«АҒАЛАР, ҚЫПШАҚ ДЕГЕН ҰЛТ БОЛМАЙДЫ, ҚАЗАҚ ДЕГЕН ҰЛТ БОЛАДЫ»
Әбдіғапар мен Амангелді батыр Мұстафа Шоқайды хан ғып сайлап, парад ұйымдастырмақшы болған ба?
Парадта туды Қажымұқан ұстайтын болып, онда шырқалатын әнді Бейімбет Майлин жазды деген дерек қаншалықты рас?
Амангелді Иманов Алашордашылар қолынан қаза тапты ма?
Кеңестік идеолгия Ресей патшасы Николай ІІ-нің 1916 жылы 25 маусымдағы бұратана халық өкілдерін тылдағы жұмысқа алу жөніндегі жарлығына қарсылық ретінде бүкіл қазақ даласын шарпыған толқуға қандай анықтама берерін білмей көп ойланыпты. Кейіннен ғана оны ұлт-азаттық көтеріліс ретінде бағалай бастаған. Ал осы толқу тәуелсіздік алғалы бергі уақытта жан-жақты зерттеле қойған жоқ деп есептейтін белгілі ғалым Талас Омарбековтің айтуынша көтеріліске ғалымдар тарапынан қызығушылық әрқашан да болған. 1991 жылы бұл көтерілісті академик Манаш Қозыбаев «Ұлт-азаттық революция» деп бағаласа, тағы бір тарихшылар «Ұлт-азаттық соғысы» деді.
– Бұл берілген бағаларға қатысты ғалым Мәмбет Қойгелдиев толымды тұжырым айтты. «Көтеріліс революция деңгейіне көтерілуі үшін оны ұлттық иннтелигенция басқарып, оның ұлттық орталығы, көтерілісшілердің алдына қойған саяси мақсаты болуы керек. Мұндай белгілер болмағандықтан, оны революция деп айта алмаймыз» деген ғалымның пікірін құптаймыз, - дейді Талас Омарбекұлы.

Сол дүрбелең кезінде Түркістан мемлекетін құру идеясының ізінде жүрген Мұстафа Шоқай 1936 жылы жариялаған «Батыр большевик Амангелді хақындағы ақиқат» атты мақаласында біраз мәселенің басын ашып өтеді.
– 1917 жылдың көктемінде төңкеріс басталып кеткен соң, Түркістан түріктерін майдан жұмысына алу тоқтатылды. Уақытша үкімет тарапынан Торғай уәлаятына комиссар болып тағайындалған Әлихан Бөкейханов Торғай халқын көтерілісті тоқтатып, бейбіт өмірге қайтып оралуға шақырды. Әлиханмен бірге оның ең жақын достары болған ұлтшылдар – Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулатұлы да халық бұқарасы арасына үгіт жүргізіп, дала уәлаяты тұрғындарын тыныштануға үндеді. Ахмет пен Міржақып арғын руынан болуы себепті Торғай өңіріндегі арғындар олардың сөздеріне құлақ асты да, қыпшақтан шығып «хан» сайланған Әбдіғапар мен Амангелдіні тыңдамады. Нәтижесінде кеше ғана орыс отаршыларына қарсы бірге соғысқан Торғай қазақтары енді қыпшақ пен арғын болып екіге жарылды... Бұл тұста халық арасына «төңкерістен соң орыс мұжықтары Ресейіне қайтатын көрінеді» деген қауесет сөз тараған. Осыдан келіп орыстардан қалатын жерді бөлу туралы мәселенің төбесі көріне бастады. Тірі жүрген аюдың терісі үшін арғын-қыпшақ таласқа түсті. Әбдіғаппар хан мен Амангелді қыпшақтар жағын алып, арғындарға тізесін батырды. Рушылдыққа ешқашан бой ұрмаған Ахмет Байтұрсын мен Міржақып Дулатқа қыпшақтар арғындардың басшылары деп қарай бастады... – жазады ол.
Орайы келгенде айта кетейін, осы турасында жазушы Әнес Сараймен сұхбаттасқан едім. Оның айтуынша, Амангелді батыр бастаған топ Мұстафаны хан қылып сайлап, тіпті парад ұйымдастырмақшы болған. Парадта туды Қажымұқан ұстайтын болып, онда шырқалатын әнді Бейімбет Майлин жазады. Алайда, ұсынысты ести сала, Мұстафа үзілді-кесілді бас тартқан деседі.
«Түркістандағы түрік адамы үшін, әсіресе Түркістанның ұлт-азаттық туын көтерген адам үшін арғын, қыпшақты былай қойып, тіпті, өзбек, қазақ, түркімен болып бөлінудің өзі Түркістан түріктерін бөлшектеп, өлімге бастайтын жол» – дейді Мұстафа. Тағы бір сөзінде: «Ағалар, қыпшақ деген ұлт болмайды, қазақ деген ұлт бар. Егер әрқайсысымыз бөлiнiп, қыпшақтың көсемi, арғынның көсемi, үйсiннiң көсемi болып жатсақ, бiздiң халық азады», – дейді қайраткер.
Бірақ бөлінуді емес, ел болу үшін бірігуді ойлаған Алаш қайраткерлерінің дегені болмады. Большевиктер Амангелді батырды «ұлтшыл, керітөңкерісшіл Міржақып өлтірді» дегізетін себеп ойлап тауып, қисынсыз сөз қаулап қоя берді. Ал кеңестік саясат осы оқиғаны өздерінің идеологиялық қаруы етіп пайдаланды. Ақындар, жазушылар, тарихшылар Амангелдінің образын тым әсірелеп, қазақ зиялыларын «халық жауы» етіп суреттеді.
Сөз соңында айтарымыз, ұлт тарихындағы ұлы тұлғаларды бір-біріне қарсы қою – біздің мақсатымыз емес. 1916 жылдан кейінгі төңкерістер, Уақытша үкіметтің кезеңі қазақтың бетке ұстар азаматтарының санасын сансыратқаны рас. Сын сағат. Болашақты болжау, шешім қабылдау қиынға соқты. Көзқарастары екіге жарылды. Осындай уақытты сыртқы күштер өз пайдасына шешіп, елдің ұйытқыларының арасына іріткі салды. Қалай болғанда да, олардың түпкі мақсаты бір еді. Ол – ұлттың азаттығы болатын.
Ибраш ӘЛИ