ЖАҢАДАН ҚАБЫЛДАНҒАН КОДЕКС – ҚОҒАМНЫҢ ҚОРҒАНЫС ТЕТІГІ
Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында мемлекеттің міндеті – азаматтардың іскерлік белсенділігін жүзеге асыруына барынша мүмкіндік туғызу екенін, осы мақсатта ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті кезеңін бастау керектігіне баса мән берді. «Елу жылда ел жаңа» демекші заңнамалық базаның заманға қарай жетілуі, өзгеруі заңдылық іс. Бұл мақсатта мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша Қылмыстық кодекстің жобасы әзірленіп, Президенттің қол қоюымен өмірге жолдама алды. Ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне еңбек.
Жаңа редакциядағы Кодекстерді әзірлеудің қажеттілігі – оны ел Конституциясының жаңа нормаларымен, сонымен қатар, осы уақытқа дейін ратификацияланған халықаралық келісімдермен сәйкестендіру болып табылады. Сарапшылар атап өткендей, ұсынылып отырған өзгерістер тергеу органдарының жұмысын елеулі түрде жеңілдетуге және жеделдетуге, қылмыстық істерді жүргізу заңын халықаралық стандарттарға барынша жақындатуға, қылмыстық процеске тартылған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігін күшейтуге бағытталған.
Жалпы, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру Елбасы Жарлығымен бекітілген 2020 жылға дейінгі «Құқықтық саясат» тұжырымдамасына сәйкес болуы шарт. Ал бұл тұжырымдамада қылмыстық заңнаманы халықаралық келісімдермен сәйкестендіру және заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізудің маңыздылығы қарастырылған болатын.
Жаңадан қабылданған кодекс екі бөліктен, яғни жалпы және ерекше бөліктерден, 16 бөлімнен, 73 тараудан және 674 баптан тұрады. Жалпы бөлікте негізгі ережелер, қылмыстық процеске қатысатын мемлекеттік органдар мен адамдар жайлы, дәлелдемелер мен дәлелдеу түрлері, процестік мәжбүрлеу шаралары мен қылмыстық процестегі мәселелер көрсетілсе, ерекше бөлікте қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі жүргізу, қылмыстық істердің соттылығы, бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу, соттың үкімдері мен қаулыларын апелляциялық және кассациялық тәртіппен қайта қарау, сот шешімдерін орындау, соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу, ерекше іс жүргізу, қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық, процестік келісім жасалған істер бойынша іс жүргізу, істер бойынша алқабилердің қатысуымен іс жүргізу, үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізу, өтпелі және қорытынды ережелер көрсетілген.
Бұрынғы кодекстің де, жаңа кодекстің де көздейтін мақсаты бір. Екеуі де азаматтарымыздың мүдделерінің заң талаптарына сай қорғалуын, әділеттікті қалыпқа келтіріп, қоғамға қауіп төндіретін әрекеттерге шара қолданып, алдын алуды басты мақсат етеді. Алайда жаңа кодекстің баптарының мазмұны, төркіні басқаша өрілген. Екі заңнаманы салыстыра отырып, жаңа заңнамада кейбір қылмыстар үшін тағайындалатын жазалар жеңілдетілсе, кейбір аса ауыр қылмыстар бұрынғыдан да қатаңдатылғанын атап көрсетуге болады. Енді қылмыстық жауаптылықты көздейтін екі кодекстің негізгі айырмашылықтарын, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды саралап түсіндіріп өтсем. Біріншіден, жаңа қылмыстық кодекс бойынша енді қылмыстық қудалау органы қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығармайды. Ал, екіншіден, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысаны, қолданыстағы анықтау, алдын ала тергеу нысанынан бөлек, хаттамалық нысанда іс жүргізілетін болады. Сонымен қатар, хаттамалық нысанды қоспағанда, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру, яғни қазіргі УДП формасында іс жүргізуге болады. Үшіншіден, енді тергеуші, анықтаушы, анықтау органымен қылмыс жасаған күдіктіге айып тағылмайды. Бұл функция жаңа кодексте прокурордың құзіретіне берілген. Төртіншіден, сот органынан қылмыстық істер қосымша тергеуге қайтарылмайды. Ол жақта қылмыстық істер бойынша тек айыптау немесе ақтау үкімдері шығарылатын болады. Және, бесіншіден, нысан карточкалары барлығы электронды форматта жүргізіледі, бұл дегеніміз қағаз карточкалары енді болмайды.
Сондай-ақ, жаңа редакцияланған кодекс бойынша азаматтардан түскен арыз-шағымдардың тіркелу тәртібіне де өзгерістер енгізілді. Ішкі істер бөліністеріне түскен әр түрлі нысандағы қылмыс туралы хабарламалар, арыз-шағымдар және өзге де хабарламалардың барлығы кезекші бөлімдерде құжаттарды тіркеу кітабына тіркелетін болады. Содан нақты қылмыс белгілері бар арыз-шағымдар электронды форматтағы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне енгізіледі. Бұл дегеніміз – аталған арыз-шағым бойынша сол мезеттен бастап қылмыстық іс козғалып, оған тіркеу нөмірі берілді деген сөз. Жаңа Қылмыстық-процестік кодекстің талабына сәйкес, қылмыстық қудалау органы қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығармай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізеді. Барлық нысанды статистикалық карточкалары электронды форматта жүргізіледі, қағаз түріндегі карточкалар енді болмайды.
