СЫР ҚАУЫНЫН ҚАЛАЙ САҚТАП ҚАЛАМЫЗ?
Қызылорда елімізде кеш пісетін күздік қауын өсіруге қолайлы бірден-бір аймақ. Жалпы мұндай сапалы күздік қауын сорттары өсетін жерлер аумағы өте шектеулі. Оларға біздің аймақпен қатар Өзбекстанның Хорезмі, Түркменстанның Шаржоу облысы жатады.
Бірақ қазір базар сөрелерінен баяғы қара әміре (Амри), қара қауын, торлама, қойбаш, қызыл өріктің ізін деп таппайсың. Тоқсаныншы жылдары тұқым шаруашылығы жұмыстарының тоқырауы бізді осындай тығырыққа тіреп отыр. Қазіргі уақытта жергілікті өндіріске қара күләбі және қалайсан сорттары қалдырылды. Жергілікті өнімге деген селқос көзқарас салдарынан бұл сорттардың да сапасы төмендеп, оларға деген сұраныс азайып отыр. Бұл орайда, тұқым шаруашылығы жұмыстарының жеткілікті жүргізілмеуі де жергілікті өнім сапасына кері әсер етіп отырғандығын айта кетуіміз керек. Өңірдің негізгі өндірушілері қауынның әртүрлі сорттарын бір алқапта егіп, сорттар арасындағы ғылыми негізделген кеңістіктік оқшаулауды қолданбағандықтан түрлі тұқым өзара шағылысып, көптеген будандар, тегі белгісіз популяциялар көбейген.
Осы жоғарыда айтылған мәселелерді шешудің негізгі жолы бастапқы тұқым шаруашылығын дұрыс жолға қойып, суперэлиталық, элиталық тұқымдарды өндіру. Өндірістегі сорттарды қатаң сұрыптаудан өткізіп, бастапқы сипаттамасына сәйкес келетін өсімдіктерді іріктеп алу негізінде сорттардың жоғалған сапасын қайтара аламыз.
Осы мақсаттарды негізге ала отырып, ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бағдарлама аясында, «Жаса Агро» жеке кәсіпкерлік шаруашылығында қауынның қара күләбі сортының тұқым шаруашылығы жұмыстарының негізі қаланды. Қазір Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеті, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты және Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты мамандары осы бағытта бірқатар бастамаларды қолға алды.
Тұқым сапасынан бөлек соңғы жылдары қауын өсірумен айналысатын өңір диқандарын толғандырып жүрген тағы бір мәселе бар. Ол қаптап кеткен қауын шыбыны. Дер кезінде шара қолданылмаған жағдайда, шыбын қауын егістігін жойып жіберуі мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, қауынның шырыны шыбындікі, шығыны біздікі болып отыр. Сондықтан да қауынның бастапқы тұқым шаруашылығы жұмыстарымен қатар, қауын шыбынына қарсы күрес іс-шарасының да ғылыми негізделген әдістерін қолдандық.
Тұқым шаруашылығын жүргізу жұмыстарына бастапқы материал ретінде қара күләбі сортының өңірдегі негізгі қауын өндіруші 4 аймағынан тұқымдар алынды. Бұлар Жаңақорған ауданындағы Келінтөбе, Сырдария ауданындағы Айдарлы, Жалағаш ауданындағы Іңкәрдария және Қармақшыдағы Жаңақала массивтері.
Алынған тұқымдардың зертхана жағдайында тұқымдық сапалары анықталып, заласыздандыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде әр аймақтан алынған тұқымдардың сапасының әр түрлі екендігі анықталды. Сонымен қатар, тұқымдарда көптеген бактериялық және саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарының бар екендігі белгілі болды. Сол себепті барлық тұқымдар Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты зертханасында толық заласыздандырудан өтіп, зиянкестерге қарсы «Гаучо» препаратымен өңделді. Нәтижесінде барлық тұқымдар бойынша аурудан таза, танаптық өнгіштігі 85-89% өскіндер алынды.
Бастапқы тұқым шаруашылығы әдістемесіне сәйкес, қауын өскіндері 5-6 жапырақ түзген кезде бірінші сорттық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Келінтөбе массиві тұқымынан - 25%, Айдарлы массивінен - 19%, Іңкәрдария массивінен - 15% және Жаңақала массивінен 28% өсімдіктер сортқа сәйкес келмейтіндіктен танаптан алынып тасталды. Келесі екінші сорттық тазалау дақылдың аналық гүлдері гүлдеп, түйнек салу кезеңінде жасалды. Тұқымдардың сәйкесінше 15%, 9%, 11% және 6%-ның сорттық сипаттамаға жатпайтындығы байқалды. Өсімдіктер танаптан алынып, жойылды.
Қауын дақылының осы өсу кезеңі, қауын шыбыны зиянкесі қатты зардап келтіретін кезең болғандықтан жалпы танапты өсімдіктерге жүйелі түрде әсер ететін «Энжио» препаратымен дәріленді. Келесі дәрілеу жұмыстары арасына 15 күннен салып 0,5 л/га нормада «Нурелл Д» препаратымен 3 рет жүргізілді. Сонымен қатар қауын шыбыны зиянкесінің ұшу кезеңін, таралу аймағын және көбею динамикасын бақылау мақсатында феромонды тұзақтар қойылып, бақылаулар жүргізілді. Қауын шыбынының ересек жәндіктері, дернәсілдері және қуыршақтары зиянкестің биологиясын зерттеу үшін арнайы зертханаға жіберілді.
Бастапқы тұқым шаруашылығына қажетті супер-элиталық материал ретінде Іңкәрдария және Айдарлы массивтері тұқымдары жемістерінен 10 желі іріктелініп алынып, барлық қажетті сараптамалардан өткізілді. Келешекте бұл материалдар кезінде Сырдың атын асқақтатқан сортты қалпына келтірудің негізі болады.
Осылайша қызылордалық қауын сорттарын қалпына келтіру басталды, енді жалғасын табады деген үміттеміз. Өңірдің қауын өндірушілерін жергілікті сорттардың жоғарғы сапалы тұқымдарымен қамтамасыз ететін күннің ауылы алыс емес.
С. ҚОСАНОВ,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жаратылыстану факультетінің деканы,

ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Ж. МАМЫРБЕКОВ,
Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ ЖШС бөлім бастығы,

ауылшаруашылығы ғылымдарының магистрі.