ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛАУЫ ДА ОСЫ
Елбасы ұсынып отырған конституциялық реформа мемлекет өзінің қалыптасуының бір кезеңін аяқтап, енді қызметінің жаңа механизмдерін іске қосқанын білдіреді. Бірден айта кетейік, бұл өзгерістер қандай да бір ішкі немесе сыртқы факторлардың ықпал етуімен жасалып жатқан жоқ, қоғамның қалауына қарай қолға алынып отыр. Осыдан да Қазақстан халқы бұл өзгерістерді қызу қолдау үстінде.
Жалпы билікті бөлісу, қоғамдағы жауапкершілікті арттырады. Алда Үкімет пен Парламенттің жұмысы жүйелене түседі деген ойдамын. Ел үшін ең керегі де осы.
Сәулебек ЫСҚАҚОВ,
Жаңақорған аудандық
орталық ауруханасының
бас дәрігері
Сәулебек ЫСҚАҚОВ,
Жаңақорған аудандық
орталық ауруханасының
бас дәрігері