МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
"Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің мәжіліс залында әлеуметтік көмек саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын және қолжетімділігін арттыруға арналған дөңгелек үстел өтті.
Арнайы жиын барысында облыстық Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамының заңгері Д. Рысбаев қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне "Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша жүргізілген "Жасырын тұтынушы" мониторингінің нәтижесін таныстырды. Оның айтуынша, Қызылорда облысы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында жүргізілген мониторинг кезінде "eGov" порталы арқылы деректерді қазақ тілінде толтыру кезінде мамандық пен қызмет бөлімдері орыс тілінде көрсетілгені анықталған. "Сонымен қатар, "Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті корпорация арқылы алуға жүгінген кезде ХҚКО кеңесшісі біліктілігінің төмен болуынан "eGov" порталы арқылы алынатын қызметті көрсете алмады. Нақтырақ айтсақ, 2-қадамдағы деректерді толтыру бөлігінде еңбек қызметі туралы деректерді толтыра алмады", - деді ол.
Заңгер мониторинг барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген стандарт және Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №380 қаулысына №1 қосымшасымен бекітілген регламент Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына қайшы келетіні анықталғанын жеткізді. "Яғни, Заң бойынша, жұмыс іздеп жүрген адам тіркелу үшін жеке куәлігін, еңбек қызметін растайтын құжат пен білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіпкерлік даярлығының болуы туралы құжат тапсыруға міндетті. Ал, стандарт бойынша, жеке куәлігін әкелсе де жеткілікті", - деп қорытындылады ол.
Макпал Бисембаева