ӘДІЛДІКТІҢ АДАЛ ЖОЛЫНДА
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен тұспа-тұс келген Қазақстан Республикасы судьяларының кезектен тыс VII съезі 2016 жылдың 21 қарашасында болып өтті.
Қазақстан Республикасы егемен ел атанып, тәуелсіз даму жолына түскен жылдар ішінде еліміздің саяси өміріндегі басты жетістіктерінің бірі ретінде сот-құқықтық реформаның сәтті және табысты жүзеге асырылғанын бағалауға болады.
Мемлекетіміздің басты байлығы – Қазақстан халқының Ата Заңымызбен және басқа да заңдармен қорғалатын құқықтарын және бостандықтарын қамтамасыз ету жолындағы Қазақстан Республикасы сот жүйесінің рөлі мен еңбегі, бүгінде қоғам игілігіне айналды десек, артық айтпаған болар едік.
Қоғамдық қатынастардың орынды шешілуі, заңдылық принципінің басты бағаға ие болуы, қабылданған сот қаулыларының пәрменділігі мен тиімділігі, бұқара халықтың соттар қызметіне деген сенімінің артуы және басқа да көрсеткіштер сот жүйесінің саяси беделі мен қоғамдағы орнын анықтайтын шынайы факторларға айналды.
Қоғам болғаннан кейін әрбір саяси жүйенің мемлекет алдында, халық алдында есеп беріп, атқарған қызметтерін саралайтын, болашақтың бағыты мен бағдарын айқындайтын белгілі бір кезеңі, тарихи тыныс алатын уақыты болады.
Міне, Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде мемлекет мәртебесінің бірден-бір өлшемі болып саналатын сот жүйесін одан әрі жетілдірудің жолдары талқыға түсті.
Судьялардың әрбір съезін қоғам өміріндегі айтулы шаралардың бірі деп бағалаған жөн.
Қазақстан Республикасы судьяларының кезектен тыс VII съезі судьялардың жаңа жүріп-тұруының әдеп қағидаттары мен қағидалары кодексінің қабылдануымен есте қалмақ.
Судьялардың әдеп кодексі бұрын да болған. Ол судьялардың V съезінде қабылданғаны баршамызға мәлім. Бірақ, одан бері қаншама жылдар өтті. Осы жылдар аралығында еліміздің әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірінде үлкен жаңалықтар орын алды. Бұл жаңалықтар сот жүйесін де айналып өтпейтіні анық. Үлкен талқыдан өтіп,судьялардың VII съезінде қабылданған кодекс сот құрылымы үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін маңызды құжат болып табылады.
Ата Заңымыздың сақталуын қамтамсыз ететін бірден-бір орган бола тұра, сот – ерекше қызметтік өкілеттіктерге ие, мемлекет пен халық игілігіне қызмет етеді.
Бүгінде, сырғып өткен сындарлы жылдардың қорытындыларына назар аударатын болсақ, сот жүйесі саласындағы бірталай күрделі мәселелердің шешіліп, жауапкершілігі белгіленген үлкен міндеттердің абыроймен орындалғанына көз жеткізуге болады.
Ең басты қорытынды – азаматтар мен қоғамның сот жүйесіне, судьялардың қызметіне деген көзқарастары өзгеріп, олардың сенімінің артқаны деп бағалау қажет.
Еліміздің экономикасының қарышты дамуы, инвестиция, индустриаландыру, инновация салаларындағы реформалық шаралардың жүзеге асырылуы жаңа қоғамдық қатынастардың дамуына және жаңа заңдардың қабылдануына өз ықпалдарын тигізуде.
Міне, осы заман көшінен мемлекеттік биліктің дербес саласы сот билігі де кеш қалмау қажет, яғни елімізде қалыптасқан сот өндірісі мен сот жүйесі үнемі жетілдіру және оны нығайту бағытында дамуы қажет.
Әрине, сот төрелігін жүзеге асырудағы басты көрсеткіштердің бірі – сот қаулыларының сапалығы мен заңдылығы болып табылады.
Осы тұрғыдан алғанда, республика судьялары өздерінің терең, жан-жақты теориялық дайындықтарын ақталған өмір тәжірибелерімен ұштастырып, өз міндеттерін абыроймен атқаруда.
Сот-құқықтық реформасы белгілі бір мақсатқа жеткеннен кейін тоқтап қалатын құқықтық құбылыс емес, керісінше, ол қоғамдық қатынастармен бірге дамитын, әр кездегі қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуын құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ететін, үнемі жаңашыл өзгерістермен толықтырылып, жетілдіріліп (қоғамның сұранысын ескере отырып) тұратын процесс екенін естен шығармауымыз керек.
Қоғамның дамуына байланысты, сот төрелігін жүзеге асырушы негізгі тұлға – судьяларға да қойылатын талаптар мен жүктелген міндеттердің мазмұны өзгеріп отыруы заңдылық ретінде қабылдануы тиіс.
Республика сот жүйесінің алдында әлі талай алынбаған асулар, ауқымды міндеттер, айқын мақсаттар бар.
Сот жүйесінің дамуы мен судьялар қызметін халық игілігінен, қоғамның мүддесінен бөлек қарауға болмайды.
Әділеттің адал жолында талмай еңбек етіп келе жатқан азамат ретінде өз бақытын Отанына, халқына қалтқысыз қызмет жасау деп білетін, «қара қылды қақ жарудан» талмайтын, әділетсіздікке бармайтын әріптестерімнің еңбектеріне оң нәтиже, тиянақты табыс тілеймін.
М.Ибрашев -
Қазақстан Республикасының
Судьялар одағының мүшесі,
Қызылорда қаласының
мамандандырылған
әкімшілік сотының төрағасы.