ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР «АЛТЫН ДӘН – 2016» МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
Кеше Қазалы ауданында «Алтын дән-2016» мерекесіне орай ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге қала, кент және барлық ауылдық округтерден келген шаруа қожалықтары азық-түлік, көкөніс өнімдері, отын, қысқы мал азықтарын нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада ұсынды. Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов жәрмеңкені аралап, тұрғындармен тілдесті.
Одан әрі аудандық мәдениет орталығында ауылшаруашылығы саласының қызметкерлеріне арналған «Алтын дән - 2016» мерекесі аталып өтті. Аудан әкімі Н.Шамұратов дала еңбеккерлерін мерекемен құттықтап,жаздың аптап ыстығына қарамастан табан ақы мен маңдай терін өнім молшылығына жұмсаған дихандарға барша халықтың атынан алғыс білдірді. Шарада табысқа жеткен озаттар марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, қазалылық дихандар биылғы жылы егілген 6670 гектар күріштің әр гектарынан 49,6 центнерден өнім жинап, ел қамбасына 33 мың тоннадан астам астық құйды. Бұл ел Тәуелсіздігі кезеңіндегі рекордтық жетістік.
Соңғы жылдары Қазалы ауданында ауылшаруашылығы саласы даму үстінде. Егін шаруашылығында өңіріміздің басты дақылы күріш өндірісінің көлемі 10,7 пайызға өсті. Мал шаруашылығы бойынша қой мен ешкіден басқа мал саны тарихтағы ең жоғары деңгейде болған 1990 жылдан да асты. Ал агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 7,7 есе өсті.
Кейінгі жылдары суармалы судың тапшылығына байланысты қазалылықтар күріш егісінің көлемін 7000-7200 гектар көлемінде қалдыра отырып, гектар түсімділігін көбейту жұмыстарына мән берді. Біріншіден, суармалы суды ысырапсыз пайдалану арқылы жоғары өнім алу үшін жерді тегістеуді бастады. Бұл жұмыс та биыл өз нәтижесін беріп, жерді тегістеу мәселесіне айрықша көңіл бөлген «РЗА-Агро» ЖШС-нің күріші биыл бітік шықты. Тегістелген жерден күріштің әр гектарынан орташа есеппен 56 центнерден, ал кейбір сушылар 80 центнерге дейін өнім алды.
Бәсекеге қабілетті күріш сорттарын аудандастыру және жоғары репродукциялы тұқым пайдалану бағытында да Қазалы халқы нәтижелі жұмыстар жасап келеді. Соңғы 2-3 жылдың ішінде «РЗА-Агро» ЖШС мен «Сыр Маржаны» ЖШС тұқым шаруашылығы статусын алып өздерін және аудан шаруашылықтарын жоғарғы сапалы тұқыммен қамтамасыз етіп келеді.