жүреді...
* * *
19-ғасырдың 1-жартысында Сыр бойындағы қазақтардың біраз жерлері мен бекіністерін Қоқан бектері басып алады. Әлім хан Сайрам, Шымкент қалалары мен олардың төңірегіндегі жерлерді жаулап алса, оның мирасқоры Омар қазақ хандығының астанасы болған Түркістан қаласын өзіне қаратады. «1814 ж. өздерінің иеліктерін кеңіту мақсатында, Сырдарияның төменгі ағысына қарай жылжи отырып, қазақтардың тіршілігіне қол сұғып, олардан зекет, үсір талап ете бастады» деп жазды кезінде А.И.Макшеев. Қоқандықтар Сауран қамалын қалпына келтіріп, одан әрі Жаңақорған, Жөлек, Күмісқорған, Шымқорған, Қосқорған, т.б. да бекіністер салады. 1817 жылы Сырдың сол жағасынан Ақмешіт бекінісінің құрлысын бастап, көктемгі тасқын су басып кеткен соң, келесі жылы дарияның оң жағасына көшіреді. Сыр бойына үйренген қазақтар жерлерін тастап кете алмай, Қоқан бектеріне зекет төлей бастайды. Бектер мұнымен қоймай, қазақтың ел басшыларын өлтіріп, қыз-келіншектерін зәбірлейді. 1840 жыл шамасында, Түркістан маңын көптен қоныстанып жүрген Тама руының басшысы Құрбан бидің жалғыз баласын қоқан бектері дарға асады. Олар атақты Сарман биді де өлтіреді. Қартайғанда жалғызы мен туысынан айрылған Құрбан би үш жүздің батырларына хабар жібереді. Мұндай хабар Сырдағы Жанқожа батырға да жетеді. Сол күндері батырға Ұлытауда хан жарияланған Кенесарыдан да хабар келеді. Ол 1841 жылы қыркүйектің басында Тоғанай, Қыстаубай, Сатыбалды, Көпжасар, Бердібай, Қызылбас палуан сынды батырлар бастаған алты жүз сарбазымен шығып, жолда дария бойына қоқандықтар салған жиырмадан астам шағын бекіністі талқандап, Созаққа барады. Кенесары хан үш жүздің әскеріне үш күннен уақыт белгілейді. Ешқайсысы ала алмаса, қалған әскерлермен өзі шабуылдамақ ниетін айтады.
Оның неге бұлай істегенін түсінген Жанқожа сарбаздарын алып бір түнде кетіп қалады. Ол мұның мәнісін сарбаздарына былай түсіндіреді: «Кене хан біздің аздығымызды пайдаланып, «бұлардың күші жетпейді, сондықтан соғысқа кірмей-ақ кетіп қалады» деп отыр. Сондықтан, біз Созаққа Қоқаннан көмекке келе жатқан әскердің алдын тосып, тұтқиылдан шабуылдаймыз» дейді. Бұлар екі күндік жердегі Қаратаудың қыспақ жолының ұрымтал тұсына тосқауыл құрып, Қоқаннан келе жатқан екі жарым мыңдай әскердің быт-шытын шығарып, бас батыры Тағанды он екі сарбазымен тірідей байлап алып, Созаққа келеді. Кезегі келгенде әскери айланы шебер қолданып, қаланы алады. Жанқожаның бұл жорығы жөнінде хан ақыны Доғалақпен айтысқанда, Төремұрат жырау:
...Ер Жәкең мұнан барып Созақты алды,
Бір емес, жиырма бірдей қаланы алды.
Қоймады оныменен батыр Жәкең,
«Қой бақ!» деп сарт бегіне азап салды... – дейді
...Қоқандықтардың Түркістаннан Қосқорғанға (қазіргі Жосалы кентінің маңы) дейінгі аралықты басып алғанын білген Хиуа ханы да қарап жатпай, сол бекіністен әрі Арал теңізіне дейінгі аралықтағы қазақтарға үнемі шабуыл жасап, мал барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқындап кетіп отырады.
