ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Біз тәуелсіз елдің дәрігерлеріміз» атты акцияны қолға алды. Аймақ медицинасының тәуелсіздік жылдардағы жеткен жетістіктері мен жаңалықтарын насихаттау мақсатындағы шара облыстық медициналық орталықтан басталды.
Бүгінде Сыр медицинасында тың серпіліс бар. Сөзіміздің айқын дәлелі облыстық медицина орталығында бір күнде қырыққа жуық ота жасалады. ОМО-та 2009 жылдан бастап кардио орталық ашылып, бүгінгі күнге дейін мыңнан астам науқастың жүрегіне ашық ота жасалған.
1997 жылы республикада бірініші болып, облыстық ауруханалар арасында, Қызылордалық дәрігерлер лапроскопиялық ота жасады. Отаның ерекшелігі – науқасты кеспей, лазер арқылы сылып тастау. Отадан кейін науқас бірден тұрып, бірнеше күнде үйіне шығып кете береді. Бұл – біздің дәрігерлеріміздің жаңашылдықты тез игергендігінің куәсі еді. Үрдіс әлі де жалғасып келеді.
- Бүгін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, облыстық медицина орталығында орталықтың хирургтары 41 науқасқа ота жасады. Оның ішінде ашық жүрекке ота, тізе-буынын ауыстыру, бас-ми жұлынына микро оталар, ішкі ағзаларға лапроскопиялық жаңашылдық, қуық бездеріне оталар, гинекологиялық сылулар және инсульт, инфарктың алдын алатын тамыр оталары жасалды, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. -Қазір жасыратыны жоқ инсульт пен инфаркт алатын науқастар саны көп. Осы мақсатта, қант диабеті, қан қысымы, семіздікке шалдыққан, қандағы холестерин көп есепте тұратын облыстың 22 мың тұрғынын тегін тамыр ультра дыбысты зерттеуді қолға алдық. Зерттеу нәтижесінде тамыры тарылған науқастарға, алдын ала ота жасалып, сауықтырылады. Бұл өз кезегінде, осыншама жанды жүрек ауыру мен инсульттан аман алып қалу шарасы.