ПАРТИЯ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫС АУҚЫМДЫ
Жақында облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов пен облыстық мәслихат депутаты Р.Есеновтің қатысуымен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезекті ХІХ есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Конференцияны аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасы Ғ.Қазантаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, бастауыш партия ұйымының төрағалары, Саяси кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, партия белсенділері қатысты.
Жетекші партияның кезекті есеп беру-сайлау конференциясының күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары М.Омаров аумақтық партия филиалы Саяси кеңесінің 2015-2016 жылдары атқарған жұмыстары жайлы хабарлама жасады. Ол өз хабарламасында жыл өткен сайын аудандық партия филиалының Саяси кеңесі мен Бюро мүшелерінің белсенді жұмыстарының нәтижесінде партия мүшелерінің қатары толығып жатқанын айтып, 2015-2016 жылдарда атқарылған жұмыстарға тоқталды. Екі жыл көлемінде партия белсенділерінің қатысуымен қоғамдық саяси жұмыстардың және партиялық жобаларды іске асыру бағытында 210 шара ұйымдастырылыпты.
Қазіргі таңда сырдариялықтар 100 пайыз ауыз сумен қамтылды. Кент тұрғындары тәулік бойы таза ауыз су пайдалануда және орталықтандырылған кәріз жүйесі бар. Ауданның мәдениет саласы да толық жөндеуден өтіп, бірнеше ауылдарда жаңа мәдени ошақтар салынды. Білім саласы бойынша ауданда 2 жаңа мектеп, 2 балабақша салынып, пайдалануға берілді. А.Тоқмағанбетов, Қоғалыкөл елді-мекендеріндегі мектептер күрделі жөндеуден өтті. Жаңа автовокзал құрылысы аяқталды. 3 мың бас бордақылау алаңы жұмысын бастады. Осы жұмыстардың сапалы әрі жүйелі жүргізілуіне атсалысқан нұротандық депутаттар алдағы уақытта да бақылау жүргізеді.
Есеп беру-сайлау конференциясына қатысқан облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов Мемлекет басшысы нұротандықтарға зор сенім жүктеліп отырғанын тілге тиек етті.
- Елбасы егемендік алғаннан кейін мемлекеттің дамуы үшін 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдады. Бұл мерзімінен бұрын орындалып, мұнан соң ұзақ мерзімді 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды. Оның ішінде, ең дамыған 30 елдің қатарына ену жоспары бар. Сол жоспарды Елбасы арнайы «Нұр Отан» партиясының алаңында жариялады. Яғни, мемлекеттің бас жоспары жетекші партияның кезекті жиынында мәлімденуі осы бағдарламаның орындалуы тікелей нұротандықтардың назарында болытынының айғағы, үлкен сенім жауапкершілігі, - деген облыстық мәслихат хатшысы аудандағы ілкімді істерге, ауданнан бастау алған Қоғамдық кеңес жұмысына лайықты бағасын берді.