Шапқыншылық пен тонау, қанау күшейе береді. Хиуа ханына қызмет етіп, өз халқының мүддесін сатқан Сауқым Бөкеев, Ермұханбет (Елекей) Қасымов, Жанғазы Шерғазиев, Қайыпқали Есімов сияқты сұлтандар халықты сүліктей сорып, байлыққа белшесінен батады. Сыр бойынан жәбір көргендер Жанқожаны паналайды. Қуаң бойына бекініс салған Уәйіс-Нияз бек зекет бермегендерді аяусыз жазалайды. Жанқожа бастаған Кішкене Шектілердің шексіз зұлымдыққа қарсы шықпай қоймайтынын білген хиуалықтар, Сыр бойына 1839 жылы тағы бір бекініс салады. «Бесқала немесе өзінің бастығы Бабажанның атымен аталған бұл бекіністің салыну мақсаты – Сырдың екі жағында көшіп жүрген, Хиуа хандығына зекет төлеуден бастартқан Кішкене Шектілерді бағындыру еді» деп жазды Макшеев. Шынында, солай еді. Бабажан Жанқожаның ағасы, Төртқара руының биі Ақмырза батырды зекет төлемегені үшін қол-аяғын байлап, 1839 жылы дарияға тастап өлтіреді.
Бірақ 1845 жылы күзде, алым-салықтан әбден қажыған халықтың ашу-ызасы шегіне жетеді. Жанқожаға хабар жіберген сол жердегі халық қорғанды қоршап тұрады. Арал теңізі жағынан келген Қаракесек Ақтан батыр олардың көмегімен Бабажан қамалын талқандап, өзін өлтіріп, баласы Майқараны, Жанғазы ханды, сатқын Раманқұлды ұстап, Жанқожаға тапсырады. Енді Жанқожа батыр Сыр бойын Хиуа хандарының езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне шабуыл жасап, бірінен соң бірін талқандайды. Қуаңдағы бекіністі қиратып, мал-мүліктерді қайтарады. 1845 ж. бекіністі қалпына келтіруге келген екі мыңдай хиуалықтың быт-шытын шығарады.
«Хиуалықтар жерімізге бекіністер салды. Біз оларды қираттық. Қақтығыс кезінде көптеген хиуалықтарды өлтіріп, қалғандарын Хиуаға қуып салдық» дейді Жанқожа батыр, Орынбор бекінісінің бастығына жазған бір хатында.
1847 жылы 30-маусымда Орынбор әскери бекінісінің генерал-губернаторы В.В.Обручевтың басқаруындағы орыс отряды, Арал теңізінен 60 шақырым жердегі Сырдың оң жағасындағы биік түбекте Райым фортын сала бастайды. Сол жылдан бастап Хиуа шапқыншылығы күшейе түседі. 5-6 наурызда Уәйіс-Нияз бек Сырдың екі жағын, Атанбас, Ақирек, Қарабұғаз, Қамыстыбас көлдерінің маңын қыстаған 1400-ге жуық үйді ойрандап, төрт жүздей адамды өлтіріп, әйелдер мен қыздарды күңдікке алып кетеді. Хайуандықтың шегіне шыққан олар өлгендердің бастарын, тірілердің құлақтарын кесіп алып кетіп, хандарынан әр бас пен әр екі құлағы үшін сыйлық алады.
Сол жылдың 18-21 тамызы күндері Хиуаның бегі Қожа-Нияз жіберген Елекей Қасымұлы, қайтадан хан болғанЖанғазы Шерғазыұлы сұлтандар 1500 сарбазымен Сырдың оң жағындағы мыңдай үйдің шаңырағын ортасына түсіреді. Жүз адамды өлтіріп, 21 отбасын тұтқынға алады. Төрт адамның басын кесіп алып, денелерін суға лақтырады. Бұл ауылдарды ойрандаған соң, олар Төртқара, Жақайым рулары ауылдарын шабуылдап, адамдарды өлтіріп, көп мал олжалап, біраз адамды тұтқындайды.
Ырғыз жақта жүрген Жанқожа осы қырғын жайлы естіп, тез қол жинап келеді. Райымда бекініс салып жатқан подп. Ерофеев пен капитан Бутаковқа соғып, олардан көмек сұрайды. Бірақ, тұшымды жауап ала алмаған соң кетіп қалады да, ойрандалған ауылдардың үстімен «Қаралаң» өткеліне қарай бет алады. Жолда болған сұмдықтың салдарын көзімен көріп, қатты тебіренеді. Сол бетінде дариядан аттарын жүздіріп өткен Жанқожа, арғы жағалауға орналасқан хиуа бекінісі «Жанқалаға» шабуыл жасап, өрт қояды. Батырдың ренжіп кеткенін сезген орыс офицерлері көп ұзамай екі шхунамен келіп, бекініске кеме үстіндегі жеңбіректерден оқ жаудырады. Мұны көрген батыр бекініске шабуылдауды соларға қалдырып, мал мен адамдарды алып кеткен хиуалық әскердің соңына түседі. Оларды Қуаңға жақындағанда қуып жеткен Жанқожа тұтқындар мен мүліктерді, 3000 түйе, 500 жылқы, 2000 мүйізді ірі қара, 50000 қойды қайтарып, иелеріне табыс етеді. Әрқайсысы 40 адам, 250 пұт жүк көтеретін бес қайықты олжалайды. Мал иелерінен 100 қой сұрап алып, көмектескендері үшін, орыстарға дастархан жаяды.
