СУДЬЯЛАРДЫҢ ӘДЕП КОДЕКСІ – СУДЬЯЛАРДАН АНТҚА АДАЛ БОЛУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ
Қазақстан Республикасының Конституциясының алғашқы бетін ашып қараған кез келген адам, Ата Заңымыздың бірінші бабының, бірінші бөлігінде Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратын, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп негіздеп, анықтағанын көреді.
Ал, құқықтық мемлекеттің белгісі сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады, яғни Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Ата заңымызға сәйкес, сот билігінің Қазақстан Республикасының атынан асырылуы еліміздің тұтас тәуелсіздігінің нышанын көрсетеді, ал судьяның сот төрелігін іске асыру кезінде Конституция мен заңға бағынуы – соттың тәуелсіздігінің айқын бейнесі.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында республика судьяларының VII съезін өткізу құқықтық демократиялық мемлекет қалыптастырудағы сот билігінің маңызды екендігін көрсетеді.
Осы судьялардың басқосуында қабылданған маңызды құжаттардың бірі - Судьялардың жаңа жүріп-тұруының әдеп қағидаттары мен қағидалары кодексі (Судьялардың әдеп кодексі). Ең алдымен бұл құжаттың Елбасы тапсырмасы бойынша дайындалғанын, оның үлкен ізденістің, терең талқының жемісі екенін айта кеткеніміз жөн. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы басшылыққа алына отырып, дайындалған кодексте судьялардың тәуелсіздігіне, объективтілігіне, адалдығы мен сатылмайтындығына, теңдігіне, әдеп нормаларын сақтауына, құзыреттілігі мен ұқыптылығына қатысты судьялардың жүріп-тұруының қағидаттары мен қағидалары көрсетілген.
Судьялардың әдеп кодексі судьялардан антқа адал болуды талап етеді. Сондай-ақ, судья өзінің кәсіби қызметін атқарған кезде заңға бағынуға және кез келген сырттан ықпал етуге жол бермеуге, сот процесіне тікелей немесе жанама араласуға қарсы тұруға тиістігі ескертілген.
Кодекске сай, судья сот отырысын жүргізудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге, өзін лайықты, әдепті ұстауға және процеске қатысушылар мен басқа да сот отырысына қатысушы адамдардан сондай жүріп-тұруды талап етуге, сот төрелігінің әділдігіне қатысып отырған адамдардың күмәнін туғызбауы үшін шаралар қолдануы тиіс. Судья сот төрелігін жүзеге асыру барысында ұдайы шиеленістер мен қайшылықтар алаңында тұрады. Бұл олардан мейлінше ұстамды, сабырлы, салиқалы, іскер де тапқыр, тез шешім қабылдай алатын, жоғары парасат иесі болуды талап етеді.
Қазының заңды күшіне енбеген сот шешімдерінің заңдылығына қатысты жария мәмілелер жасауына да тыйым салынған. Өйткені мұндай жағдай сот жүйесінің абыройын түсіруі, сот төрелегінің мүдделеріне залал келтіруі мүмкін.
Сот пен БАҚ арасындағы байланысты нығайтуға серпін береді деген үміт бар. Себебі, мұнда судьяның бұқаралық ақпарат құралдарында сот қызметінің кәсіби тұрғыда көрсетілуіне ықпал етуі керектігі дәйектелген. Әділ сот билігін атқаруға құзыреттілік берілген кешегі өткен билер де, қазіргі судьялар да халықтың мұң-мұқтажын, талап – тілегі мен шағым өтініштерін тыңдап, шындықты жақтап, өзі өмір сүрген қоғамның әділдік ұстанымдарына қызмет етіп келеді. Олардан кәсіби ерекшеліктеріне қарай заңдарды, елдің салт-дәстүрі, жөн-жоралғыларын жақсы ғана біліп қоймай, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, қабілетімен ғана емес, жеке бастарының қадір-қасиетімен де үлгі-өнеге көрсете білуі талап етіледі.
Соңғы жылдары жемқорлықпен күреске, кеселдің алдын алуға басымдықтың беріліп келе жатырғаны белгілі. Бұл өзекті мәселе Судьялардың әдеп кодесінде де ұмыт қалмаған. Судья оның сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметіне байланысты сыйлықтарды, жеңілдіктерді, артықшылықтарды, өтеусіз көрсетілетін қызметтерді немесе өзге көмекті өзінің алмағаны және отбасы мүшелеріне, сондай-ақ, өзінен тікелей процестік тәуелділіктегі адамдарға оларды алуға рұқсат бермегендігі жөн деген талаптары сот құрылымының жемқорлыққа қарсы нақты ұстанымын көрсетсе керек.
Кодексте судья сот билігінің беделін түсіретін, абырой-беделіне нұқсан келтіретін және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде, тіпті жұмыстан тыс өзге уақыттарда да судьяның мінез-құлқы мен сыртқы келбеті оның атқарып отырған лауазымына сәйкес болып, қызметін өзінің жеке басының қамын күйттеуге немесе отбасы мүшелерінің мүдделері үшін пайдаланбауға тиіс екендігі Кодексе егжей-тегжейлі жазылған.
Қорытындылай келгенде, Қазақстанда құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолында судьялардың кісілік келбеті, моральдық бейнесі, тазалығы назарға алынуы заңды құбылыс деп қабылдағанымыз дұрыс.
Г.Искакова –
Қызылорда қаласының мамандандырылған
әкімшілік сотының судьясы,
Судья әдебі жөніндегі комиссиясының мүшесі.