ИМАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ - ПАРЫЗЫМЫЗ
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы іріктеп, жинақтап алған озық тәжірибиесін, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын жас ұрпақтың бойына сіңіру, соған сай мінез-құлық қалыптастыру. Өсіп келе жатқан ұрпақтың ата-анасы осы ілкіден қалыптасқан тәжірибені қолға алса, ұлттық мінез қалыптасары, ата-баба дәстүрі сақталары сөзсіз. «Бала тәрбиесі - бесіктен», «Әкеге қарап ұл өсер, шешені көріп қыз өсер» деген ата-бабаларымыздың өсиетті сөздерді бекерге айтылмаған шығар, сірә?!
Тәрбиенің алтын діңгегі – имандылық. Алайда тәлім-тәрбие тек жүректегі имандылықпен ғана шектелмейді. Имандылық адамның күнделікті өмірімен біте қайнасып, ізгі амалмен ұштаспаса қасаң қағида қиялдағы ғажайып пікір ретінде ғана қала бермек. Мұндай жағдайда имандылық кісінің жеке басына, отбасылық және қоғамдық өміріне ешбір ықпалын тигізе алмайды. Шындығында иман – нұр әрі күш-қуаттың нақ өзі. Ал имансыздық – дәрменсіздік әрі таяздық. Шынайы иман амал арқылы көрініс табады. Имансыз адамның қоғам үшін пайдалы болуы мүмкін емес.
Адам иманды болуды гана көздемей, әрбір саналы адам иманды ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтуы керек. Тәрбие беруде балаға отбасының ықпалы өте жоғары.
Иә, ұлы ойшыл бабамыз әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деген екен. Ал, бүгінгінің ата-аналары бала тәрбиесіне көп көңіл бөле бермейтіні даусыз. Айтуларынша, уақыт тапшы. Тіпті, кейбір жұмысбасты ата-аналар балаларын үйде қараусыз тастап кете береді. Өзімен-өзі еркіндікте қалған бала телеарнадан қандай хабар көріп, қандай фильмді тамашалайтыны тағы белгісіз. Сонда ұлттық тәрбиеге жұтаң баланың келешегінен не күтуге болады?
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы шешуші роль атқарады.
Қазақ халқының ата – баба дәтүрінде имандылық тек діни сенім ғана емес, ол сонымен бірге ұлттық психологиялық салтқа, халқымыздың ерекшелігіне айналған болмысымыз. Жас адамды имандылыққа баулу дегеніміз, олардың ар- ұятын оятып, намысын қайрап, мейірімділік, қайырымдылық, ілтипаттық, кішіпейілділік, адалдық сияқты, әдептік – психологиялық қасиеттерді олардың бойына сіңіру деген сөз.
Әсілінде, бала тәрбиесі ана құрсағында жатқанда-ақ басталмақ керек. Жүкті әйел барынша таза болғаны абзал. Туғаннан соң сәбиін де таза жүріп тамақтандырған жөн. Абайдың әжесі Зере Құнанбайды дәретсіз емізбеген деген дерек бар. Құран Кәрімде: «Алла тағала барлық кемшіліктен пәк, таза болған соң, құлдарынан да тазалықты талап етеді» дейді. Әрдайым басына орамалын тағып, «Биссимиллаһир рахманир рахим» десе, ана сүтінде береке болады.
Басында орамалы жоқ, ұйпа-тұйпа шаштан бала да шошиды.
Хадисте: «Балаларыңды өздерің болмайтын уақыт үшін тәрбиелеңдер, өйткені олар сендер болмайтын уақыт үшін жаратылған» - дейді.
Имам Мүслім риуаят еткен мынадай сөз бар: «Әкенің баласы үшін жақсы тәрбие беруден артық сыйы жоқ». Ендеше барлық жақсылықтың бастауы - имандылық. Ол барлық тәрбиенің жиынтығы. Тәрбиенің негізі отбасында, әке мен ананың үлгілі өнегесінде қалыптасады. Бала не көрсе, не естісе, соны қайталайды. Дүниеге келген сәбидің бәрі де мұсылман болады, ал оның христиан немесе иудей болатыны ата-анадан, айналасындағы ортасынан екені сөзсіз. Бұдан түсінетініміз нәресте туа сала жаман болмайды, жүре жаман болады.
Ислам діні сәбилер түгілі, хайуандарға да мейірім жасауға уағыздайды. Бір әулие кісі дүниеден өтіпті. Кейіннен бір досының түсіне кіріп: «Бір мысықты қатты тоңып, далада қалғанында алып жылытқаным үшін мені Алла биік дәрежеге жеткізіп, разылығына бөлендім», - деген екен.
«Қатуланған, бала-шағасына дөрекі қарым-қатынаста болған кісіні Алла тағала жек көреді» - дейді хадисте. Баласын туа салып асырай алмайтынын сылтауратып немесе «елге қарабет болам» деп өтірік намысын қорғайтын аналарға, оларға сүйеніш бола алмаған ерлерге қазір болмаса да, келер күні өте ауыр болып өтеді. Себебі әр нәрсенің де жазалаушысы бар. Осы ретте Құранның мына сөзін айтқым келеді: «Бастарыңа келген бір ауыршылық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады және Алла көбін кешіреді» («Шура» сүресі, 30-аят).
Ендеше, құрметті оқырман, осы бес күндік пәни дүниеге тек ішіп-жеу үшін емес мойнымызда ана дүниеде, қияметте сұралатын отбасы, бала-шаға тәрбиесі жүктеліп тұрғанын сезініп, ата-аналық парызымызды дұрыс орындайық!
Талғат НҰРМАНҰЛЫ,
«Ыбрайым молда»мешітінің имамы