Хиуалықтардың шапқыншылығы мен езгісінен әбден қайыршыланған Сыр қазақтары енді амалсыздан патша үкіметін іс жүзінде танып, хиуалық бектерге қарсы күресте олардан жәрдем күтіп, бекініс маңына шоғырланады. Жанқала соғысынан кейін, патша үкіметі Жанқожаға «есаул» атағын беріп, 1848 жылдың 1-майынан бастап жылына 200 сом күміс ақша төлеп, Сырдың оң жағалауынан Қарақұм, Борсық құмдарына дейінгі аралықтағы қазақтардың басқарушысы етіп тағайындауға жарлық береді.
1845 жылы Бабажан қамалын талқандап, өзін өлтіргеннен кейін, Орынбор шекаралық комиссиясы төрағасы генерал Ладыженский Орал бекінісіндегі Беглов деген шенеунікке Жанқожаны шақыртып, «патша үкіметі алдында сіңірген еңбегі үшін», пазументті кафтандық шұға мен екі жүз сом тарту етуді тапсырады. Беглов хат жазып, екі қазақты жібереді. Бірақ, батыр шен-шекпен мен ақшаны алуға бармайды. Ол хаттағы: «патша үкіметі алдында сіңірген еңбегі үшін» деген сөздерді төрт қайтара оқытып, жауап хатында: «Сіз жіберген адамдармен кездестім және ұлы мәртебелі губернатор, комиссия генералы Ладыженский маған сыйлыққа екі жүз сом ақша мен пазументті кафтандық шұға бергенін толық есіттім. Бірақ, мұндай сыйлыққа лайықты емеспін. Ресей үкіметіне қызмет жасаған жоқпын. Сондықтан, бұл сыйлықтарды ала алмаймын. Бекініс бастығы, майор, комиссия шенеунігі Салих мырза, бұл заттарды алмағаным үшін, мені кеудемнен итермеңіз. Орыстар жайлы жағымсыз ойларым жоқ» дейді.
Алайда, Хиуа хандығының Сыр бойына жасаған шапқыншылығынан қауіптенген патша үкіметінің әскери басшылары бекініс бастықтарына батыр ант қабылдамаса да оны «мазалай бермей», қажет кезінде пайдалана білу керектігін қатаң тапсырады.
* * *
Қоқан, Хиуа хандықтарының дүркін-дүркін шабуылынан, ел ішіндегі руаралық талас-тартыстардан әбден қажыған Сыр, Арал өңіріндегі қазақтар тыныш өмірді аңсады, сол бейбітшілікті Ресей орнатар деп сенді. Сондықтан, Сыр бойына келген орыс әскерлерін, қоныс аударушыларды достық пейілмен қарсы алды. Бұл – сыртқы һәм ішкі саяси-экономикалық қайшылықтардан туған қажеттілік еді. Жанқожа мен оның қарауындағы қазақтардың мұндай ықласы жөнінде орыс офицерлері: «...Хиуалықтарды қырғыздардың қанды жауы деп есептейтін Жанқожа, біздің Сырға қоныс тепкен кезімізде ең бір табиғи, сенімді, өте қажетті одақтасымыз болды» деп жазды.Бірақ, қазақтардың үміті ақталмады. Теңгерме салық кедей шаруаларды титықтатып, оны жинаушы билер, тілмаштар байлыққа белшелерінен батты. Жылына бір салынатын салық 4–5 рет жиналды. Қазақтар бекініс жұмысына еріксіз алынды. Бұрын мұндай жұмыс істемеген халық үшін, бұл каторгадан да ауыр тиді. Істеген жұмыстарына тиесілі, патша жарлығымен белгіленген еңбекақыларын есебін тауып форт қызметкерлері пайдаланып кетіп отырды.
