СІЗ ҚАЙРАТКЕРСІЗ БЕ?!...
Түсінбей қалдыңыз ба? Қазір қайраткерлердің қалайша қаптап кеткенін біз де түсінбей отырмыз? Жалпы, қайраткер деген кім өзі? Анықтамасын қарап көрдік, таппадық. Сосын өзімізше былайша долбарладық, қайраткер – өзінен бұрын елін ойлайтын, қабырғасын халқының қамы қайыстырған адам. Біздің ойымызша елінің керегесін кең, терезесін басқалармен тең етем деген кешегі Қасым, Хақназар, Есім, Тәуке, Абылай, Әбілқайыр сынды хандар, ақылы асып туған билер, алмағайып заманда ұлты үшін арпалысып өткен Алаш арыстары, бүгінгіден елін осындай атты күнге аман жеткізіп, абыройын асырған Елбасы – қайраткер. Осы қатарға ғұмырын қазақтың ақыл-ой қазынасын байытуға арнаған шығармашылық өкілдерін де жатқызуға болады. Әрине, бәрін емес.
Бірақ қазіргі таным мен түсініктің теріс кеткені соншалық таяқ лақтырсаң қайраткерге тиетін жағдайға жеттік. Әрине, болғаны жақсы. Бірақ құрметтің шын лайықтыға ғана көрсетілгені дұрыс қой. Осы орайда Қазақстан және КСРО халық артисі Асанәлі Әшімовтің мына бір пікірі ойға оралады.
– Қайраткер болу үшін Кембриджді бітіру міндет емес. Қайраткер деген ұғым, менің түсінігімде, елдің қамын екі есе ойлайтын, соған сай дана білімі, парасаты бар адам. Тіпті, кейде оқып туған адам деуге болады. Мәселен, кеше өзіміз көзін көрген даланың дана шалдарын, дала академиктерін алайық. Менің оқулығым да, мектебім де осы¬лар болды. Ешкім де оқып қайраткер болмайды. Кісі қайраткер болып туады. Қазіргі күні қоғамдық істерге белсене араласып, әр жерде сөйлегіш, көзге түскіш, бір жерден оқып алғаны, я біреуден естігенін құбылтып айтып, бір кітапты тауысып оқы¬мағандар, мінберден түспейтіндерді қайраткер дейтін болдық. Маған салса, солардың ішінен қыз¬меткерлердің өзін таңдап алар едім,–дейді Асекең.
Бұдан артық не айтасыз енді?!
Бізде қазір өмір бойы кеңседе жұмыс істеген қызметкердің зейнетке шыға салысымен өткені жайлы естелік жаза бастауы қалыпты құбылысқа айналды. Жарайды, жазсын. Олардан қаламды қызғанып отырған ешкім жоқ. Жасы үлкен адамның меселін қайтарғысы келмеген газеттегілер ағаларының жазғанын түзеп-қырнап, жарыққа шығаратын болу керек. Оны оқыған таныстарының авторына хабарласып, мақтау айтуы да заңдылық. Осыдан кейін жаңағы зейнеткер жазғандарының соңына «қоғам қайраткері» деп қол қоя бастайды. Және өздерінің қайраткер екендіктеріне имандай сенеді-ай... Кейде жарты бетті алып тұрған «титулын» қысқартсаң кәдімгідей тулайды. Сен еңбектеп жүргенде елге еңбек сіңіре бастағанын айтып, айбат шегіп кететіні тағы бар.
Таралымы мол басылымдарға ай сайын мақала жіберіп тұруды өзіне міндет санайтын бір кісіні білемін. Жастар тәрбиесі жайлы жазған-сызғандары қабырға газетіне де беруге жарамағанымен өзінің ойдан-қырдан құрап-сұрап алған атағы әйдік. Айтпақшы, бұл кісі де «қоғам қайраткері», әр мақаласының соңына жазушы екенін қоса кетуді ұмытпайды. Қысқасы, бір де бір дені дұрыс кітабы баспа жүзін көрмесе де қаламгер деген атақты арқалап жүрген көп қазақтың бірі.
Не болып барамыз өзі? Күні ертең балалар «Ағасы, осы сіз неге қайраткер емессіз?!» деп ажырайып тұратын күн туа ма деп қорқамын. Сонда не айтамыз, не айта аламыз?
Сіз ше, қайраткерсіз бе?
Мұрат АҚЫНҰЛЫ
*Карикатура anekdot.ru сайтынан алынды