ЕЛБАСЫНЫҢ ӘРБІР ШЕШІМІ ЖАСТАРДЫҢ КЕЛЕШЕГІНІҢ КЕПІЛІ
Бүгінгі таңда еліміз Елбасы айтқандай дамудың екінші 25 жылдық сатысына нық қадам басты. Оған дәлел мемелекетімізде халық үшін, қоғам үшін маңызы зор шешімдер мен бастамалар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Оның бірі кеше ғана Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі. Бұл маңызды құжатқа жер салар болсақ, мемлекетіміздің демократиялануы және атқарушы биліктің халық алдындағы жауапкершіліктерінің күшейетінін ұғынамыз. Өзім осы елдің тұрғыны ретінде, сонымен қатар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жастар қанатының» төрағасы ретінде осы бір маңызды шешімдердің жүзеге асырылуын толықтай қолдаймын.
Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет үшін қабылдаған саяси шешімдері біз сияқты жастардың келешегінің кепілі деп білемін. Ата заңға өзгеріс еніп, еліміздегі мемлекеттік басқару жүйесі бұдан әрі дамып, заман талабына сай жүргізілуі, қарыштап дамушы елдің айқын көрінісі.
К.ЛУЦА,
облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы
жанындағы «Жастар қанатының» төрағасы,
облыстық «Сыр үміті» жастар
сыйлығының иегері
К.ЛУЦА,
облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы
жанындағы «Жастар қанатының» төрағасы,
облыстық «Сыр үміті» жастар
сыйлығының иегері