Ол жайлы губернатор В.А.Перовскийге: «...Қазақтардың №1 фортта істеген жұмыстары үшін белгіленген мөлшердегі ақының жартысы ғана төленген, ал қалғанын Ахмеров өзінің жеке пайдасы үшін алып қалып, қазақтар форт басшысына шағым етпек болғанда, оларды жазалап, қорқытып отырған» деп хабарлады, Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы В.В.Григорьев.
Патша үкіметінің қазақтарға «тартқан сыйы» мұнымен де шектелмеді. Сыр бойындағы ең құнарлы суармалы жерлер қоныс аударушы казактар мен әскери шенділерге тартып алынып берілді. Мүлде жерсіз қалған қазақтардың тағдырымен олардың шаруасы болмады. «Жабайы» қазақтарды ұрып-соғу, атып тастау форт әкімдері мен солдаттарға түкке де тұрмады. «Бірде кірпіш күйдіру кезінде, солдаттар үш қазақты ұстап алып, «қызық үшін» пештің оттығына қамап қойса, бірнеше минуттан кейін олар түгі қалмай өртеніп кетіпті» деп есеп берген Қазалы фортының басшылары, өздерінен жоғарыдағыларға.
Осындай шектен шыққан зұлымдықтар бұқара халық пен Жанқожаның ашу-ызасын қанасынан асырды. Қартайса да, өзін ел қамқоршысымын деп ойлайтын ол, сексен үш жасында тағы айбалтасын білегіне іліп, атқа қонды. Мұздай қаруланған әскері бар Сырдария бекінісіне дайындықсыз, аз күшпен шабуыл жасау мүмкін емес болатын. Сондықтан, батыр 1856 ж. жазда форт басшыларынан жәбір көрген егінші, малшыларды, еріктілерді дарияның сол жағына өткізіп, Үшөткелдің маңындағы Қызылқұмға шоғырландырды.
Батыр 1856 ж. желтоқсанының ортасында 1500 сарбазымен бұрынғы Жанқала бекінісі маңынакелді. Көтерілісшілерден құрылған әр екіжүздік жасақты Жиеней руынан Сырлыбай Шабақұлы, Төртқара руынан Үмбет Әлімұлы, Керейтқожа руынан Аманқожа Әуменов, т.б. басқарды. Көтеріліске Сыр бойындағы барлық рулар қатынасты. Олар балта, шоқпар, найза, садақ, аз ғана білтелі мылтықпен қаруланған аттылы-жаяулы, өгіз мінгендер еді.
Желтоқсанның аяғында көтерілісшілер бірнеше топқа бөлініп, Қазалы фортының тұс-тұсынан шабуыл жасап, форт қызметкерлерінің және қоныс аударушылардың 130 күдеден астам шөбін өртеп жіберді. Бірнеше жүз бас мал қолға түсірді. Көтеріліс болғалы жатқанын тыңшылардан естіген форт бастығы майор Булатов қорғанысты толық қамтамасыз етті. 250 атты казак бірнеше батареяның күшімен көтерілісшілер шабуылын тойтарып отырды.
Жаңа жыл қарсаңында Жанқожа сарбаздары бес мыңға жетті. Ол жан-жаққа хабаршы жіберді. 30-желтоқсанда Күлбарақ Бекбаулинді 100 адаммен Қарақұмдағыларға және Борсық құмындағы Есет Көтібаровқа жұмсады. Көтерілістің етек алуынан қорыққан губернатор В.А.Перовский, 1857 ж. 1 қаңтарда 320 жаяу, 300 атты казагы, 3 зеңбірек пен 3 ракеталық станогі бар әскерге басшы етіп, генерал-майор Фитингофты Қазалыға жіберді. Оған Елекей Қасымов бастаған 400-500 сарбаз қосылды. Олар 3-қаңтарда Қазалыға жетті. Негізгі шайқас Қазалының батысында, Арықбалық алабында 9 қаңтар күні болды. Батыр сарбаздарын қамыс арасына орналастырып, Фитингоф әскерін қапыда қыспаққа алмақ болды. Бірақ, фортқа жалданып, тыңшылық жасап жүрген жансыздар Жанқожаның жоспарларын орыстарға алдын-ала жеткізіп отырды. Мұны батыр сезген жоқ еді.