Кезекші бөлімге түскен арызда, хабарда әкімшілік құқық бұзушылық, не тәртіптік теріс қылық белгілері туралы мәліметтер болған кезде, бұл құжаттар 3 тәулік ішінде ілеспе хатпен мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға беріледі. Ал егер де келіп түскен арызда, хабарда олар бойынша қылмыстық қудалау жекеше тәртіппен жүзеге асырылатын мәліметтер болған кезде, құжаттар соттылығы бойынша сотқа жолданып, ол туралы арыз иесіне хабардар етіледі.
Сонымен қатар, жаңадан қабылданған қылмыстық кодекс бойынша 156 бап негізінде қылмыстық теріс қылықтар белгіленіп, осы баптар негізінде анықтау органымен хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуге болады.
Ал енді жаңадан қабылданған қылмыстық кодекске келсек, бұл заң да келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді. Аталған заң жалпы және ерекше бөліктерден, 7 бөлімнен, 18 тараудан және барлығы 467 баптан тұрады. Қазіргі қолданыстағы кодекстен ерекшелігі бұл заңға қазіргі әкімшілік құқық бұзушылық кодекстен 46 бап енгізілсе, колданыстағы қылмыстық кодекстен 103 бап және де жаңадан 7 бап, яғни барлығы 156 бапты құрайтын қылмыстық теріс қылықтар енгізіліп отыр. Бұл баптар бойынша жоғарыда атап өткендей хаттамалық нысанда істерді сотқа жолдауға болады. Және де бір ерекшелік, бұл баптар бойынша соттан өткен тұлғалардың артында соттылық болмайды, яғни ол азаматтар кейін бұрын сотты болған тұлға ретінде танылмайды.
Тағы бір айта кетерлік жайт, жаңадан редакцияланған қылмыстық кодексте қолданыстағы заңға қарағанда ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар, медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар тарауы жаңадан енгізіліп отыр. Көптеген баптар бойынша, яғни барлығы 472 баптардың бөліктері негізінде жаза ретінде айыппұл салу, көп жағдайларда түзеу жұмыстары жаза ретінде қолданылған. Жалпы айтқанда, заң шығарушы бұл заңды қабылдай отырып, қылмыстық жазаны гуманизициялау бағытына бет бұрып, қылмыс жасаған тұлғаны көп жағдайларда бас бостандығынан айырып, түрме орындарындағы адамдар санын көбейту емес, керісінше оған жаза ретінде оның каржылық мәселесін әлсірету бағытында жасалынып отыр. Міне, негізгі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодестеріндегі қағидалар осы.
Жоғарыда аталған кодекстер 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетінін жоғарыда айтып өткен болатынмын. Енді осы жаңа кодекстерді қолданғанда қиындықтар туындамауы үшін тергеушілер мен анықтаушыларға осы жаңа кодекстер аясында жұмыс жүргізуді үйретіп, қылмыстық іс-әрекеттер бойынша оқытылуы тиіс қой. Осы бағытта, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі №278 өкімімен бекітілген қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі іс-қимылдың Бірыңғай мемлекеттік жоспарының сапалы және уақытылы орындалуын ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына орай, жұмыс тобының іс-шаралар жоспары және кестесі жасалған болатын. Осы жоспарға сай, тамыз айының 6-сы мен 9-ы аралығында Елордамыз Астана қаласында Ішкі Істер Министрлігінде жаңадан қабылданып отырған қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерімен таныстыру-талқылау мақсатында өткізілген семинар отырысына барып кайттық. Ол жерде Республиканың Ішкі істер органдарының барлық өңірлерінен келген қызметкерлерге ІІМ-нің Тергеу Комитеті және басқа да сала басшылығымен осы жоғарыда айтылған тақырыптарда семинар сабақтар өткізілді. Көптеген сұрақтарға нақты жауаптар алып, біліктілігімізді шыңдап, тәжірибе алмасып келдік. Жалпы айтқанда, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде мамыр айынан бастап осы жаңадан қабылданған кодекстерді жеке құрамға түсіндіру, халықты ақпараттандыру мақсатында бірнеше семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, интернет- конференциялар, селекторлы режимде сабақтар ұйымдастырылды. Бұл өткізілген барлық іс-шаралардың көздеген мақсаты бір, яғни халықты жаңадан қабылданған заңнамалармен таныстыру болып табылады.
Қорытындыда айтарым, заң бәріне ортақ. Даңқты батыр, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы «Тәртіпсіз ел болмас, тәртіпке бағынған құл болмас» деген емес пе?! Тәртіпке, заңға бағына отырып қана, Елбасы көрсеткен әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосыларымыз хақ. Ал, дамыған елдің қатарында көрінуге ықпал етер бірден-бір жол – заман талабына, халықаралық стандартқа сай заңнаманың болуы. Біз жалпы елдің құқығын талапқа сай қорғап, халықтың еркін өмір сүруіне жол ашатын кодексті қолданысқа енгізе отырып, заңнамамыздың халықаралық дәрежеге жеткіздік деп айта аламын. «Заманына сай талабы» демекші, осы жаңа редакцияда қабылданған кодекстер барлығымызға оң ықпалын тигізіп, өмір сүру қалпымызға, халықтың құқықтық сауаттылығының жақсаруына біраз өзгерістер жасарына сенім білдіремін.
А.ЖАНАЗАРОВ,
Қызылорда ОІІД анықтау басқармасы бастығы,
полиция полковнигі