КЕЛЕШЕКТІ ОЙЛАҒАН КЕМЕЛ ШЕШІМ
Біз бүгінге дейін биік белесті бағындырдық. Аллаға шүкір, әлеуметтің әлеуеті артқан бейбіт заманда ғұмыр кешудеміз. Бірақ, әлі де болса, алда мақсатты меже бар. Ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену. Бізді бұл межеге бастайтын негізгі бағыт – кешегі Елбасының Үндеуінде жарияланғандай, демократиялық ашықтық принципі.
Яғни, Мемлекет басшысы билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу барысында Парламент пен Үкіметтің құзыреттілігін кеңейту жайында сөз қозғады. Жалпы, бұл бастаманы ел азаматы ретінде қолдай отырып, дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстан үшін қажетті реформа деп білемін. Әрі бұл өзгеріс келешегіміздің кемелденуіне бастайтын құнды құжат болмақ деп ойлаймын.
Керімхан ЕГІЗБАЕВ,
«Жаңақорған ауданының құрметті азаматы».
Керімхан ЕГІЗБАЕВ,
«Жаңақорған ауданының құрметті азаматы».