ҚАЛЖАН АХУННЫҢ БАЗАР ЖЫРАУҒА ҚОЙҒАН СҰРАҒЫ
Алмас АЛМАТОВ, жырау
ХІХ ғасырдағы Сыр бойының ғұлама білгірі, Қалжан ахун Бөлекбайұлы - Бұхарадағы Мир Араб медресесін бітірген, елге мешіт, медресе ашқызып дәріс беріп, уағыз айтқан белгілі тұлға. Бүгінгі Қызылорда облысы, Сырдария ауданында мешіт-медресесі қалпына келтіріліп ел игілігіне айналуда. Сол кісіге бір маслихатта жұрт сұрақ қояды:
- Тақсыр, ел ішінде ақын-жырауларымыз бар. Олардың да айтып жүргені елдің береке-бірлігі. Ас, жиын-тойымыздың сәні сол кісілер. Сіз айтқан уағызбен ол кісілердің сөздерінің ара қатысының обал-сауабы бар ма? - дейді. Қалжан ахун:
- Ол кісілер, жел сөздің жетегінде жүрген жандар. Әр істі Алла біледі! - деп жауап береді. Бұл сөз Базар жыраудың құлағына тиеді. Қуаңның бойында, Қарақ деген жерде Балқы Мырзақара ишанның әкесі қайтыс болып, жыл асына ел шақырылады. Сол асқа Қалжан ахун да келеді. Үлкендердің шақыртуымен елдің игі жақсылары қожа, молда, ишан, ахундарға сәлем бере Базар жырау кіреді. Сәлем беріп орныққан соң Мырзақара ишан Базар жырау ағасын қонақтарға таныстырып, келелі кеңес жасап жырлауын өтінеді. Базар жырауды бірінші көрген Қалжан ахун:
- Ойпырмай, сипатыңыз мешітте тұрып уағыз айтарлықтай жан екенсіз. Жел сөздің жетегінде жүргеніңіз қалай депті? - депті. Сонда Базар жырау қолына домбырасын алып, сөздің тиегін ағытты дейді:
Сөйле, тілім, жалпыдан,
Дариядай тасып шалқыған.
Тіл жексұрын көрінер
Тимеске тиіп шарпыған.
Затсыздан күтпе жақсылық,
Шамасы шалғай шарқынан.
Екі елі аузын жаппайды
Айтқаны өсек палшыдан.
Тентектің жайы белгілі
Асау нардай тарпыған.
Елі-жұртың бұзылар
Қиянат етсең зарпынан.
Өгіз ойлайды қамысты
Құтылмай жүріп қамшыдан.
Ит біледі сүйекті
Малды бір сұра малшыдан.
Бақ орнаған жігіттің
Асығы жатар алшыдан.
Қонбайын десе бақ-дәулет,
Бесеу де аспас алтыдан.
Онымен пенде тұра ма?
Талаптанып әрнеге
Қолын созып талпынған.
Не жақсылар өткен жоқ
Заманында шалқыған.
Не батырлар өткен жоқ,
Жер жаңғырған даңқынан.
Не жүйріктер өткен жоқ
Сурылып озған шаршыдан.
Не сұлулар өткен жоқ
Жібектей шашы оралып,
Шыбықтай белі бұралып,
Жұпардай исі аңқыған.
Не жамандар өткен жоқ
Өкепдей суда қалқыған.
Ғаламға мәлім аттары
Ертеде өткен ерлер көп
Тақ шыққан талай талқыдан.
Ғали Сина, Фирдауси,
Орасан озық білгірлер,
Шыққан дейді тәжік, парсыдан.
Әбунасыр, Науаи,
Шығыпты айрықша ғалымдар
Өзбек пен қазақ халқынан.
Хафиз, Жәми, Мақтұмқұл,
Деп айтат шыққан сөзге дүр
Хиуаның түрікпен, сартынан.
Солардан қалған соңғыға
Үлгілі өрнек нұсқа бар
Әр жұрттың сана-салтынан.
Ұстаған жолын олардың
Дәріпті ділуар аз емес
Жалғаса шыққан артынан.
Беттетпей жанды кезінде
Қастасқан жанын күйзелтіп,
Жандырған өрттей шарпыған.
Жанға жайлы жақсы сөз,
Татаусыз таза тыңдауға
Жауқазындай аршыған.
Ажарсыз сөздің әсері
Кеуліне көптің қонымсыз
Киіздей шала қарпыған.
Қолайлы кеңес айтылса
Түсінген тыңдап нәр алар
Сөйлеген сөздің парқынан.
