МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаментінде департаменттің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 31-негізгі бұйрығымен бекітілген жалпыға бірдей құқықтық шеңберінде оқу жоспарын орындау мақсатында департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес–баршамызға ортақ міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Жемқорлықпен күресті күшейту, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы туралы, заңнама бұзушылықтарды болдырмау және заң талаптарын қатаң сақтау бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Қабланбек Абдраманов департамент қызметкерлеріне лекция оқып, түсіндірме жасады.
Дөңгелек үстөл барысында лектормен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бойынша қызметкерлердің берілген сұрақтарына жауап берілді.
Қызылорда облысының Статистика департаменті
Дөңгелек үстөл барысында лектормен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бойынша қызметкерлердің берілген сұрақтарына жауап берілді.
Қызылорда облысының Статистика департаменті