ҚОҒАМДЫҚ ҚОРДЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫСЫ
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қадам басқан елімізде жүздеген мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, олар іркіліссіз іске асып жатқаны белгілі. Ел азаматтарына қуаныш сыйлаған жасампаз жобалар дамудың даңғыл жолына түсуімізге жол ашты десек артық айтқандық емес. Ал сол бағдарламаларға қарапайым халықтың қатысу көрсеткішін арттыру, насихаттау, мақсат-міндеттерін түсіндіру жұмыстарында үкіметтік емес ұйымдардың алар орны ерекше екені айтпаса да түсінікті. Оған Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ел бірлігін нығайтуда азаматтық қоғам белсенділерінің үлесі зор. Үкіметтік емес ұйымдар құқық қорғау саласында, халықтың ерекше топтарының өзіндік мүддесін іске асыруда үлкен рөл атқарады» деген сөзі дәлел бола алады. Осы ретте, Сыр өңірінде мемлекеттік саясаттың орындаулына үлес қосуды басты мақсат еткен 900-ге жуық ҮЕҰ тіркеліп, оның басым бөлігі қарқынды қызмет атқарып жатқанын айта кеткеніміз жөн. Бұл бір сөзбен айтқанда, облыста азаматтық қоғам институттары қалыпты дамып келе жатыр деген сөз.
«Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қоры мемлекеттік саясатты насихаттауда қарқынды жұмыс жасап келе жатқан үкіметтік емес ұйым. Былтырғы жылдың наурыз айында негізі қаланып, Қызылорда облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен қоғамдық қордың негізгі мақсаты –мемлекеттік жастар саясатын аймағымызда жүзеге асыру болып табылады. Құрылғанына аз ғана уақыт болса да қоғамдық қор қарқынды жұмыс жасап, жүктелген міндеттерге зор жауапкершілік танытып келеді. Белсенді жұмыс жасауды басты мақсат еткен аталмыш ұйымның сан-салалы қызметіне үлкенді-кішілі жиындарда куә болып та жүрміз. Аудан жастарына қажетті кеңестер беріп, оларды жақсы іске жұмылдырып жүрген қоғамдық қордың төрайымы Жанат Сұңқарбаевамен пікірлесудің сәті түсті. Білімі мен біліктілігі ұштасқан жас маман мемлекеттік жастар саясаты туралы кеңінен әңгіме өрбітті.
– Елбасы «Ел ертеңі – жалындаған жастар. Ал олардың бүгінін жарқын ету – билікке жүктелетін бірегей міндет»,- деген болатын. Сондай-ақ, Президент елімізде іскер жастардың беделін көтеру, оларға мейлінше мемлекет тарапынан қолдау таныту қажеттігі турасында да өз Жолдауларында баса айтқан еді. Бүгінгі күні бұл тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында елімізде көптеген мемлекеттік бағдарламалар қолдау тауып, лайықты нәтижесін беріп жатыр. Жас кәсіпкерлердің қатары да жыл сайын толығып, олар ел экономикасының өркендеуі жолында сүбелі үлес қосып келеді, – қор төрайымы.
Қор ұйымдастырған шағын футбол сайысы мен қол күрестен аудандық турнир мерейлі жылға арналды. Бұл спорттық шараларға аудан жастары белсенді қатысты. Сонымен қатар, 11-12 қараша күндері Сырдария аграрлық-техникалық колледжі мен №36 Ә.Тәжібаев атындағы орта мектебінің мәжіліс залдарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты жолдауын насихаттау шарасы өткізіліп, жастарға қатысты мәселелерге арналған дөңгелек үстелдер мен семинарлар жиі ұйымдастырылады.
Сонымен қатар Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты спорттық сауықтыру кешенінде мемлекеттік мекемеде қызмет атқаратын жастар арасында кіші футбол сайысы өткізілді.
«Сұңқардың» ұйымдастыруымен аудан жастарының арасында өткен қазақша күрес сайысы жанкүйері көп жарыстың бірі болды.
- Жастар арасында «Мен, өз Отанымның патриотымын!» атты әскери-техникалық ойын түрлерін насихаттау және әскери спорттық сайысы, Айдарлы ауылдық округінде шығармашылық байқау, «Жастар болашақтың кепілі» туристік слеті, республикалық «Біртектілік идеясы» аясындағы «Жайдарман» ойындары, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылатын шаралар жастар саясатын жүзеге асыруды жандандырудағы жақсы бастамалар болды,- дейді Ж.Сұңқарбаева.