Білгірсіп жұртқа жөн сілтер,
Дін бұзған кейбір дүмшелер
Келгенбей кеулі ғаршыдан.
Аңқау елге арамза,
Молда боп жүрген сұмдар көп
Бейхабар шама-шарқынан.
Барлығын білем дейтұғын
Аз емес әуре-сарсаң да,
Құр босқа кеулі талпынған.
Ғалымдар айтқан нұсқа бар,
Асылына тартар әр нәрсе,
Өзгермейді деген қалпынан.
Тырп етпей тарпаң жуасыр,
Бас білдіріп тайында
Жасынан мініп жаншыған.
Қадірлеп қанша бақсаң да,
Ер алмас қырсау қатарға
Ерқашты болған қамшыдан.
Әулетпін деп алжасып
Азғындап жүрген аз емес
Әуре боп ата даңқынан.
Басынан тайған бақыты,
Қор боп жүр кейбір кербездер
Баса алмай аяқ паңқыған.
Бәсекемен бұл кезде
Мал жиған пасық байлар көп
Пейілі төмен жалшыдан.
Жаздырмай қолын жоқшылық,
Кетпеген кімдер кіжініп,
Кемтаршылық зарпынан.
Ер көгерсе алғыспен
Жер көгерер деген бар
Жаңбыр мен тамған тамшыдан.
Із тастаған алтайы
Қашқанмен қысқы сонарда
Құтылмас қуған аңшыдан.
Қанағат қылса кісінің
Тойғызар қарнын деген бар
Қайғысыз жеген жарты нан.
Алар нұсқа аңлаған,
Серлеттім сөздің түрлерін
Әр саладан қамтыған.
Жетпіске жасым жетсе де
Сөзіме құмар халқымның
Қайтқан жоқ кеулі қартынан.
Шынымен алсам кеудеге
Қара тас судай балқыған.
Таусылмас қайнар кен едім,
Кешегі жүйрік мен едім,
Жүлде алған байрақ, халқынан.
Кіші жүздің кенжесі
"Дөйт" ұранды Шөмекей -
Шыққан бір Базар Балқыдан! - дей келе, Қалжан ахунға бұрылып:
"Ауру - сырқау айналып,
Елдің құты қашсын" дер;
"Әлпештеген біреудің
Жаңа түскен келінін -
Қара албасты бассын" дер;
"Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Абыржып әбден сассын" дер;
"Ат терлетіп алдырып,
Басына зікір салдырып,
Дәулетін сүйтіп шашсын" дер;
Бұл бақсылар тілегі,
Сондай тілек бола ма
Жақсылардың тілегі?!
"Жаны ардақты жақсының
Күнде бірі өлсін" дер;
"Жаназасын оқы, деп
Шақыртушы келсін" дер;
"Қатым Құран шығарып,
Мал мен мүлкін бөлсін" дер;
"Сол бөлінген олжадан,
Өзгелерден көбірек
Сыбағамды берсін" дер -
Бұл молдалар тілегі,
Жақсы тілек бола ма
Сонда олардың тілегі?!
"Ақ жарылқап күн туып,
Күнде қызық болсын" дер;
"Келін түсіп ұл туып,
Үйге бала толсын" дер;
"Азаматы елдің аман боп,
Басына бақыт қонсын" дер;
"Ойын ойнап, той тойлап,
Мерекеге жан-жақтан,
Жұрт жиналып келсін" дер -
Бұл жыраулар тілегі,
Сол тілекті тілейтін
Мен де соның, - біреуі!
Молдалар сауап іздесең,
Құранды оқы молаға.
Басына түне демеймін
Келіңдер қайтып қонаға.
Өлім барды шашады.
Жоқтың артын ашады.
Қосыла сендер тонама.
Жылап-сықтап жатқанда,
Олжада ойың барларың
Қараң құрсын жолама.
Тірінің көңілін ауласаң
Дүние үшін жолдан таймасаң,
Мен сендерден садаға.
Құран оқып күңреніп
Сары уайым саласың,
Берсе қағып аласың,
Соларың дұрыс бола ма?
Қатесі болса сөзімнің
Аямаңдар айта бер,
Көңіліме менің қарама!? - деп барып тоқтайды. Дүниені көшіріп қондырғандай жыраудың сарқылмас сөзіне сүңгіп кеткен көпшілік үнсіз қалады. Сонда Қалжан ахун:
- Бәлі, Базеке! Алланың нұры жаусын! Жырау - Алланың көкірегіне сөз құйған, халықтың қарауылы екен ғой! - деп, үстіндегі жібек шапанын сыпырып Базар жырауға жабады. "Шөмекейге жиендігім бар еді. Біз айтқан сөзді базына деп түсініңіз", - деп кешірім сұрайды. Дін менен өнердің тертесін тең ұстаған ғұламалар халықтың бірлігі мен болашағына осылай қызмет жасап, өмірін арнаған. "Зердің құнын - зергер біледі".
