ҮКІМЕТТІҢ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТТІҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ
Елбасымыздың үндеуінде айтылған өзгерістерге келетін болсақ, біріншіден, бұл еліміздегі демократиялық процестің ары қарай жалғасын тапқандығын көрсетеді. Екіншіден, бұл саяси биліктегі екі негізгі тармақтың Үкіметтің және Парламенттің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл Үкімет пен Парламенттің кәсібилігін, олардың елдің саяси экономикалық дамуындағы жауапкершілігін арттырады. Бұл реформалардың халықтық талқыға салынуы негізінен биліктің ашықтық принципін, әрбір бастаманы халықпен бірлесіп талқылауға дайындығын көрсететіні анық.
Сонымен қатар бұл талқылау азаматтық қоғамның қатысуын да қажет етеді. Яғни әрбір топ бұл талқылауға белсенді қатысып, өзінің пікірін білдірсе, бұл қоғамдағы азаматтық сезімнің артқандығын көрсетеді. Айта кетейік, Елбасы өзінің үндеуінде Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беретінін айтты. Мемлекет басшысы бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады деп отыр. Өкілеттіктерді беру тиісті Заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Мемлекет басшысы билік тармақтарын үлестіру барысында біршама президенттік құзыреттің Парламентке және Үкіметке берілетінін мәлімдеді.
Билік тармақтарының өкілеттіктерінің ауысуы саяси - әлеуметтік тұрғыдан тиімді деп ойлаймын. Елбасы өз сөзінде: «Жүзеге асырылғалы отырған Конституциялық реформа біздің мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды. Жаңа өзгерістер мемлекеттің дамуын жаңа кезеңге шығарады»,- деді ол.
Расында да, жаңа үндеу Қазақстанның дамуына үлкен жол ашады.
Қахар ДАДАШЕВ,
өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы.