ТӨРГЕ НЕГЕ ТЕКЕМЕТ ТӨСЕМЕЙМІЗ?
Біз өзі тапқанынан жоғалтқаны көп елміз. Қазіргі заманауи жаңалық «жұтып» қойған сол жоғымыздың бірі – ұлттың қолөнері. Мысалы, күні кешеге дейін өзінің қадірін жоймай әр қазақтың төрінен табылған текемет бүгінде ешбір үйден көрінбейді десек артық айтқандық емес. Оның орнын заманға сай кілемдер мен өзге төсеніштер басқан. Ұлтымыздың ұмыт болған қолөнер бұйымдарын жаңғыртып, жас буынға жасалу жолын таныстыру мақсатында төрінде текеметі бар шаңыраққа бас сұқтық.
Бұл – «Достық», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шынтас Нұрқожаевтың шаңырағы. Басықара ауылының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосқан атпал азамттың құрметіне туған ауылында ескерткіш орнатылып, көшеге аты берілген. Оның жары – Рая Айекешова сауда саласының зейнеткері. Ол бірнеше жыл аудандық тұтынушылар кооперативінде шикізат дайындаушы болды. Он үш жасынан алаша тоқып, киіз басып, текемет тіккен Рая әжей қазір де қарап отырмайды. Көрпе-жастық тігіп, балалары мен немерелеріне білгенін үйретеді.
Өмірге он бала әкелген, алтын құрсақты ана 48 жасында жолдасынан айырылып, тағдыр тауқыметін кешті. Күн-түн демей еңбектеніп жүріп балаларын оқытты, барлығының жоғары білім алуына күш салды. Күндіз жұмыста, кешкілік киіз басып, текемет жасап оны сатып, қаражат жинады. Мал бақты, дирмен тартты. Ұл-қызын ерте жастан еңбекке баулып, ел қатарына қосылды.
Балалары өз алдына шаңырақ болып, түрлі салада қызмет етуде. Бұл отбасында басым көпшілігі есепші мамандығын игерсе, сауда-саттықпен айналысып отырған кәсіпкерлер де бар. Ұлдары «Рүстем» шаруа қожалығын ашып, мыңғырған малдың бабын тауып отыр.
Есік алдындағы сәкіге жайғасқан Рая әже өзі басқан киізді жайып, бізге текмет басудың қыр-сырын түсіндірді.
Алдымен қойдан қырқып алынған жүн әбден тазартылып, түсіне қарай ажыратылды. Содан кейін оны ешкі жүнінен жасалған тулаққа салып сабайды. Жүн сабалып болған соң, басылатын киіздің көлеміне қарай, шиді жаяды да, оның үстіне жүнді салып, шабақтайды. Осыдан кейін бет тартылады, яғни киіздің оң жағына арналған неғұрлым таза, әдемі жүнді сол қолмен уыстап алып, әлгі шабақталған жүннің үстіне салып отырып, оң қолдың қырымен басып қалып, үзіп қалдырады. Үзілген жүн бірімен-бірі жалғаса, біртегіс болып төселе береді. Қайнап тұрған ыстық суды шелекпен әкеліп, сүзгімен немесе шөміштің сырт жағымен шашыратып шидің бір жақ шетінен бастап себелеп құяды. Жоғарыдан шашырап құйылған су өз салмағымен жүнді басып, шабақталған жүн мен тартылған жүнді біріне-бірін қосып жабыстырады. Ыстық су жүннің талшықтарын буландырып жібітеді де, оның өзара кірігіп, тез киізденуіне жағдай жасайды. Су себіле басталысымен қатар отырған 3 – 4 әйел басылып жатқан жүнді сыртындағы шимен қабаттай шиыршықтап, жинап отырады. Шиді ширатып орап жинағ ан сайын әлсін-әлсін ыстық су құйылады. Түгел жиналған шидің сыртынан жіппен шандып, жұмырлап байлайды да, ортан белінен бір жерінен немесе екі жерінен арқанды өткізіп алып домалатады, екі басын тұйықтап бос салып қояды. Бүктеліп әзір жатқан шидің өн бойын бойлай бірнеше адам қатар жүріп келе жатып, шиге ораулы киізді аяқтарымен теуіп отырады. Бұларға қарама-қарсы бір адам – "қой бастар” киізді алға қарай домалата сүйрейді. Бұдан кейін шидің шандуларын шешіп, шиыршықталған киізді жазып босатады. Киіздің асты-үстін ауыстырып отырып, 3 – 4 рет шиыршықтап, бүктейді де, екі басын түйістіріп шұжыққа ұқсатып көктеп алып, тағы да ыстық су құйып сығымдап, үстін күпімен, тонмен жылылап жауып тастап булайды. Ыстық буымен балбырап жатқан киізді мөлшерлі уақыт өткен соң шешіп алып, қайыра ширатып, тағы да жіппен шандып байлайды. Қатарласа отырған киізшілер шидің үстінде көлденең жатқан киізді өздеріне қарай жұла тартып алып, тізесіне соғады, білегімен ұрып басады. Білектеліп болған киізді ұзыннан екі қабаттап бүктеп, он ың екі басын бір-біріне түйістіре шуда жіппен көктейді. Киіз басушылар киізді ақ шидің үстіне салып, айнала отырады. Қусырылған киіздің әр жерінен қамти ұстап, оңды-солды қарпиды. Қарпылған киіздің шет-шеті жиналып тегістеледі де, екі жақ бетіндегі кірікпей қалған бос қылшықтары түседі. Білектеу мен қарпудан кейін кірігіп, ширай түскен киіз біраз қуырылғандай болып көлемі шағындалады.
Енді оны ұзынынан шығара созғылай есіп шиыршықтайды да, әуелі бір жақ шетін жұмарлай білектеп есе отырып, екінші басына жеткізеді. Одан кейін екінші басын тағы да соза білектей отырып бірінші басына дейін апарады. Сонда киіз молығып, созыла түседі. Киізді білектегенде және ұзындағанда оның екі жақ басына жуан ағаш, жинаулы ши сияқты нәрселерден тиянақ қойып отырады. Сонда киіздің ұзына бойының екі жақ шеті олпы-солпы болмай, тегістеліп шығады. Дайын болған киіздің бетіне әсемделіп ою-өрнек салынды.
– Киіздің бетіне салынатын оюды алдымен ойып аламыз. Мына текеметте өкше, шет, ашық, жалпақ деген ою түрлері орналастырылған. Шеткі жағына салынғаны – сыпырмайым ою деп аталады. Масаты матадан қиып алынған оюды жіппен көктеп тігіп аламыз. ¦ршыққа жіпті бір тінін оң және екінші тінін солға қарай иіргенде өрілген шаш секілді әдемі ырғақ шығады. Сол жіпті оюдың жиегіне салып тігеміз. Міне осылай текемет дайын болады. Бұны қабырғаға ілуге немесе төсеніш қылуға пайдаланған. Бұл жылы әрі әдемі, – дейді Рая әже.
«Өнерлінің қолын ұста, өнегелінің жолын ұста» деген тәмсіл тегінен-тегін айтылмаса керек. Он саусағынан өнер тамған әженің жанында отырған аз ғана уақыттың ішінде біраз дүниеге қанықтық. Өмірден көргені көп, түйгені терең қарттарымыз ортамызда барда алтын уақыттың қадіріне жетіп қалған жөн секілді.
Ұлтымыздың рухын оятып, халқымызды өгелерден даралайтын, бағасын арттырар байлығымыз – салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз бен өзімізге ғана тән қолөнер бұйымдарымызды естен шығармайық.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.