ISLAM.KZ
- Тақсыр, ел ішінде ақын-жырауларымыз бар. Олардың да айтып жүргені елдің береке-бірлігі. Ас, жиын-тойымыздың сәні сол кісілер. Сіз айтқан уағызбен ол кісілердің сөздерінің ара қатысының обал-сауабы бар ма? - дейді. Қалжан ахун:
- Ол кісілер, жел сөздің жетегінде жүрген жандар. Әр істі Алла біледі! - деп жауап береді. Бұл сөз Базар жыраудың құлағына тиеді. Қуаңның бойында, Қарақ деген жерде Балқы Мырзақара ишанның әкесі қайтыс болып, жыл асына ел шақырылады. Сол асқа Қалжан ахун да келеді. Үлкендердің шақыртуымен елдің игі жақсылары қожа, молда, ишан, ахундарға сәлем бере Базар жырау кіреді. Сәлем беріп орныққан соң Мырзақара ишан Базар жырау ағасын қонақтарға таныстырып, келелі кеңес жасап жырлауын өтінеді. Базар жырауды бірінші көрген Қалжан ахун:
- Ойпырмай, сипатыңыз мешітте тұрып уағыз айтарлықтай жан екенсіз. Жел сөздің жетегінде жүргеніңіз қалай депті? - депті. Сонда Базар жырау қолына домбырасын алып, сөздің тиегін ағытты дейді:
Сөйле, тілім, жалпыдан,
Дариядай тасып шалқыған.
Тіл жексұрын көрінер
Тимеске тиіп шарпыған.
Затсыздан күтпе жақсылық,
Шамасы шалғай шарқынан.
Екі елі аузын жаппайды
Айтқаны өсек палшыдан.
Тентектің жайы белгілі
Асау нардай тарпыған.
Елі-жұртың бұзылар
Қиянат етсең зарпынан.
Өгіз ойлайды қамысты
Құтылмай жүріп қамшыдан.
Ит біледі сүйекті
Малды бір сұра малшыдан.
Бақ орнаған жігіттің
Асығы жатар алшыдан.
Қонбайын десе бақ-дәулет,
Бесеу де аспас алтыдан.
Онымен пенде тұра ма?
Талаптанып әрнеге
Қолын созып талпынған.
Не жақсылар өткен жоқ
Заманында шалқыған.
Не батырлар өткен жоқ,
Жер жаңғырған даңқынан.
Не жүйріктер өткен жоқ
Сурылып озған шаршыдан.
Не сұлулар өткен жоқ
Жібектей шашы оралып,
Шыбықтай белі бұралып,
Жұпардай исі аңқыған.
Не жамандар өткен жоқ
Өкепдей суда қалқыған.
Ғаламға мәлім аттары
Ертеде өткен ерлер көп
Тақ шыққан талай талқыдан.
Ғали Сина, Фирдауси,
Орасан озық білгірлер,
Шыққан дейді тәжік, парсыдан.
Әбунасыр, Науаи,
Шығыпты айрықша ғалымдар
Өзбек пен қазақ халқынан.
Хафиз, Жәми, Мақтұмқұл,
Деп айтат шыққан сөзге дүр
Хиуаның түрікпен, сартынан.
Солардан қалған соңғыға
Үлгілі өрнек нұсқа бар
Әр жұрттың сана-салтынан.
Ұстаған жолын олардың
Дәріпті ділуар аз емес
Жалғаса шыққан артынан.
Беттетпей жанды кезінде
Қастасқан жанын күйзелтіп,
Жандырған өрттей шарпыған.
Жанға жайлы жақсы сөз,
Татаусыз таза тыңдауға
Жауқазындай аршыған.
Ажарсыз сөздің әсері
Кеуліне көптің қонымсыз
Киіздей шала қарпыған.
Қолайлы кеңес айтылса
Түсінген тыңдап нәр алар
Сөйлеген сөздің парқынан.
Білгірсіп жұртқа жөн сілтер,
Дін бұзған кейбір дүмшелер
Келгенбей кеулі ғаршыдан.
Аңқау елге арамза,
Молда боп жүрген сұмдар көп
Бейхабар шама-шарқынан.
Барлығын білем дейтұғын
Аз емес әуре-сарсаң да,
Құр босқа кеулі талпынған.