Шайқас болатын жерге бұлардан бұрын келген Фитингоф солдаттарын орналастырып үлгірді. Қарша бораған зеңбірек оғына қарамай Жанқожа атой сап, атына қамшы басқанда, сарбаздар лап қойды. Бірақ, өңешінен от шашқан зеңбіректер, станокты пулеметтер сарбаздарды баудай түсіре берді. Алайда, Жалмырза Ақмырзаұлы, Сырлыбай Шабақұлы мен Тұмыш Шөжікұлының сарбаздары асқан ерлік көрсетті.
Осылайша, бір күнде он жеті рет жасалған шабуылдан кейін, күн батар алдында ту көтергендер «жау қаштылап», туды жығып қаша жөнелді. «Батыр мерт болды» деп ойлаған қалың қол бет-бетіне безіп кетті. Астындағы аты жараланса да, жаумен жалғыз шайқасқан батырды Жалмырза, Бекмырза мен Арғынғазы қарша бораған оқ арасынан әзер алып шықты...
Көтерілісшілер Хиуа хандығының жеріне ығысты. Фитингофтың әскері оларды үш күн бойы қуып жете алмай, топ-топқа бөлініп, Қызылқұмдағы ауылдарды ойрандап, адамдарды қырғынға ұшыратып, малдарын айдап кетті. Олар тек ірі қарадан 21400 бас сиыр тартып алды. Жазалаушылар көтеріліске қатысқан-қатыспағандарды ажыратып жатпады. Осындай сұмдықты көзімен көрген Л.Мейер: «...мал құртылды, аштықтан өлуге келген адамдар талшық табу үмітімен орыс форттары маңына жаяу шұбыруда. Таланған бақытсыз жандардың бір бөлігі Хиуаға кетті» деп жазды.
Перовский жазалау шараларын күшейтуге және салықты бұрынғыдан да көбейтуге бұйрық берді. Сырдария шебінің басшылары көтерілісшілерге сатқындық жасағандарға арнайы сый-сыяпаттар тарту етті. Жанқожа Бұхара жеріндегі Ерлер шыңына қоныс тепті. Басқалары Қазақдарияда қалды.
1857 жылдың сентябрінде Күлбарақ Бекбаулин, Әйімбет Пұсырманов сияқты жүзбасылар Сыр бойына қайтқысы келетіндіктерін айтып, Кәлметдин молда арқылы шекара басшыларына өтініш білдірді. Өтінішті Жанқожа батыр да жіберді. Генерал Катенин жоғарыда аталғандарға 300 үйімен Сырға қайтып көшіп келуге рұқсат етті. Бірақ, Жанқожаға: «...әдейі адам жіберсін немесе Сыр бойына келген соң қандай жаза аларын өзі көрер» деп жауап қайтарды. Жанқожа Сырға келген жоқ.
Туған топырағында қалуды ойлаған ол, 1860 ж. көктемде, Қоянбай дейтін жерде отырған ағайындарына жақындап келіп, Қаратыманың арқа тұсына қонды. Сол жерде аз-кем ерулеп, туыстарына қосылмақ болды. Бірақ, батыр арманына жете алмай, осы арада қайғылы қазаға ұшырарын білмеп еді.
Қазалы фортының бастығы генерал-майор Данзас та: «Жанқожа бір адам болса, өзі-ақ қартайып өлер» деп іздеуді тоқтатқанда, батырдың елге жақындап келгенін естіп, кезінде Хиуа ханының қолшоқпары болған, кейін онтөрт жасар ұлын патшаның сарайына кепілдікке беріп полковник атағын алған, Табын және Шөмекей руының сұлтаны болған Елекей Қасымов ұйымдастырған қастандықтан қаза табады.
Бар ғұмырын халқының азаттығы жолына сарп еткен, талай хандар мен сұлтандарды, Хиуа мен Қоқан бектерін Сыр бойынан қуып, ел мерейін үстем қылған қайран ер қартайған шағында, осылайша өз қандастарының қолынан көз жұмды. Алайда, ол өле-өлгенше өзінің жас кезінен таңдап алған жолынан – халқының азат өмірін көзінің қарашығындай сақтау жолынан, зорлық-зомбылыққа, оңай олжа көзі барымта мен ұрлыққа қарсы күресу жолынан – әсте тайған жоқ! Жанқожа баба өзінің асқан батырлығымен, халқына деген сүйіспеншілігімен, адалдығымен, адамгершілік қасиетімен ел аузындағы аңызға айналып, есімі ұрпақтар жүрегінде мәңгі сақталып қалды!