ЖЕРГІЛІКТІ ӨКІЛДІ ОРГАН-МӘСЛИХАТТЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РОЛІ
Еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болуы үшін халық қалаулылары тарапынан өзекті мәселелерді шешу жолында маңызды шешімдер қабылданып, ел дамуы жолында көптеген игілікті істер атқарылды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері мәслихаттың қоғам өміріндегі орнын көпшілікке түсіндіру, билік пен халықтың алтын көпірі бола білген депутаттардың атқарған толассыз еңбегін жастарға үлгі ету мақсатында облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыруымен «Жергілікті өкілді орган-мәслихаттың қоғамдағы ролі» тақырыбында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің студенттер сарайында конференция болып өтті. Конференцияға Қызылорда облыстық мәслихатының 1-6 шақырылым аралығында сайланған депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат хатшылары, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов кіріспе сөз сөйлеп, ҚР Конституциясы бойынша жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің ерекшелігін баяндай келе, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, тәуелсіздігіміздің баянды болып, елімізге бірлік пен береке тіледі.
Конференция ашық деп жарияланған соң, «Жергілікті өкілді орган-мәслихаттың қоғамдағы ролі» тақырыбында облыстық мәслихаттың 1-6 шақырылым депутаттарының еңбегі мен атқарған игі істерін баяндайтын бейнеролик көрсетілді.
Көрсетілімнен соң Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Қожамберлиев Баймырза Қожамберліұлы «Мәслихаттың қоғамдағы орны мен ролі» тақырыбында, ал Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты Бекетова Қамар Назарбекқызы «Мемлекеттік басқару жүйесінде жергілікті өкілді органдар жұмысын жетілдіру» тақырыбында баяндама жасады.
Ел дамуына үлесін қосқан халық пен биліктің алтын көпірі бола білген халық қалаулыларының еңбегі өлшеусіз. Тынымсыз еңбек етіп, ел жағдайының жақсаруына үлкен үлесін қоса білген ІІ, ІІІ, ІV шақырылған облыстық мәслихат депутаты, ІІ және ІІІ шақырылған облыстық мәслихатының хатшысы, Қазақстан мәслихаттарының «Құрметті депутаты» Алмагүл Божанова: «Мәслихаттың қоғамда қалыптасып келе жатқан сәтіндегі ауқымды мәселелердің шешімі табылды. Облыстық мәслихат депутаттары тарапынан Аралдың экологиялық жағдайына байланысты, жерді жалға беру мәселесі төңірегінде, өңірімізде балабақшалардың жетіспеушілігі жайлы мәселелер көтеріліп, тиісті шешімдер қабылдана отырып, осы шешімдердің халыққа пайдасын тигізіп жатқандығы көңілге қуаныш ұялатты. Сөз соңында халық қалаулыларына айтарым, мәслихаттың 20 жылдық мерейтойында Қазақстан мәслихаттарының «Құрметті депутаты» медальімен бірқатар елге еңбегі сіңген халық қалаулылары марапатталды. Осы медальді кеудемізге тек тағып қана жүрмей, «Құрметті депутат» деген атқа әркез лайық бо лу үшін елдің мұң-мұқтажын ойлап, мәселенің шешілу жолында әркез алдыңғы қатарда жүрулеріңізді тілеймін», -дей келе Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Мәслихат өмірінде өзіндік ерекше орны бар ІІ, ІІІ, ІV, V шақырылған облыстық мәслихат депутаты, Қазақстан мәслихаттарының «Құрметті депутаты» Нұрмұрат Ерманов Тәуелсіз еліміздің ширек ғасыр уақыт ішіндегі даму жолы, алған биік белестері мен толағай табыстары жайлы өз ойын ортаға салды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен болатындығын, осы ширек ғасыр көлемінде еліміз барлық қиындықтарды еңсеріп, халқымыздың әл-ауқаты көтеріліп, тұрмысы түзелгендігін сөз етті. Депутаттың еңбегі еленгені халықтың шынайы ықыласына бөленуі болып табылатындығын тілге тиек етті.
Конференция соңында депутаттар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.