Ғалымдар айтқан нұсқа бар,
Асылына тартар әр нәрсе,
Өзгермейді деген қалпынан.
Тырп етпей тарпаң жуасыр,
Бас білдіріп тайында
Жасынан мініп жаншыған.
Қадірлеп қанша бақсаң да,
Ер алмас қырсау қатарға
Ерқашты болған қамшыдан.
Әулетпін деп алжасып
Азғындап жүрген аз емес
Әуре боп ата даңқынан.
Басынан тайған бақыты,
Қор боп жүр кейбір кербездер
Баса алмай аяқ паңқыған.
Бәсекемен бұл кезде
Мал жиған пасық байлар көп
Пейілі төмен жалшыдан.
Жаздырмай қолын жоқшылық,
Кетпеген кімдер кіжініп,
Кемтаршылық зарпынан.
Ер көгерсе алғыспен
Жер көгерер деген бар
Жаңбыр мен тамған тамшыдан.
Із тастаған алтайы
Қашқанмен қысқы сонарда
Құтылмас қуған аңшыдан.
Қанағат қылса кісінің
Тойғызар қарнын деген бар
Қайғысыз жеген жарты нан.
Алар нұсқа аңлаған,
Серлеттім сөздің түрлерін
Әр саладан қамтыған.
Жетпіске жасым жетсе де
Сөзіме құмар халқымның
Қайтқан жоқ кеулі қартынан.
Шынымен алсам кеудеге
Қара тас судай балқыған.
Таусылмас қайнар кен едім,
Кешегі жүйрік мен едім,
Жүлде алған байрақ, халқынан.
Кіші жүздің кенжесі
"Дөйт" ұранды Шөмекей -
Шыққан бір Базар Балқыдан! - дей келе, Қалжан ахунға бұрылып:
"Ауру - сырқау айналып,
Елдің құты қашсын" дер;
"Әлпештеген біреудің
Жаңа түскен келінін -
Қара албасты бассын" дер;
"Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Абыржып әбден сассын" дер;
"Ат терлетіп алдырып,
Басына зікір салдырып,
Дәулетін сүйтіп шашсын" дер;
Бұл бақсылар тілегі,
Сондай тілек бола ма
Жақсылардың тілегі?!
"Жаны ардақты жақсының
Күнде бірі өлсін" дер;
"Жаназасын оқы, деп
Шақыртушы келсін" дер;
"Қатым Құран шығарып,
Мал мен мүлкін бөлсін" дер;
"Сол бөлінген олжадан,
Өзгелерден көбірек
Сыбағамды берсін" дер -
Бұл молдалар тілегі,
Жақсы тілек бола ма
Сонда олардың тілегі?!
"Ақ жарылқап күн туып,
Күнде қызық болсын" дер;
"Келін түсіп ұл туып,
Үйге бала толсын" дер;
"Азаматы елдің аман боп,
Басына бақыт қонсын" дер;
"Ойын ойнап, той тойлап,
Мерекеге жан-жақтан,
Жұрт жиналып келсін" дер -
Бұл жыраулар тілегі,
Сол тілекті тілейтін
Мен де соның, - біреуі!
Молдалар сауап іздесең,
Құранды оқы молаға.
Басына түне демеймін
Келіңдер қайтып қонаға.
Өлім барды шашады.
Жоқтың артын ашады.
Қосыла сендер тонама.
Жылап-сықтап жатқанда,
Олжада ойың барларың
Қараң құрсын жолама.
Тірінің көңілін ауласаң
Дүние үшін жолдан таймасаң,
Мен сендерден садаға.
Құран оқып күңреніп
Сары уайым саласың,
Берсе қағып аласың,
Соларың дұрыс бола ма?
Қатесі болса сөзімнің
Аямаңдар айта бер,
Көңіліме менің қарама!? - деп барып тоқтайды. Дүниені көшіріп қондырғандай жыраудың сарқылмас сөзіне сүңгіп кеткен көпшілік үнсіз қалады. Сонда Қалжан ахун:
- Бәлі, Базеке! Алланың нұры жаусын! Жырау - Алланың көкірегіне сөз құйған, халықтың қарауылы екен ғой! - деп, үстіндегі жібек шапанын сыпырып Базар жырауға жабады. "Шөмекейге жиендігім бар еді. Біз айтқан сөзді базына деп түсініңіз", - деп кешірім сұрайды. Дін менен өнердің тертесін тең ұстаған ғұламалар халықтың бірлігі мен болашағына осылай қызмет жасап, өмірін арнаған. "Зердің құнын - зергер біледі".
ISLAM.KZ